Microsoft Excel –де формулаларды енгізу және көшіру

Сабақтың тақырыбы: Microsoft Excel –де формулаларды енгізу және көшіру

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Excel электрондық кестеде формулалармен жұмыс жасауды үйрету.

Интерактивті тақтаны қолдану арқылы оқушының ойлауын дамытуға, пәнді оқып үйренуге қажетті білім, білік және іскерлік дағдыларын меңгеруді бекітуге бағыттау.

Дамытушылық: оқушылардың логикалық ойлауын, салыстыра отырып, ажырату дағдыларын  дамыту, ақпараттық дүниетанымын кеңейту.

Тәрбиелік: оқушыларды шапшаңдыққа, өз ойын айта білуге, ұжымдық ауызбіршілікке баулып, дүниетаным шеңберін кеңейту. Оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру, шағын топта жұмыс істеуге дағдыландыру.

Оқушы білуі керек:

  • MS Excel деген не екенін;
  • Excel терезесінің құрылымын;
  • кестенің құрылымын (бағандар, жолдар, ұяшықтар);
  • негізгі құралдар үстелінің міндеттерін;
  • ұяшықтар мекен-жайы неден құралатынын;
  • айналдыру сызықтары қызметін.

Оқушы істей алуы керек:

  • MS Excel бағдарламасын іске қосу жолдарын;
  • ұяшықтарды пішімдей алуы;
  • ұяшықтарды үстеп, жойып, біріктіре алуы;
  • мәліметтерді сұрыптай алуы;
  • кестені өңдеу тәсілдерін;
  • интерактивті тақтамен жұмыс істей алуы;

Сабақтың түрі: интерактивті технологияны қолдану арқылы ұйымдастырылған аралас сабақ.

Сабақтың әдісі:  интерактивті әдіс, дамыта (деңгейлеп-саралап) оқыту, тестпен жұмыс істеу, сұрақ-жауап әдісі, ойындар, ғылым мен тәжірибені байланыстыру.

 

Пәнаралық байланыс:   Математика, ағылшын тілі, физика, экономика,фармокология.

 

 

Сабақтың барысы:

І.  Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

«Сұрақ-жауап » тәсілі арқылы

ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру

  1. Компьютерде практикалық жұмыс
  2. Тест тапсырмасын компьютерде орындау

VІ. Сабақты қорытындылау

VІІ. Оқушыларды бағалау

 

Үй тапсырмасын сұрау

Үй тапсырмасын «Сұрақ-жауап» әдісі арқылы сұрау

Сұрақтары:

  1. Microsoft Excel-ді іске қосу жолы ?
  2. Ең алғашқы электрондық кестені кім ойлап шығарады?
  3. Қазіргі кезде электрондық кестені қолданушылардың 80 пайызы қай кестені қолданады?
  4. Lotos электрондық кестені қай жылы қолданысқа енеді ?
  5. VisiCals электрондық кестені кім ойлап шығарады және қай жылы қолданысқа енеді?
  6. Microsoft Excel- де неше қатар, неше бағана бар , және олар қалай белгіленеді?
  7. Microsoft Excel терезесін жабу жолдары ?
  8. Microsoft Excel ұяшықтардың адресі қалай құралады ?
  9. Электрондық кестені кім ойлап шығарады және қай жылы ?
  10. Microsoft Excel үнсіз келісім бойынша неше беттен тұрады ?
  11. Microsoft Excel сақтау жолдары ?
  12. Microsoft Excel беттерді қалай атын өзгертуге, қосуға, жоюға болады?

  Жаңа сабақ түсіндіру:

 

 

Сабақты қорытындылау: Microsoft Excel –де жасалған тест бағдарламсын оқушыларға орындатып, сабақты қорытындылау.

1. Кестедегі баған қалай белгіленеді? 
1) Сандармен нөмірленеді 
2) Қазақ алфавитінің әріптерімен белгіленеді 
3) Латын алфавитінің бас әріптерімен белгіленеді3
  
2. Формула қалай жазылады? 
1)+ таңбасынан басталады 
2) * таңбасынан басталады 
3) = таңбасынан басталады3
  
3. СРЗНАЧ формуласы нені табады? 
1) сандардың ортақ мәнін 
2) Сандардың қосындысын 
3) сандардың ең кішісі 3
  
4. Ұяшық адресі неден тұрады? 
1) баған атынан 
2) баған аты мен жол нөмірінен 
3) жол нөмірінен3
  
5. МИН формуласы нені табады? 
1) сандардың ішіндегі ең кішісін табады  
2) сандардың қосындысын табады  
3) сандырдың ортақ мәнін табады1
  
6. МАКС формуласы нені табады? 
1) сандырдың ең кішісін табады  
2) сандырдың ең үлкенін табады  
3) сандырдың ортақ мәнін табады2
  
7.Кестені қалай сақтаймыз? 
1)Правка-Сохранить 
2) Файл-Сохранить 
3) Формат-Сохранить2
  
8.Сақталған кестені қалай ашамыз? 
1)Файл-Открыть 
2) Правка -Открыть 
3) Формат-Сохранить 
 1
9.Кітап бетінің атын қалай өзгертеміз? 
1)Лист-Переименовать 
2) Правка -Преименовать 
3) Формат-Переименовать 
 1
10.Кітапқа жаңадан бет қосу 
1)Файл-Лист 
2) Правка -Лист 
3) Вставка-Лист 

 

Үйге тапсырма:

Оқулықтағы №1 тапсырма 180 бет