МS Word редакторында мәтіндік құжат құру, мәтінді пішімдеу

90

Сабақтың тақырыбы: МS Word редакторында мәтіндік құжат құру, мәтінді пішімдеу

а) білімділік:МS Word редакторында мәтін жазу ережелерін, мәтін

бөліктерін    ерекшелеу әдістерін, қаріптер көмегімен мәтінді пішімдеу

тәсілдерін үйрету.

ә) дамытушылық:мәтіндік процессорды жүктеуді, редакторда жұмыс істеуге

дағдыландыру.

б) тәрбиелік: ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:аралас сабақ.

Сабақтың көрнекілігі:оқулық, дәптер, дербес компьютер, слайдтар, интерактивті

тақта.

Сабақтың жүрісі:І. Ұйымдастыру.

1.Оқушыларды түгендеу

  1. Сынып тазалығына көңіл бөлу
  2. Оқушылардың назарын сабаққа бөлу

4.Оқушылармен амандасу

 

ІІ. Үй тапсырмасы.

1) «Келесі» ойын арқылы ауызша сұрау.

  1. Мәтіндік процессор дегеніміз не?
  2. МS Word редакторын қалай іске қосамыз?
  3. Мәтінді пішімдеу дегеніміз не?
  4. Редакциялау дегеніміз не?
  5. Құжат құру жолы қандай?

2)  Теориялық шағын тест

 

ІІІ. Негізгі бөлім.

  • Практикалық жұмыс №2.

(Әр оқушыға кеспе қағаз арқылы тапсырмалар орындалады)

Карточка № 1

Del. Backsrase пернелерін қолданып төмендегі мәтіндердің қателерін түзетіңіз.

В лецу роддилась елочка

В лецу она росла

Зимой лдеом строиная

Зилоеная была.

Карточка № 2

Өлшемі 10 стилі курсив, ортасы бойынша туралау, қарпі Times New Roman.

Мәңгі бақи есте қалар

Ғажайып бір сайыс болсын

Білімдірек шәкірт озар,

Қиынырақ сұрақ болсын.

Карточка № 3

Өлшемі 11, стилі жартылай қарайтылған, қарпі Times New Roman,оң жақ шеті                    бойынша туралау.

Ойын-толқын, айналған  қатты ағы                                                                                                                                           Табылғандай таным да, жат дауыста.                                                                                                                                                        Біреу озып келеді қатарынан,                                                                                                                                                                   Біреу мініп жатқанда аптығыста.

Карточка № 4

Өлшемі 16, стилі асты сызылған,қарпі Times New Roman, сол жақ шетке туралау.Пернетақтаны бірнеше тілмен жұмыс істейтін күйге келтіруге болады.Пернелер бірнеше блокқа бөлінеді.

 

Карточка № 5

Мәтіндегі сөздерді қаріп түсі көк, фон түсі сарымен өзгертіңіз.

Білімнің ұшқырлығын танып сен,

Асып, тасып асықпа, қалыспа сен.

Уақыт деген зымырап зулап жатыр,

Шапшаңдылық бұл сайыста керек екен.

Карточка № 6

Оқулықтан «Ай мен Күн» ертегісінен үзінді жазыңыз.

Карточка № 7

Өлшемі 11, стилі жартылай қарайтылған орта бойынша туралау.Қарпі  Arial Black

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында «Тіл – тәуелсіздік тұғырым» атты апталығында Үздік

суретші номинациясымен Дүйсенбаева Айгүл марапатталады.

Ә) Шығармашылық жұмыс.«Мектеп» баспасы. 8 сыныптың информатика оқулығының мұқабасын дайындау.ІҮ. Сергіту (көз жаттығуларын орындау)Ү. Ой – қозғау. (үш оқушыға беріледі. Жұмбақты шешіп, жауабын кестеге қазақша, орысша, латынша айту керек)

Жұмбақтар

Тетігін бассаң алаңсыз,

Жазады қағаз – қаламсыз

 

Батырмасын басасың

Қажетті файлды ашасың

 

Тапсырыс бер, ас әзір,

Алдыңызда тұр . . .

ҮІ. Информатикалық диктант.

ҮІІ. Үйге тапсырма §17,18.19 қайталау.ҮІІІ. Оқушыларды бағалау.