Мәтінді редакциялау және пішімдеу

107

Сабақтың тақырыбы: Мәтінді редакциялау және пішімдеу

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға мәтін жазу ережелерін, мәтінді редакциялауды және мәтінді пішімдеуді тәсілдерін үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, белсенділіктерін дамыту, өзара көмектесу, жекелей жұмыс істей білу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: жауапкершілікке, шапшаңдыққа, тиянақтылыққа баулу, ақпараттық мәдениетке, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың типі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілдері: түсіндірме-көрнекілік, практикалық жұмыс, баяндау, сұрақ-жауап, тестілеу.

Сабақтың көрнекілігі: дербес компьютер, интерактивті тақта.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі

Қолданылған әдебиеттер: Информатика 5 сынып, интернет материалдары

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды түгендеу, сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.

  1. Тұтас жолды ерекшелеу үшін қандай әрекеттерді орындаймыз?
  2. Тұтас абзацты ерекшелеу үшін не істейміз?
  3. Мәтінді тұтас ерекшелеу үшін қандай әркеттер қолданылады?
  4. Мәтіннің ерекшеленген бөлігін қалай жылжытуға болады?
  5. Көшіру амалы қалай орындалады?

 

ІІІ. Білімдерін  жан-жақты жетілдіру.

 

 

 

Тақырып жолы 1

 

Мәзір жолы 2

 

Құрал саймандар тақтасы 3
Пішімдеу тақтасы 4

 

Сызғыш 5

 

Қалып-күй жолы 6

 

Жұмыс аймағы 7

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Семантикалық карта

 

Кірістіру
Құру
Көшіру
Басу
Ашу
Болдырмау
Қиып алу
Сақтау
Алдын ала қарау
Қайтару

 

ІҮ. Жаңа сабаққа даярлық

Сонымен балалар осы уақытқа дейін қандай тақырыппен танысып жатырмыз. Дұрыс айтасыңдар. Олай болса мына төмендегі сұрақтарға «Иә» немесе «Жоқ» деп қысқаша жауап беріп кетейікші:

  1. WordPad қарапайым мәтіндік редактор тобына жатқызуға бола ма?
  2. WordPad редакторды іске қосу үшін: Пуск-Все программы-Стандартные – WordPad Тізбегін орындау керек пе?
  3. WordPad терезесінде тақырып жолы бола ма?
  4. WordPad терезесінде «Пішімдеу» құралдар үстелі бола ма?

Дұрыс айтасыңдар балалар «Пішімдеу» тақтасы болады. Олай болса бүгінгі жаңа сабағымыз: «Мәтінді редакциялау және пішімдеу» деп аталады. Дәптерді ашып бүгінгі күнді жазып, жаңа тақырыпты дәптерімізге түсіріп аламыз.

Ү. Жаңа сабақ.

Мәтінді пішімдеу — бұл символдардың әлпеттерін, әр түрлі қаріптерді таңдаумен беттердің шетіне туралау.

Пішімдеу тақтасы арқылы мәтіндерді пішімдеу

 

 

 

 

 

 

                                                                     

 

 

 

Сол жақ шеті бойынша
Ортасы бойынша
Оң жақ шеті бойынша

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мәзір жолағы арқылы мәтіндерді пішімдеу

 

 

 

ФОРМАТ       ҚАРІП                                       ФОРМАТ           АБЗАЦ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шегіністер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мәтіннің фрагменттерін дәл көрсетілген жерге орналастыруға мүмкіндік беретін құралдардың бірі- Табуляция.

 

 

 

 

 

 

 

Редакциялау дегеніміз —  өңдеу, енгізу, өшіру, орын ауыстыру немесе құжаттың мазмұнын түзету.

Мәтінді редакциялау кезінде төмендегі пернелерді қолданамыз:

 

 

 

 

 

 

 

 

Enter пернесі жаңа жолға көшу,  абзац соңында немесе мәтінде бос жол жасау
Shift
пернесін басып тұрып, бас әріптерді теру
Caps Lock
бас әріптер режиміне ауысу
Backspace
меңзердің сол жағындағы символарды өшіру 

Delete — меңзердің оң жағында орналасқан символды өшіру

Компьютерде пратикалық  жұмыс

  1. WordPad программасын іске қос
  2. Мәтінді теріңдер.

Кодтау

Ақпарат алмасқанда ақпарат шығу көзінен байланыс арнасы арқылы қабылдағышқа жөнелтіледі.

 

  1. Төменде көрсетілім бойынша пішімдейміз.

 

  1. Мәтінді «Кодтау» деген атаумен сақтаңдар.

ҮІ. Жаңа сабақты бекіту.

“Кім жылдам” ойыны

  1. Келесі жолға өту батырмасы?
  2. Біріңғай бас әріптерге немесе кіші әріптерге ауыстыратын батырма?
  3. Бас әріппен жазу үшін қай батырманы басу керек?
  4. Мәтіндегі символды өшіру үшін қолданатын батырмаларды тап?

 

ҮІІ. Үйге тапсырма беру.

  • “Мәтінді редакциялау және пішімдеу” тақырыбын оқулықтан оқу.
  • Оқулықтан 178-179бетте “Өзіңді тексер” тест тапсырмасына жауап беру.

 

ҮІІІ. БІЛІМДЕРІН БАҒАЛАУ