Мын бір мақал, жүз бір жұмбақ

94

Мын бір мақал, жүз бір жұмбақ

(интеллектуалды сайыс)

Мақсаты: Айтыс өнері арқылы оқушыларды суырып салмалыққа  баулу, музыканың, поэзияның, аспаптық музыканың өзара байланысы жөнінде білімдерін арттыру.

Тәрбиелік: Бүгінгі егеменді елеміздің болашағын көркейтуге ат салысуға шақыру. Ата-бабаларымыздың өсиеті қадір тұтуға, айтыс өнері арқылы әдет-ғұрып, салт -дәстүрлерді сыйлауға баулу.

Дамытушылық: Өз ойын кең, мазмұндап жеткізе білуге үйрету.

Көрнекілік құралдар: газет-журналдар

 

Барысы:

   Кіріспе

 Мақал-мәтел-ата-бабамыздан қалған өшпес мұра. Көлемі жағынан шағын болғанымен, уақыт өткен сайын мағынасы тереңдеп, құны артып, қымбат қазынаға айналып келеді.

Мақал-мәтелдің тәрбиелік мәні зор рухани байлық.

Мақал мәтел туралы анықтама.

Мақалда қорытынды тұжырымды түйін айтылады. Айтылар ой нақты толық жеткізіледі. Мысалы: «Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі» деген мақалда елді қорғау, жерді қорғау нағыз жігіттің ісі екендігі айтылып тұр.

Ал, мәтелде ой тікелей білдірмей тұспалдап, жанамалап айтылады. Мысалы: «Көппен көрген ұлы той». Мұнда не көрсеңде халықпен бірге көр, өз басыңның ғана қамын ойлама деген сөз тұспалдап айтылып тұр.

 

Мақалдың соңын жалғастыру, мағынасын ашу.

Қына тасқа бітеді,

Білім басқа бітеді.

 

Оқы да біл,

Ойна да күл.

 

Оқу білім азығы,

Білім ырыс қазығы.

 

Өнерлінің қолы алтын,

Өлеңшінің сөзі алтын.

 

Ақыл азбайды,

Білім тозбайды.

Бізге қонаққа келген ақындар мен айтыскерлерді қарсы алып, сый-құрмет көрсетейік.

Айтыс-оқу-білім, еңбек және жұмбақ туралы болмақ.

Айтыс деген айтысу деген сөзінен шыққан. Айтыс қара сөзбен де күй тарту арқылы суырып салма өлең түрінде де болуы мүмкін.

Атақты айтыскер ақындар-Жамбыл, Құлмамбет, Шашубай, Біржан, Саралар болса, қазіргі кезде шығып жүрген майталман ақындар Аманжол, Әселхан, Айнұр, Мұхамеджан, Ринат, Айтақындар тағы басқа көптеген ақындар бар.

Айтыстың бірнеше түрі бар:

  1. Ақындар айтысы
  2. Мысал айтыс
  3. Жар-жар айтысы
  4. Бәдік айтыс
  5. Оқушылар айтысы
  6. Мақал-мәтел айтысы
  7. Жұмбақ айтыс

Сонымен, бүгінгі айтысымыз мақал-мәтел айтысы деп аталады. «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» деп аталуының да себебі осында жатыр. Ойынның түрі сайыс түрінде өтпек.

 

Ал, халайық, тұрмайық,

Әндетейік жырлайық.

Айтыскерлерді қарсы алып,

Інжу-маржан шашайық.

Енді айтыскерлерімізді ортаға шақырамыз.

 

Әр сыныптан бір -бір оқушы шығады.

  1. Ойынның шартын айту:

а. Оқушыларды 3 топқа бөліп мақал айтысын өткізу.

ә. Оқу-білім туралы мақал айтып, тоқтағанша жарысу.

б. Еңбек туралы мақал айтып тоқтағанша жарыстыру.

в. Мақалдардың соңын жалғастыру және мағынасын ашу.

 

  1. Батыр туса — ел ырысы …… (жаңбыр жауса-жер ырысы)
  2. Ат айналып қазығын табар ……. (ер айналып ерін табар)
  3. Байлықтың атасы – еңбек …….. (анасы-жер)
  4. Рахаттың түбі – еңбек …….. (түбі – жеңіс)
  5. жердің сәні – егін …… (ердің сәні-білім)
  6. Еңбек ердің көркі ……. (ер елдің көркі)

 

Жұмбақ сайысы айтылмас бұрын, жұмбақ туралы түсінік беріледі.

Ал балалар, мен сендерге жұмбақ айтамын. Жұмбақ деген алақанда жұмудан шыққан, яғни қолдың ішінде бір нәрсені жасырып, жұмып тұрып, соны тап дегеннен шыққан. Жұмбақ жасырғанда айтылар нәрсені ойда бүгіп қалып, соған ұқсас нәрселерге теңеп, тұспалдап сипаттап айтады.

Жұмбақ жарысына әр сыныптан үш-үш баладан таңдап алынады.

Үш топтағы жеңімпаздарды шақыру.

Залда отырғандар үш топтың оқушыларына жұмбақ жасырады, олар шешуін айтады.

 

Сөзжұмбақ:

  1. Жамбылдың ұстазы кім? (Кенен)
  2. Тез жауап қайтару сөз жарысы. (Айтыс)
  3. Алпамыс жасаған музыкалық аспап.? (Сырнай)

Плакаттағы жазылған мақалды оқып, мағынасын ашу.

Әнұран хормен орындалады.

 

 

 

   Мұғалім: Ұлттық өнеріміз-айтысты ұрпақтан-ұрапаққа жеткізетін сендерсіңдер, сондықтан сендерге сенім артамыз. Айтысып көріңдер, үйреніңдер!

Сонымен оқушылар айтысын тыңдаңыздар.

 

1-оқушы:

Өлең жырды айтамын,

Жарқылдатып жасындай.

Қоймадың ғой айтысып,

Мен шығайын тайсалмай.

2-оқушы:

Айтып қойшы қарағым,

Қандай боп жүр сабағың.

Жайын біліп қояйын,

Сендей салақ баланың.

1-оқушы:

Сөзін тыңда қарағым,

Мен секілді баланың.

Сен осында қаласың,

Мен тойға барамын.

2-оқушы:

Қайда барсаң онда бар,

Семіргенің жөн болар.

Тәртібіңнен алайда, болмай тұр-ау оң хабар.

1-оқушы:

Қай өнегең асып тұр,

Қай тәртібің тасып тұр.

Сендердегі Сембай да,

Сабағынан қашып тұр.

2-оқушы:

Тойыңа барып сен кел,

өзіңді-өзің бағып кел.

Мен оқимын сабақты,

Сен базарлық алып кел.

Қолыңды ойын күс қып жүр,

Жақсы оқу күш боп жүр.

Айтыс сенің не теңің,

Артыңда кілең үштік жүр.

 

Оқушылардың орындауындағы концерт

Күй халықтық мұрамыз,

Ілтипатпен сұраңыз.

Жүрегіне қона алса,

оған тәубә қыламыз.

 

 

 

 

Қорытынды.

Ұлттық өнерімізді ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін сендерсіңдер, сондықтан сендерге үлкен сенім артамыз.

Айтысты көріңіздер, айтысты айтып үйреніңдер.Айтысты тыңдаған көрермендерге рахмет.