Excel бағдарламасында практикалық жұмыстар жасау

68
Күні: 24.02.2014ж.      Пәні:       Информатика     Сыныбы: 8 Б      Сабақ реті: 7
Сабақтың тақырыбы Excel бағдарламасында практикалық жұмыстар жасау
Сабақтың мақсаты Білімділік: Excel — дегі берілген мәліметтермен жұмыс істеу, оларды сұрыптау, диаграммалар сызу туралы білімдерін қалыптастыру және алған білімдерін пысықтау.

Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін

дамыту. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды тәрбиелікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу, алған білімін өмірде қолдана білуге, ұқыптылыққа, жұмыс жолдарын түсіне білуге, өмірде кездесетін проблемаларды шеше білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі Қайталау сабағы
Күтілетін нәтиже Теория мен практиканы ұштастыра алу
Түйінді идея Оқушының сөйлеу және бір-бірімен қарым –қатынас жасау біліктіліктерін дамытуда диалогтік оқытудың тиімділігін көру. Оның тиімділігі сабақтағы жайлы атмосфераның қалыптасуы, оқушы мен мұғалім арасындағы ынтымақтастықтың қалыптасуына әсер етуі. Өзінің білмегенін қасындағылардан үйрене отырып, қалай оқуды іске асыруға болатындығын түсінуі және өзін бағалай білуі.
Сілтеме Сабақ жоспары, информатика оқулығы, сабаққа арналған таныстырылымдар, ЭО, флипчарттар, стикерлер, бағалау парағы, смайликтер, т.б
Сабақтың барысы Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Тапсырма түрі
Ұйымдастыру кезеңі

3 мин

Оқушылармен амандасу, сынып журналына жоқ оқушыларды белгілеу

Сыныпта ынтымақтастық атмосфера қалыптастыру мақсатында «Ыстық алақан» тренингін өткізу

Мұғаліммен амандасады, топқа бөлініп отырғаннан кейін бір-бірлерінің қолынан ұстап жылы лебіздерін білдіреді. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Мақсат қою кезеңі

1 мин

Бүгінгі сабағымыздың басын Елбасымыздың мына сөзімен бастағым келеді.  “…Адамзат үшін ХХІ ғасыр жаңа технологиялардың ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу игеру және жетілдіру —  бүгінгі мектеп оқушылары сіздердің еншілеріңіз”  /Слайдтан президент сөзі көрініп тұрады./

Иә, балалар информатика бұл ХХІ ғасырдың есігін ашатын, болашаққа қарай бет алуға көмек беретін сабақ. Сондықтан да біз Елбасының сөзін жадымызда мұқият ұстап, сабағымызды жақсы оқуымыз керек екен. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Excel бағдарламасында практикалық жұмыстар жасау. Сабағымыздың мақсаты: Excel — дегі берілгендермен жұмыс істеу, деректерді Excel-ге енгізу, деректерді сақтау және қорғау.

Үй тапсырмасын тексеру

6 мин

Үй тапсырмасы бойынша банк қызметкерінің рөлін және мектеп бухгалтерінің рөлін сомдау берілген болатын. Ендеше  дайындап келген топтар тақтаға шығамыз. Excel бағдарламасында есептеулер қалай орындалатынын көрсетулерің керек. Оқушылар рөлдік ойындарды сомдай отырып, Excel бағдарламасында есептеулер қалай орындалатынын көрсету керек Диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлану
Білімді тексеру кезеңі
Білу

5 мин

Блумның білу кезеңі бойынша интерактивті тақтада ойын тапсырмаларды орындаймыз. Олай болса кезек-кезек тақтаға шығайық. /Оқушыларға тақырып бойынша ойын тапсырмаларды және электронды оқулықтағы тапсырмаларды ұсыну/ Оқушылармен кезектесіп тапсырмаларды интерактивті тақтада орындайды Жеке жұмыс, АКТ-ны пайдалану
Түсіну

6 мин

Келесі кезең түсіну кезеңіне компьютерде төмендегідей  тапсырмаларды орындаймыз. Барлықтарыңның компьютерлеріңде С дискісінде 1-ші тапсырма бар, 1-ші тапсырма бойынша фильтр орнатып, кестедегі мәліметтерді фильтрдің көмегімен сұрыптаймыз.

1.1-ші тапсырма бойынша әйел адамдарды ғана сұрыптап, оны сарымен бояп, көшірмесін келесі параққа қоямыз.

1.2-ші тапсырма бойынша I-ші қан тобындағыларды сұрыптап, жасылмен белгілеп, көшірмесін келесі параққа қоямыз;

1.3-ші тапсырма бойынша бойы 123 см. адамдарды сұрыптап қызылмен белгілеп, көшірмесін келесі параққа қоямыз;

2-ші тапсырма бойынша y=x2 функциясының графигін сызамыз. х-тің мәні -10 нан басталып +10  ға дейін болу керек.

Оқушылар Excel бағдарламасы туралы білімдерін толықтырады. АКТ-ны пайдалана отырып, компьютермен жеке жұмыс жасау
Сергіту кезеңі

 

/2 мин/

Қолдану

5 мин

Келесі кезең қолдану кезеңі. Компьютерде жұмыс үстелінде «Формативті тест»

орнатылып тұр. Сол бойынша 5 минут уақыт беріледі. Алған бағаларыңды бірден бағалау парағына жазуларың керек.

Оқушылар әр компьютерде тест тапсырмасын орындайды. Алған бағаларын бағалау парақтарына қояды. Сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқушылар тест тапсырмасын орындайды

Диалогтік оқыту

Талдау

9 мин

Флипчартпен жұмыс І топтың оқушылары шығып, Excel бағдарламасы мен Word бағдарламасының ортақ қасиетін ашып, флипчарт бетіне түсіреді.

ІІ топтың оқушылары Excel бағдарламасына СКТ жасайды. деген сыни флипчарт бетіне түсіреді.

Венн диаграммасы

Сатылай комплексті талдау

 

Бекіту кезеңі

 

5 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Формативті бағалау

1 мин

Сабақты қорытындылау мақсатында «де Боно» әдісі бойынша оқушылардың Excel бағдарламасы туралы пікірлерін тыңдау

Жалпы осы қалпақтарды таңдап сөйлеу сендердің ойлау қабілеттеріңді дамытатын   әдістердің бірі. Бұл әдістің авторы американдық профессор Эдвард де Боно деп сабақтарда айтқанмын. Ендеше сендердің пікірлеріңді тыңдайық.

Қызыл қалпақ таңдаған оқушы мынандай сұрақтарға жауап береді: Сенің түйсіктік реакцияң қандай? Сенің түйсігің саған не дейді.

Сары қалпақ  ұстаған оқушыға сабақтың жағымды тұстары қандай болды? Оның артықшылығы қандай? Саған не ұнайды?

 

Жасыл қалпақ ұстаған  оқушыма сенде қандай идеялар бар? Қандай баламалы түрлерді ойлап таба аласын?

Ақ қалпақты оқушыма  сенде қандай ақпарат бар?  Қандай ақпаратты алу қажет? Білетіндеріңді айтып шықшы?

 

Қара қалпақ ұстаған оқушыма жағымсыз кезеңдерді көрсетіңіз? Қандай проблемалар болды? Саған не ұнамады?

 

Көк қалпақты оқушыма шолу жасауды бұйырдым.   Біз не аштық? Тағы не ашылған жоқ? Біз тақырыпты сабаққа сәйкес аша алдық па? Біз барлық қалпақты кие алдық па?

 

/Оқушылардың өздері қойған бағаларын журнал бетіне түсіру/

 

Рефлекция

1 мин

 

 

 

Рефлексия.

·         Бүгінгі сабағымыз сіздерге ұнады ма?

·         Қиын және жеңіл жерлері болды ма?

·         Сіздердің ойларыңызша сабақты не жеңілдетер еді?

·         Көңіл-күйлеріңіз қандай болды?

·         Ұсыныстарыңыз бар ма?

Сабақтағы оқушылардың көңіл күйі смайлик арқылы көрсетіледі.

Сабақ туралы ойларыңды стикердің бет жағына жазып тақтаға апарып іліңдер!

«Ешқашан да бәрін білемін, енді маған бұдан артық үйренетін ештеңе жоқ деп санаушы болма»,- деген Н.Д.Зилинскийдің сөзін әрқашан жадымызды ұстап, сабағымызды аяқтаймыз. Сау болыңыздар!

Үйге

1 мин

§4.1 оқу

 

Тексерілді: _____________ _____2014