Паскаль – программалау тілі. Паскаль тілінің негізгі элементтері. Тілдің алфавиті. Программалау тілінің синтаксистік диаграммалары. Тілдің қарапайым обьектілері. Программа құрылымы

1359

Сабақтың тақырыбы:       Паскаль – программалау тілі. Паскаль тілінің негізгі элементтері. Тілдің алфавиті. Программалау тілінің синтаксистік диаграммалары. Тілдің қарапайым обьектілері. Программа  құрылымы

Сабақтың  мақсаты:  

            Білімділігі:    Оқушыларға Паскаль программалау тілі және оның негізгі элементтері, Паскаль ортасы туралы толық түсінік беру;

Дамытушылығы: Оқушыларды алгоритмнің командаларымен және құрылыммен таныстыра отырып, алгоритм құру дағдыларын қалыптастыру, логикалық ой-өрістерін дамыту;

Тәрбиелік:    Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі:    Аралас сабақ

Сабақтың барысы:   

  1. Ұйымдастыру
  2. Өткен материалды қайталау
  3. Жаңа сабақты түсіндіру
  4. Сабақты бекіту
  5. Үйге тапсырма

Өткен материалды қайталдау сұрақтары

  • Алгоритм командалары есеп шартына байланысты қалай бөлінеді?
  • Жай және құрама командалардың айырмашылықтары қандай?
  • Сызықтық алгоритм дегеніміз не?
  • Тармақталу алгоритмі мен циклдік алгоритмнің айырмашылығы қандай?
  • Компьютерде есеп шығару қандай кезеңдерден тұрады?

Жаңа сабақты түсіндіру

Паскаль тілін 1968-1971 жылдары Швейцарияда профессор Никлаус Вирт оқып-үйренуге қолайлы программалау тілі ретінде ұсынған болатын. Паскаль тілі өзінің қарапайымдылығының және тиімділігінің арқасында дүние жүзіне тез таралды.

Бұл тілде жазылған программа компьютерде орындалу барысында алдымен трансляцияланады (машина тіліне аударылады), объектік программаға түрлендіріледі де, содан кейін ғана орындалады.

Паскаль тілінің негізгі элементтері

Паскаль тіліндегі программа жеке-жеке жолдардан тұрады. Оларды теру, түзету арнайы мәтіндік редакторлар арқылы атқарылады. Программада әрбір жолдан кейін нүктелі үтір (;) қойылады.

Паскаль тілінде программа үш бөліктен тұрады: тақырып, сипаттау бөлімі және операторлар бөлімі.

Кез-келген программа Program сөзінен басталып, оның тақырыбы жазылады. Бұл бөлім программадағы айнымалылар, тұрақтылар тәрізді объектілердің жалпы қасиеттерін алдын ала анықтап алуға көмектеседі.

Программаның соңғы және негізгі бөлімі операторлар бөлімі – болып табылады.

Орындалатын іс-әрекеттер, командалар осы бөлімде орналасады. Ол begin түйінді сөзінен басталып, барлық атқарылатын операторлар (командалар) тізбегі жеке-жеке жолдарға жазылып біткен соң end түйінді сөзімен аяқталады.

Тілдің алфавиті

Тілдің алфавиті программаның элементтерін құруда қолдануға болатын символдар жиынынан тұрады. Оған әріптер, цифрлар және арнайы белгілер (символдар) жатады.

Тіл ерекшіліктеріне қарай символдар тобын шартты түрде төмендегі топтарға жіктеуге болады:

  • атаулар (идентификатор);
  • цифрлар;
  • айыру белгілері;
  • арнайы символдар.

Атау символдары ретінде латын алфавитінің 26 әріпі мен цифрлары қолданылады.

Арнайы символдарға пунктуация және арифметикалық операция (амалдар) белгілері жатады.

Арифметикалық амал белгілері:

(+) – қосу;                                (-) –азайту;

(*) – көбейту;                          (/) – бөлу.

DIV –  және (логикалық көбейту) операциясы;

MOD –  қалдықты табу. Мысалы: 10 MOD 3 амалының нәтижесі 1;

Логикалық амал белгілері:

AND –  және (логикалық көбейту) операциясы;

OR –  немесе (логикалық қосу) операциясы;

NOT –  емес (терістеу немесе жоққа шығару) операциясы;

XOR –  арифметикалық немесе амалы;

SHL –  биттер (1 мен 0-дер)тіркесін солға ығыстыру;

SHR – биттер (1 мен 0-дер)тіркесін оңға ығыстыру;

Айыру белгілеріне бос орын, барлық басқару символдары, тыныс белгілері, ENTER (келесі жолға көшу) пернесін басу белгісі және түсініктемелер жатады.

Сонымен айыру белгілері: ____ (бос орын);  , (үтір);  . (нүкте);  : (қос нүкте);  ; (нүктелі үтір) ;    `  (апостроф); (;); [;] ; {;}.

Қатынас таңбалары немесе салыстыру белгілері: = (тең),  <>(тең емес),  < (кіші),  >(үлкен),        <=  (кіші не тең),  >= (үлкен не тең).

Программалау тілдерінде «өрнек», «операторлар», «тіл синтаксисі» мен «семантикасы» ұғымдары кең пайдаланады.

Арифметикалық немесе логикалық амалдар таңбасымен біріктірілген айнымалар атаулар, функциялар, жиымдар т.б. мағынасы бар сөздер тізбегі — өрнек деп аталады.

Программалау тілінің белгілі бір іс-әрекетті орындай алатын тиянақты мағынасы бар ең қарапайым сөйлем – оператор деп аталады.

Тілі объектілерін, яғни программадағы пайдаланылатын мәліметтердің құрылымы мен ұйымдастырылуын алдын ала анықтайтын сөйлемдер жиыны — программаның сипаттамасы болып табылады.

Синтаксистік диаграммаларда екі геометриялық фигура тіктөртбұрыш және (кейде дөңгелек) кең пайдаланады. Тіктөртбұрыш ішінде тілдің анықталатын элементтер ал элипс ішінде терминалдық символдар, яғни анықтауды қажет етпейтін таңбала жазылады.

                                                 Тілдің қарапайым объектілері

Тілдің қарапайым  объектілеріне «сан», «идентификатор», «тұрақты», «айнымалы», «функция» және «өрнек» ұғымдары кіреді. Программадағы негізгі амалдардың орындалуын керекті мәліметтердің сандық, логикалық немесе символдық (литерлік) мәндері болады.

  1. Сандар. Сандар мен айнымалылар бүтін және нақты болып бөлінеді. Дербес компьютерде бүтін сандар ағылшынша integer, нақты сандар real деп жазылады.

Мысалы: Бүтін сандар: +4, -100, 15743,0 т.б. Нақты сандар: 2.65, 0.5, -0.856, -6.0.

  1. Атау – идентификатор (identification – объектің белгілі бір символдар тіркесін сәйкестігін бекіту) программаны және прграммадағы тұрақтыларды, типтерді айнымалаларды, функцияларды, файлдарды т.б. белгілеп жазу үшін қажет.

Идентификатор – міндетті түрде әріптен басталанатын сандар мен әріптердің тізбегіне тұратын атау.Мысалы: Х, Х1, СҮММА, Р23РН6, МТ54АР т.б.

  1. Тұрақты немесе константа деп программаның орындалу барысында бірден сандық мен берсек де немесе оны программаның сипаттау бөлімінде идентификатор түрінде белгілеп алып мән берсек те болады. Олар сандық, символдық, логикалық және тіркстік (integer, real, boolean, cha string) мәндерді қабылдай алады. Логикалық түрдегі тұрақтылар – true (ақиқат) немесе fallig (жалған) мәндерінің біріне ие бола алады.

Мысалы: x = 25; y = -0.5; z = 4E15;  g = 9.8; pi = 3.14 т.б.

  1. Айнымалылар деп программаның орындалу барысында әр түрлі мәндерді қабылдай алатын шамаларды айтады. Олар идентификаторлармен белгіленіп, әр уақытта ір түрлі мәнге ие бола алады. Айнымалылар атауы сипаттау бөлімнде var түйінді сөзінен кейін орналасады да, атауынан кейін қос нүкте қойылып, айнымалының типі көрсетіледі.

Паскаль тілінің программасы блоктардан құрылады. Қандай да бір блок ішінде кішігірім блоктар орналасуы мүмкін. Блоктар екі бөлімнен тұрады, олардың алғшқысы мәліметтерді сипаттау бөлімі, ал екіншісі – сол мәліметтерді пайдаланып, әр түрлі әрекеттерді (операцияларды, амалдарды) атқару бөлімі.

Міндеттерді сипаттау бөлімінің болуы міндетті емес, ал екінші негізгі бөлімі болуы міндетті. Басқа блокқа кірмейтін блок негізгі (глобальді) блок болып саналады блок ішіндегі блок – жергілікті (локальді) блок деп аталады.

Программа тақырыбы
блок

 

 

                                                                                                                                             

 

Программа құрылымның диаграммасы

Паскаль тілінде кез келген программаның тақырыбы, одан кейін ипаттау бөлімі және begin және end сөздерімен қоршалған операторлар бөлімі болуы керек. Сипаттау бөлімі толық жағдайда, 7 бөліктен тұрады, олар:

  1. программамен байланысатын кітапханалық модульдер атауларының тізімі (ол түйінді сөзімен басталады);
  2. белгілерді (label) сипаттау:
  3. тұрақтыларды (const) сипаттау;
  4. мәліметтер типтерін (type) анықтау;
  5. айнымалыларды (var) сипаттау;
  6. процедураларды (procedure) сипаттау;
  7. функцияларды (function) сипаттау;

Белгілерді сипаттау. Белгі программаның бір жолын, яғни бір операторын ерекшелеп белгілеу үшін қолданылады. Бұл белгі арқылы қажетті жағдайда программаның кез келген жолынан осы белгісі бар операторға көшіп, оны қайталап кезексіз орындауға болады.

Тұрақтыларды сипаттау. Программадағы тұрақтылар өз мінін (мысалы, 5, 14, 13.5 т.б.) немесе оған қойылған атау арқылы белгілеуі мүмкін.

Пішімі: const атау 1=мәні; атау 2 =мәні;…., атау n =мәні;

                Мысалы, const рі =3.14; е =2.7; a = `bol`; max = 1000;

                Айнымалыларды сипаттау. Программада пайдаланатын айнымлы шамалардың атаулар тізімі және олардың топтастырылып көрсетілген типтері төмендегі пішімде сипаттау бөлігінде көрсетілуі қажет.

Пішімі: var   айнымалы атауларының

тізімі:                         тип:

Мысалы:  var af, m, n:                      integer;

h, sg:                               real;

d, ch:                             char;

kd, b:                            boolean;

Операторлар бөлімі

Программаға енетін айнымалылар мен тұрақтыларды, сандарды пайдаланып түрлі әрекеттер (нұсқау, жарлық) орындай алатын сөйлемдерді Паскаль тілінде операторлар, ал алгоритмдік тілде командалар деп атайды. Операторлар қарапайым және күрделі (құрама командалар) деп екі топқа бөлінеді. Вegin және end түйінді сөздері операторлық жақшалар деп аталады. Оператор дегенімізалгоритмді жүзеге асыру барысында орындалатын іс-әрекеттерді анықтайтын тілдің қарапайым сөйлемі. Олар жазылу ретіне біртіндеп бірінен кейін бірі тізбектей орвндалады.

Операторлардың жалпы жазылу түрі:

Вegin

1-оператор;

2-оператор;

………………..;

n-1- оператор;

n-оператор

end.

Паскаль тіліндегі операторлар қарапайым және құрама (күрдлі құрылымды) болып екіге бөлінеді.

Қарапайым операторлар деп құрамына басқа операторлар енбейтін (меншікте шартсыз көшу, процедура шақыру) операторларды айтады.

Құрама операторлар біренше операторлардан құралады, оларға: Шартты операторларды таңдау операторы, қайталау операторлары жатады.

Операторлар

 

 

 

 

 

Меншіктеу операторы
Енгізу-шығару операторы
Басқару операторы
Функция мен процедураларды анықтау операторлары

 

 

 

 

 

 

Операторлардың жіктелуі

 

Паскаль тілінің қарапайым операторлары

              Меншіктеу операторы. Меншіктеу операторы барлық тілде пайдаланатын негізгі оператор болып табылады. Математикадағы қарапайым теңдеу тәрізді айнымалылар сандық мән беру бұл жағдайда меншіктеу операторы деп аталады.

Меншіктеу операторы жазылан өрнектердің мәнін есептеп, оны айнымалы меншіктеу үшін қолданады. Өрнек мәнінің типі айнымалының типіне міндетті түрі сәйкес келуі тиіс. Оператордың жазылу ережесі: <айнымалы атауы>: = <өрнек>;

Мұндағы <айнымалы атауы> — айнымалы идентификаторы, : = — меншіктеу белгісі, <өрнек> арифметикалық өрнек немесе сан.

Бұл оператор екі міндет атқарады:

  1. Айнымалылардың белгілі мәндері бойынша арифметикалық өрнектін сандар

мәнін есептейді.

  1. Табылған мән айнымалы атауына меншіктеледі, яғни анықталған мән санды

Айнымалыға сәйкес компьютер жады ұяшығыа орналасады.

Көшу операторы. Көу немесе шартсызкөшу операторы операторлардың рет-ретімен орналасуын бұзып, келесі атқарылуды, яғни белгісі бар операторға көшуді орындайды. Бұл оператор GOTO (көшу) түйінді сөзінен басталады да, одан кейін LABEL бөліміне сипатталған белгі атауы жазылады. Көшу операторының форматы:

GOTO <белгі >;

мұндағы <белгі > — LABEL бөлімінде сипатталған белгінің біреуі.

Мәліметтерді енгізу операторы READ (ағылшынша оқу). Оператордың жалпы

түрі.

READ(al, a2,…,an);

READLN(al, a2,……,an);

READLN;

 Шығару операторы. Паскаль тілінде нәтижені экранға шығару үшін WRITE

операторы қолданылады.

WRITE (al, a2,…,an);

WRITELN(al, a2,……,an)

  1-мысал.  Екі  санның қосындасын табу программасын құру керек.

Program kosindi;

Var a, b, x  integer;

Begin

Write (‘a, b-сандарын енгіз’);

Readln(a, b);

X:=a+b;

Writeln(‘x =’,x);

End.

 

 

Сабақты бекіту сұрақтары

  • Паскаль тілі қай жылдардан бастап қолданыла бастады?
  • Паскаль тілінде программа неше бөліктен тұрады?
  • Ғ10 пернесінің қызметі қандай?
  • Ғ5 пернесінің қызметі қандай?
  • Паскаль тілінде программаны тексеру қай перненің көмегімен орындалады?
  • АІТ + Ғ5 пернесі қандай қызмет атқарады?
  • Программаны орындауға жіберу қандай пернелер комбинациясы арқылы орындалады?

 

Үйге тапсырма: §4 27-32бб  оқу.