Көрме құру

41

Ақпарттану пәні

10 сынып жаратылыстану-математикалық бағыт

14 қазан 2009 жыл

 

Сабақ тақырыбы: Көрме құру

Сабақтың мақсаты:

  1. Көрме құру тәсідерін үйрету.
  2. PowerPoint бойынша біліктілігін дамыту.
  3. Пәнге деген қызығушылығын тәрбиелеу.

 

Қолданатын құрылғылар:

Компьютер, проектор, интерактивтік тақта, PowerPoint бағдарламасы, Activstudio Professional Edition V3 бағдарламысы, Activote құралы

 

Сабақ жоспары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі
  2. Үй тапсырмасын тексеру
  3. Жаңа сабақ түсіндіру
  4. Өздік жұмыс
  5. Сабақты қорытындылау (тест)
  6. Бағалау
  7. Үйге тапсырма

 

І кезең.

Оқушылармен амандасу. Оқушылар құрал жабдықтарын дайындап, үй тапсырмасын қайталайды.

 

ІІ кезең.

  1. PowerPoint бағдарламасы
    не үшін керек?

Көрмелерді жоспарлауға, құруға және көрнекті түрде бейнелеуге арналған бағдарлама.

  1.  Көрме дегеніміз не?

Көрме дегеніміз белгілі бір тақырып бойынша слайдтар жиынтығынның тізбегін айтады.

  1.  Слайд дегеніміз не?

Слайд дегеніміз тақырыпты, мәтінді, кестелерді, схемаларды т,б объектілерді іске қосатын көрменің бір бөлігі.

  1. PowerPoint бағдарламасын қосу блок схемасын құру:

Бастау – Бағдарламалар – MS Oficce – MS PowerPoint

 

  1. PowerPoint терезесінің элементтеріне сәйкес сандарды жазу:

 

  1. Тақырып жолы
  2. Мәзір жолы
  3. Стандарт құралдар тақтасы
  4. Пішімдеу құралдар тақтасы
  5. Слайд құрылымы
  6. Көріу режимдері
  7. Тапсырмалар аймағы
  8. Жұмыс алаңы

 

  1. Сәйкестіру әдісімен Мәзірлердің Әмірлерін байланыстыру:

Файл – Баспаға жіберу

Өңдеу – Слайдты өшіру

Көрініс – Сызғыш

Кірістіру – Кесте

Пішін – Фон

Слайд көрсету – Слайдты жасыру

 

ІІІ кезең.

Көрме құруда мыналарды есте сақтау керек:

  1. Көрменің мақсаты және мазмұнын жоспарлау;
  2. Әрбір слайдтың мазмұны және есте сақталатындай болу;
  3. Слайдтағы ақпарттар қарапайым және мазмұнды болу;
  4. Объектілердегі бейнелер фоннан түстері бойынша ерекше болу;
  5. Слайдты безендіруде түстерді таңдау;
  6. тыңдаушылардың назарын аударатындай анимациялық өтулер, дыбыстар қою;

 

Көрме құрудың төрт әдісі бар:

  1. Жаңа көрме

Пайдаланушы слайдты өз қалауынша безендіреді

 

 

 

 

  1. Безендіру қалыбынан

Барлық слайдтар үшін мына элементтерді белгілейді:

  • Өң түсін;
  • Тақырыптың түсі мен өлшемі;
  • Негізгі мәтіннің түсі мен өлшемі
  • Өңдік суреттер, сызықтар, жиектер және т.б. безендіру элементтерін

 

  1. Сақталған көрмеден

Бұрын сақталған көрмені ашып, мәтіндерін өзгерту арқылы

 

  1. Өздікмазмұн арқылы

Сұқбат терезесі арқылы құрылады.

 

 

Біз бүгін жаңа көрме құру әдісін қолданып көрме жасауды үйренеміз:

PowerPoint бағдарламасы қосылғаннан кейін:

  1. Создать презентацию әмірін таңдаймыз
  2. Новая презентация әмірін таңдау
  3. Шыққан макеттердың ішінен пустой слайд макетін таңдау

 

Слайд қойғанан кейін оған фон қою керек. Фон қою үшін Формат мәзірінен Фон әмірін орындаймыз:

Шыққан Фон терезсінде ашылатын тізім ішінен Басқа түсті немесе Құю тәсілін таңдауға болады. Біз Құю тәсілін таңдаймыз. Ол үшін Способы заливки әмірін таңдаймыз.

Бұл терезе төрт бөлімнен тұрады:

Градиент – бір түстен екінші түске баяу өту.

Текстура – материалдардар беттерінің макеті.

Узор – компьютерлік орнаменттер.

Рисунок – дайын суретті қою немесе фотобейне.

 

 

 

 

Фонды таңдағаннан кейін Фон терезесінде применить батырмасын басу керек егер фон ағымдағы слайдқа ғана қойылатын болса, әйтпесе применить ко всем батырмасын басамыз.

 

Жаңа слайд құру үшін Вставка мәзірінде немесе пішімдеу құралдар тақтасында Создать слайд әмірін таңдаймыз.

Слайдтарға объектілер қою үшін Вставка мәзір ашып Объект әмірін таңдаймыз.

Мәтін қою үшін Сурет құралдар тақтасында немесе Вставка мәзірінен надпись батырмасын басамыз. Мәтін тұратын жерге курсорды қойып мәтінде пернетақтадан тереміз.

Кесте қою үшін Вставка мәзірінен Таблица әмірін таңдау, шыққан терезеде баған және жол санын енгізу керек. Кестені слайдта өңдеп мәтін енгізу.

Схемалар салу үшін сурет құралдар тақтасында Өзкескіндер батырмасын басып керекті фигураларды таңдап слайдқа қоямыз. Фигуралардың ішіне мәтін енгізу үшін фигураны белгілеп тінтуірдің оң жақ бетырмасын шертіп контекстік мәзірде добавить текст әмірін таңдаймыз.

Диаграмма қою үшін стандарттық құралдар тақтасында немесе Вставка мәзірінде Диаграмма әмірін таңдаймыз.

Шыққан кестеде бәрін өшіріп өзіміз жаңадан мәтіндер енгіземіз

Диаграмманың объектілерін жеке өңдеуге болады.

 

Егерде көрмеде кейбір слайтарға бағыттау керек болса, онда басқару батырмаларын қою керек. Ол үшін Показ слайдов мәзірін таңдап Управляющие кнопки әмірінен керекті батырманы таңдаймыз. Батырманы слайдқа қойғанда Настройка действи терезесі шығады. Онда Перейти по гиперсылке пунктін таңдап тізім ішінен слайд таңдаймыз. Слайдтар тізімі шығады онда керекті слайдты таңдап ок батырмасын басамыз

 

IV кезең

Өздік жұмыс:

 

  1. Төрт слайд құру.
  2. Әр слайдқа әр түрлі фон қою:
    1-ші слайдқа Градиент
    2-ші слайдқа Текстура
    3-ші слайдқа Узор
    4-ші слайдқа Рисунок
  3. Әр слайдқа әр түрлі объектілер қою:
    1-ші слайдқа схема сызу фигуралар арқылы
    2-ші слайдқа WordArt арқылы мәтін және сурет қою
    3-ші слайдқа Кесте қойып 4 баған және 3 жол оны толтыру, 1-ші бағанда Оқушының Аты-жөні, 2-ші бағанда Туған жылы, 3-ші бағанда сыныбы
    4-ші слайдқа Диаграмма қою: Сыныптың үлгірімі мен сапасы

V кезең

ТЕСТ

1) PowerPoint программасы не үшін керек?

  1. Сурет салу үшін 2. Кино көру үшін
  2. Көрме көрсету үшін 4. Текст жазу үшін

2) Слайд дегеніміз не?

  1. Фото 2. Пленка
  2. Негатив 4. Кадр

3) Слайдтарды қараудың неше тәсілі бар?

  1. 2 әдісі 2. 4 әдісі
  2. 5 әдісі 4. 3 әдіс

4) Слайдтың фонын қою?

  1. Вставка – фон 2. Настройка – фон
  2. Формат – фон 4. Сервис – фон

5) Фонда құю тәсілінің неше түрі бар?

  1. 2 түрі 2. 6 түрі
  2. 4 түрі 4. 5 түрі

6) PowerPoint бағдарламасында жасалған файлдың кеңейтілуі:

  1. .ехе 2. ppt
  2. .pdf 4. .txt

7) Слайдты жасыру үшін қай мәзірді қолданады:

  1. Правка 2. Показ слайдов
  2. Вставка 4. Сервис