Білгенге маржан

92

Тақырыбы: «Білгенге маржан»

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ

Пәнаралық байланыс:қазақ тілі, информатика.

Мақсаты:

  1. Оқушылардың ана тілін құрметтеуге, ұлттық тіл ретінде бағалауға, оны туған отанында аға тіл дәрежесіне көтеретіндей қызмет жасауға үйрету;
  2. Жас ұрпақты ана тілінің қадір – қасиетін түсіне білуге шақыру. Олардың халқына деген сүйіспеншілігін, тіліне деген құрметін арттыру.
  3. Ана тілін терең меңгеруге құштарлықтарын ояту, ана тілінің кең қанат жаюына үлес қосуға, мақтан тұтуға тәрбиелеу.

 

Ақын-жазушылардың тіл туралы пікірлері:

1.Ана тілінен айырылған адам өз халқы  жасаған мәдени мұраның бәрінен құралақан қалады.

Ғ.Мүсірепов

2.Бұл дәуірде, өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес.

М.Әуезов

3.Тілдің тірікшіліктегі мәніне қазақ ежелден көңіл бөлген. Сондықтан да “өнер алды- қызыл тіл” дейді.

С.Мұқанов

4.Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді        ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту.

Б.Момышұлы

Сайыстың  жалпы кезеңдері:

1.Кезең  Бәйге (сұрақ-жауап)

  1. Кезең Мәнерлеп оқу
  2. Кезең Мақал-сөздің мәйегі (мақалды жалғастыру)

4.Кезең Полиглот (информатиканың сиқырлы сұрағы)

  1. Кезең Даналық ойдан дән ізде(шығармашылық жұмыс)

Таныстыру

І Бөлім.Бәйге(Бірлік тобы)

  1. Өнер алды не?
  2. Ең бірінші бақытым ……
  3. Үш биді ата
  4. Тілдің ең негізгі қызметі …
  5. Ашу дұшпан —  ………
  6. Тіл туралы заң қашан қабылданды?

І Бөлім.Бәйге (Достық тобы)

  1. Сөз анасы ……….
  2. Ал екінші бақытым ………..
  3. Құрғақ сөзінің антонимі …….
  4. Мұсылмандардың қасиетті үйі
  5. Қазақта топ аттылар жарысын не деп атайды?
  6. Мұсылман дінінің қасиетті кітабы

ІІ Бөлім. Өлең — сөздің патшасы(мәнерлеп оқу)

Екі топ та өздерінің дайындап келген көркемсөздерін оқиды.

ІІІ Бөлім. «Мақал-сөздің мәйегі» (мақалдарды жалғастыру)

Бірлік тобына сұрақ

1.Өзге елде сұлтан болғанша…(өз еліңде ұлтан бол)

2.Оқусыз білім жоқ…(білімсіз күнің жоқ)

3.Көп жасаған білмейді….(көп оқыған біледі)

4.Тіл қалыш танда…(өткір)

5.Отан….(оттан да ыстық)

Достық тобына сұрақ

1.Басқа бәле….(тілден)

2.Білекті бірді жығар….(білімді мыңды жығар)

3.Көре-көре көсем боларсың….(сөйлей – сөйлей шешен боларсың)

4.Жеті жұрттың тілін біл….(жеті түрлі білім біл)

5.Аз сөйлеп….(көп тыңда)

ІҮ  Бөлім(Полиглот)

Информатиканың сиқырлы сұрақтары

  1. Ақпараттың түрлері?(қабылдау тәсілдері бойынша)жауабы:5 түрі бар (естілетін,көрінетін,сезу,дәм сезу,иіскеу )
  2. Ақпараттың қандай түрлері бейнеленген(бейнелеу тәсілі бойынша)жауабы-5 түрі бар дыбыс,видео(гарфикалық,мәтіндік,сандық)
  3. Графикалық ақпаратты(суреттер,сызбалар және т.б)қағаздан компьютерге енгізу құралы? (сканер)
  4. «Информатика» сөзінде қанша бит бар?(Барлығы 11 символ= 11 байт  11 байт  Х  8= 88 бит)
  5. Компьютердің шығару құрылғысы?(принтер)
  6. Операциялық жүйе?(Операциялық жүйе-компьютердің жұмысын басқаратын басты программа.
  7. Тіл сөзіне ассоцация(екі жеке түрде)

 

 

                «Достық» тобы                                     «Бірлік» тобы

 

 

 

 

V Бөлім.Даналық ойдан дән  ізде(шығамашылық жұмыс)

Әр топ өздерінің шығармашылдықтарын, жаңашылдықтарын, отанға деген сүйіспеншіліктерін, осы топтың атауында қандай мағыналардың жатқындығын дәлелдейтін шешуші сәт.

 

«Достық» тобы өз жобасын дайындауда                   «Бірлік» тобы өз жобасын дайындауда

«Достық» тобы өз жобасын қорғауда                         «Бірлік» тобы өз жобасын қорғауда

 

 

 

 

 

 

 

 

. Бағалау(әділ қазылар ұпай сандарын есептеп жеңімпаз топты марапаттайды)

 

Қорытынды.

 

Ана тілім әрекетім – азығы

Бар ғаламды тануымның қазығы

Ой- санамның өсуінің куәсі

Ғасырлардың кейінгіге әз үні

Ана тілі бәрін сөйлер шежірем

                            (Т. Абдрахманова)