Жалпы желі ұғымы

60

Тұрғынбаев Мұхтар Атанұлы

Алматы облысы, Жамбыл ауданы,

Тұрар Рысқұлов ОМ МДШО

7 сынып

Сабақтың тақырыбы: Жалпы желі ұғымы

Сабақтың мақсаты:   

Білімділік – Оқушыларды желі және оның түрлерімен таныстырып, интеллектуалдық

                      қабілеттерін дамыту.

Дамытушылық –Оқушылардың компьютермен жұмыс жасау қабілеттері мен дағдыларын  және интерактивті тақтаны пайдалану деңгейін дамыту.

Тәрбиелік – Ақпараттық мәдениеттілікке, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті,  сұрақ -жауап

Құрал-жабдықтар: компьютер -16+1,  ActivStudio бағдарламасы, ActivBoard, ActivPen, Activote, Activhub, бейнепроектор-1.

Пәнаралық байланыс: геометрия, шет тілі, сызу 

 

Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Н.Т. Ермеков, Н.Ф.Стифутина Информатика 7 сынып, оқулық;

                                                     2)Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко, Информатика,  Әдістемелік нұсқау, 7 сынып.

                                              3) Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко, Информатика,  Дидактикалық материалдар, 7 сынып.

 

Сабақ барысы:

  • Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылардың сабаққа дайындығын шолу, назарларын сабаққа аудару.

  • Өткен сабақты қайталау

 

  • Лазерлік ойнатқыш дегеніміз не?
  • Дыбыс қаттылығын қалай реттейміз?
  • Мультимедиа дегеніміз не?

 

3)Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Компьютерлік желі – бұл әр түрлі ресурстарды, мысалы,бағдарламаларды, құжаттарды және құрылғыларды бірігіп пайдалану үшін бір-бірімен жалғастырылған компьютерлер тобы.

 

Компьютерлік желінің 3 түрі бар:

 

  1. Жергілікті желі-бір бөлменің немесе ғимараттың аумағында біріктірілген компьютерлер тобы;

 

  1. Аймақтық желі— қала, облыс, ел шегінде біріктірілген компьютерлер тобы;

 

  1. Ауқымды желі(интернет)— бүкіл дүние жүзімен байланыс орнатуға болатын желі.

 

Жергілікті желідегі компьютерлердің бір-бірімен геометриялық байланысу тәсілі топология деп аталады.

 

Аймақтық желі- бір мемлекеттің ішінде орналасқан мысалы, қала, облыстың компьютерлерінің бірігуі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы облысы                Астана                      Алматы

 

 

 

 

Сервер

 

Ауқымды желі(Internet) – миллиондаған компьютерлерді  бір алып желіге біріктіретін, ақпаратқа шексіз қол жеткізу және түрлі амалдармен қатынас жасау мүмкіндігін ұсынатын дүние жүзіндегі ең үлкен және ең танымал желі.     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тапсырма №1: Осы №32 кабинеттегі компьютерлердің орналасу реті қандай жергілікті желі түріне жатады?(оқушылар өздері жеке-жеке тапсырмаларын орындайды)

 

4)Сергіту жаттығуы. (Күй әуенімен терминдер атауын табу)

 

Т П Л О Т Т Н О М
Ы П Р Р Т Е И Д Е
Ш Н И Е Е Р О М М
Қ А Н Т Р Н Н И Т
Н Т С Ө З Е Т Р О
А И Б А Й Т Т Е З
М В П И К М Е Р Е
Ә И А Р С О Ұ А Ф
Т Р И Х Е Д Я Й Л
І У В Ж Л И Я И Ц
Н С Д А Ь Ф И К А

 

Жасырылған сөздер:

 

Тышқан, мәтін,плоттер, принтер, сөз, байт, пиксель, архив,

жад, модификация, ұя, файл, терезе, монитор, модем,

интернет, байт, антивирус.

 

Тапсырма №2: Берілген сызбадан артық терминдерді табу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5) Жаңа тақырыпты бекіту

 

  • Жалпы желінің қанша түрі бар?
  • Жергілікті желі топологиясы қанша бөлікке бөлінеді?
  • Интернет желісіне қандай құрылғы көмегімен қосыламыз?

 6)Сабақты қорытындылау. Activote құрылғысымен интерактивті тақтада тест тапсыру

 

      7) Оқушыларды бағалау

  Activote құрылғысымен алынған тест қорытындысын талдап,  мақтау қағазымен марапаттау.

 

 

 8 )  Үйге тапсырма:  «Компьютерлік желі», «Интернет»,

«Желі топологиясы» атты тақырыптарына шағын тест,

сөзжұмбақтар  құрастыру