WordPad мәтіндік редакторының қосымша мүмкіндіктері

40

Сабақтың тақырыбы:  WordPad мәтіндік редакторының қосымша мүмкіндіктері

Сабақтың түрі: интерактивті сабақ

Сабақтың  мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға WordPad редакторының қосымша мүмкіндік түрлерімен таныстыру. Алмасу буферімен жұмыс істеуді, мәтінге графикалық объектілерді енгізуді үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың  логикалық ой өрісін кеңейту,  сабаққа деген қызығушылығын арттыру,  есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге, тапсырманы тиянақты орындауға үйрету. Оқушылардың пәнге, мамандыққа деген қызығушылығын арттыру.

Көрнекі құралдар: Дербес компьютер, интерактивті тақта, слайдтар, электрондық оқулық.

Пән аралық байланыс: қазақ тілі , орыс тілі, ағылшын тілі

 

Сабақ жоспары:

  1. Ұйымдастыру бөлімі
  2. Үй тапсырмасын тексеру

а) Перфокарта

б) Кім жылдам?

в) Қатесін тап!

3.Жаңа сабақ. WordPad мәтіндік редакторының қосымша мүмкіндіктері

  1. Практикалық жұмыс.

5.Жаңа білімді бекіту.

а) Сәйкестікті анықта

б) Кестені толтыр

в) Тест тапсырмасы

г) Венн диаграммасы

д) Өзің таңда!

е) Қосымша сұрақ

ж) Кім білімпаз?

6.Білімгерлердің білімін бағалау

7.Үй тапсырмасын беру

8.Қорытынды

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

а)Перфокарта.

WordPad мәтіндік редакторының құрал-саймандар тақтасының батырмаларын есте сақтадың ба? Оқушылар төмендегі перфокартаны толтырады.

   б) Кім жылдам? Оқушылар карточкадан сұрақтың нөмерін таңдап алады.Сұрақтар:

  • WordPad мәтіндік редакторын іске қосу жолы қандай?
  • WordPad мәтіндік редакторының терезе элементтерін ата?
  • Құрал-саймандар тақтасында қандай батырмалар орналасқан?
  • Мәзір жолағындағы мәзір аттарын ата?
  • Файл мәзірінде қандай мәзірлер орналасқан?
  • Терезенің тақырып жолында не бейнеленеді?
  • WordPad редакторы терезесінде қалып-күй қатары қайда орналасқан?
  • Мәтінді беттің ортасы бойынша жазу үшін қай батырманы қолданамыз?

 

в) Қатесін тап!

  • Enter – Бас аріппен жазу
  • Shift – жаңа жолға көшіру
  • CapsLock – бас әріптер режиміне ауысу
  • Backspace – меңзердің сол жағындағы символарды өшіру
  • Delete – меңзердің оң жағындағы символдарды өшіру

 

Дұрысы

  • Enter – жаңа жолға көшу
  • Shift – бас әріптерді теру
  • CapsLock – бас әріптер режиміне ауысу
  • Backspace – меңзердің сол жағындағы символарды өшіру
  • Delete – меңзердің оң жағындағы символдарды өшіру

 

3.Жаңа сабақ. WordPad мәтіндік редакторының қосымша мүмкіндіктері

Мәтіннің үзіндісі дегеніміз не? Үзінді – мәтіннің бөлінген бөлігі.

Мәтін үзінділерін жылжыту және көшіру

батырмасын басамыз немесе  Өңдеу – көшіру (Правка-Копировать)

батырмасын басамыз немесе   Өңдеу – Қиып алу(Правка – Вырезать)

Мәтін үзінділерін қою

батырмасын басамыз немесе Өңдеу – Қою (Правка-Вставить)

Күн мен уақыт кірістіру

батырмасын бір рет шертеміз немесе   Кірістіру – Күн мен уақыт  (Вставка –Дата и время)

Мәтінді іздеу

батырмасына бір рет шертеміз немесе       Өңдеу – Іздеу  (Правка – Найти)

Мәтінді ауыстыру

Өңдеу – Ауыстыру   (Правка – заменить)

WordPad құжатына сурет кірістіру

Құжатқа суреттерді Paint графикалық редакторынан немесе басқа жердегі суреттерді кірістіруге болады.

Сурет кірістіру үшін:

  1. Суретті белгілеп, Правка – Копировать командасын таңдау
  2. Мәтіндік құжатты ашып, Правка – Вставить командасын орындау.
  1. Практикалық жұмыс.

Тапсырма:

  1. Қайталанып тұрған үзінділерді көшіре отырып, өлеңді теру
  2. Көшірілген үзінділерді басқа түске боя
  3. Мәтін астына күн мен уақытты кірістір
  4. ө әрпін о әрпіне ауыстыр
  5. Мәтін астына көбелектің суретін енгіз

Көбелек

Ақ қанатты көбелек,

Көк қанатты көбелек,

Қызыл қанатты көбелек,

Бақшамызға келе кет.

Гүлдер , гүлдер көктесін,

Көбелектер көп келсін.

Ақ қанатты көбелек

Бақшамыздан кетпесін.

 

5.Жаңа білімді бекіту.

а) Сәйкестікті анықта

Мәтін үзінділерін көшіру              батырмасын басу

(Правка-Вставить)

Күн мен уақыт кірістіру           батырмасын басу

(Правка-Копировать)

Мәтін үзінділерін қою        батырмасын шерту

(Правка – Найти)

Мәтін іздеу                 батырмасын басу

(Вставка –Дата и время)

 

 б) Кестені толтыр. Қандай команданы орындау керек?

Құжатты

сақтау

Құжатты

құру

Құжатты

ашу

Файл-Сохранить Файл -Создать Файл -Открыть

 в) Тест тапсырмасы. Html программасында жасалған. 10 сұрақтан тұрады. Жауап бергеннен кейін қайсысы дұрыс, қайсысы дұрыс емес екендігі көрінеді, яғни дұрыс болса – «+», кері жағдайда әр сұрақтың қасында «-» таңбасы салынады. Баға автоматты түрде анықталады.

 

 

г) Венн диаграммасы

 

д) Өзің таңда! 6 оқушыға тапсырма беріледі.

«Өзің таңда» .Деңгейлік тапсырма. Өлең жолдарын ретке келтір

«5»-тік

Кәпір көздің дүниеге араны үлкен,     Кәпір көздің дүниеде араны үлкен

Тоя ма екен дүниеге алған сайын        Дүниеге алған сайын тоя ма екен

өлген қанша тірі жүрсе де күні                        Қанша тірі жүрсе де өлген күні

болады екен бірдей-ақ көзбен өзге.     Бірдей-ақ өзге көзбен болады екен./А.Құнанбаев/

«4»-тік

Ер жігітке жарасар                                            Ер жігітке жарасар

Найзасы қолына алған                          Қолына алған найзасы,

Жарасар би жігітке                                            Би жігітке жарасар

Пайдасы халқына тиген.                                  Халқына тиген пайдасы./Бұхар жырау/

«3»-тік

Туғат тілді сүйемін ана тілді                Сүйемін туған тілді, ана тілді,

Жатқанда-ақ бесікте берген білім.       Бесікте жатқанда-ақ берген білім./С.Торайғыров/

е)Қосымша сұрақ. Оқушылар өз ойларын айтады.

ж) «Кім білімпаз?» Сөздерді ағылшын, орыс және қазақ тілінде айту.

 

6.Білімгерлердің білімін бағалау.

Әр тапсырма орындау кезінде әрбір оқушының сәйкесінше ұпайлары Excel программасына салынып отырады. Сабақ соңында ұпайлары саналып, баға автоматты түрде қойылады.

 

7.Үй тапсырмасын беру.

«Менің досым», «Ана тілім –ардағым», «Мектебім – алтын бесігім», «Комьютер — заман талабы»деген тақырыптарда шығарма жазып келу