Кестелер. Кестелерді құру

28

Сабақтың тақырыбы: Кестелер. Кестелерді құру

Көрнекіліктер: компьютер, плакаттар.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Жалпы Microsoft  Word 2010 бағдарламасында кесте құру технололгиясымен таныстыру. Оқушылардың информатика пәніне қызушылықтарын арттыру  және өткенді шапшаң еске түсіру дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды бірлікке, адамгершілікке, ұқыптылыққа, шыдамдылыққа, бәсекелестік қабілетін, тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, өз ойларын айта білуге үйрету, шығармашылық  қабілетін  және ой ұшқырлығын дамыту.

І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу
  • Түгендеу
  • Назарларын сабаққа аудару

 

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Мәтіндік процессор дегеніміз не?(Бұл қарапайым мәтіндік құжаттарды енгізуге, түзетуге ,пішімдеуге мүмкіндік беретін программалар түрі)
  2. Абзац дегеніміз не?(Бұл ентер пернесін басқанда абзац белгісінің арасына қойылатын символдар жиыны )
  3. Жоларалық интервал дегеніміз не?(Абзацтағы мәтін жолдарының арасындағықашықтықты вертикаль бойынша анықтайды.)
  4. Пішімдеу дегеніміз не? (бұл мәтіннің сыртқы түрін анықтайтын қасиетін өзгерту түрі)

Сәйкестендіру .

1.        — батырмасының қызметі

қандай?

Файл – Создать (Құру)
2. Жаңа құжат құру командасы
 

3. Мәтінді редакциялау деген не?

Файл – Сохранить как.. (Сақтау)
 

4. Нөмірленген тізім

 

5. Құжатты сақтау командасы

Нөмірленген абзацтар қатары

 

Мәтінді курсивпен жазады

 

Өңдеу, енгізу, өшіру, орын ауыстыру, құжаттың мазмұнын түзету

   

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ. Жаңа сабақ

Ребус шешу

 

Оқушыларға ребус беріледі . Жауабындағы сөз бүгінгі біздің жаңа сабағымыздың негізгі термині болып табылады.

1   2    3    4   5    6
Д   и    с   к    е   т

 

Жауабы:  Кесте

 

Біз кесте ұғымымен бұрыннан таныспыз. Мысалы сендер қандай кесте түрлерін білесіңдер?Біздің өмірімізде мәтінді безендіру немесе құжатты кесте түрінде даярлау жиі кездеседі. Оларға: мектеп журналдары, үлгерім табелі және сіздердің күнделік парақтарың т.б. MS Word мәтіндік редакторында кесте құруды жеңілдетеді.

Олай болса, бүгінгі күнді және сабақтың тақырыбын жазамыз.

Кестелер. Кестелерді құру.

Кесте – бұл жолдар мен бағандарда реттеліп берілген ақпарат. Жолдар мен бағандар қиылысып, ұяшық құрайды. Ұяшыққа бірнеше жол немесе абзацтар, сонымен қатар суреттер, т.б. заттар да орналасуы мүмкін.

 

Кесте құрудың үш әдісі бар:

1-әдіс.Мәзір жолы:Кестеà ҚоюàКесте

2-әдіс.  Стандартты тақтадағы кесте қою белгісі

3-әдіс.  Мәзір жолы: КестеàКесте сызу

 

1 әдіс.  Мәзір жолы: Кестеà ҚоюàКесте

Word мәтіндік редакторында кестелерді құру үшін:

Меню жолынан «Вставка» батырмасын басып, терезеден «Таблица» командасын шертеміз, қосалқы терезеден бағаны  мен жолын сұхбаттасу терезесінен орындасақ экранда  Вставка таблицы диологтік терезесі шығады. Число столбцов опциясының өрісіне кесте бағандарының саны енгізіледі. ОК батырмасын шертсек жеткілікті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2-әдіс.  Стандартты тақтадағы кесте қою белгісі

 

 

 

3-әдіс.  Мәзір жолы: КестеàКесте сызу

 

      Ұяшықтарды қосу, өшіру және біріктіру.   Ұяшық немесе ұяшықтар тобын қосу үшін, алдына жанына жаңа ұяшық немесе ұяшықтар тобы орналасатын ұяшықты белгілеңдер.

Содан кейін Таблица → Добавить ячейки командасын орындаңдар. Добавление ячеек диалокты терезесінде жаңа ұяшық қосылғаннан кейін не істейтінін: жол, баған қосу, ұяшықтарды жылжыту керек екенін көрсетіндер. Дайын кестеге жеке ұяшықтарды қосу іс жұзінде қолданылмайды.

Ұяшықтарды біріктіру үшін: Біріктіру қажет ұяшықтарды белгілеп алып:

  • Контекстік менюден Объединить ячейки командасын орындаймыз.
  • Макет- Объединить ячейки

Ұяшықтарды бөліктерге бөлу үшін: Бөлу керек ұяшыққа маусты орналастырып:

  • Контекстік менюден Разбить ячейки командасын орындаймыз.

Қатар немесе бағандарды өшіру үшін: Өшіру керек қатар немесе бағанды белгілеп алып:

  • Конт менюден-Удалить строки немесе Удалить столбцы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІV. Сергіту сәті

Жұмбақ шешу

Тұрады ол жолдармен бағандардан,
Және тұрар ұяшықтар ағымынан
Кәне ойланып көрейік ол не екен?
Баған менен жолдарды қиылыстырған
Кесте
Таблица
Кестенің бір негізгі элементі
Көлденең ұяшық құру қызметі
Ұяшық емес, баған емес ол не екен?
Кестенің негізгі болған қызметі

Жол
Строка
Тіктөртбұрышқа ұқсайды,
Елемей кетуге болмайды,
Баған менен жолдардың қиылысы
Кестеде қай элементті құрайды?
Ұяшық
Ячейка

 

 

V.Компьютерде тәжірибелік  жұмыс

Деңгейлік тапсырмалар

 

А деңгейі

«Сабақ кестесі»

Дүйсенбі Сейсенбі Сәрсенбі Бейсенбі Жұма Сенбі
1            
2            
3            
4            
5            
6            

 

 В деңгейі

«Оқушылар»

Аты жөні Телефон E- mail Мекенжайы
         
         
         
         

 

 

 

 

 

 

 

 

С деңгейі

 

a b c a˅b a˅c b˄c (a˅b) ˄ (a˅c) (a˅b) ˄ (a˅c) (b˄c)
+ + + + + + + +
+ + + + + +
+ + + + + + +
+ + + + + +
+
+ + + + +
+ + + +

 

  1. Жаңа сабақты бекіту.

“Кім жүйрік?”

  1. Кесте дегеніміз не?

2.Ұяшық дегеніміз не?

3.Кестелер неден тұрады?

4.Баған, жол сөздерінің орысша аудармасы?

  1.  Кестені қалай салуға болады?

 

VIІ. Қорытындылау.

Ал, балалар сонымен бүгінгі сабақты не білдік? Не үйрендік? Қане есімізге түсірейікші? Кім айтады?

Кесте
Бағаналарды

қосу, өшіру

 

Жолдарды

қосу, өшіру

 

Ұяшықтарды 

бөлу

 

Ұяшықтарды

біріктіру

 

Кесте құру

әдістері

 

 

 

 

 

 

 

 

VIIІ. Үйге тапсырма беру

  • 22 Кестелер. Кестелерді құру.
  • Кесте толтыруға мәлімет дайындау. / отбасылық, сынып т,б/

 

ІX. Білімдерін бағалау.

Оқушыларды  смайликтер арқылы бағалау.

Жасыл смайлик  — 5

Қызыл смайлик — 4

Сары  смайлик — 3

1 минут Рефлексия .

Стикерге түсінбеген сұрақтарын, сабақтың қалай өткендігін және қалай өткізген ұнайтындығы туралы өз ойларын жазу.