Графикалық редакторының сурет салу құралдары

52

 

Ашық сабақ

Пәні: Информатика

Күні: 19.12.2014 ж.

Сыныбы: 5 “А”

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың тақырыбы: Графикалық  редакторының сурет салу құралдары.

Сабақтың мақсаты: 

Білімділік: Оқушыларды  Paint  графикалық  редакторының сурет салу  құралдарымен  және  олардың мүмкіндіктерімен таныстыру.

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу, пәнге деген қызығушылығын арттыру.                                                                                                                    Дамытушылық: Логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың ой – өрісін  дамыту, компьютерде Paint редакторының құрал – саймандарымен сурет салуды үйрету.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: интерактивті тақта, компьютер, оқулық, жұмыс дәптері, суретті кестелер, бағалау парағы.

 

Сабақтың өту барысы:

  1. Оқушыларды ұйымдастыру
  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру
  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру
  4. Тапсырмаларды орындау
  5. Сабақты бекіту
  6. Үйге тапсырма беру

    

Өткен материялды қайталау сұрақтары:

  • Графикалық редактор  дегеніміз  не?
  • “Paint ” сөзі ағылшын   тілінен  аударғанда қандай мағына білдіреді?
  • Графикалық редактор  бізге  не  үшін  қажет?
  • Расторлық бейнелер  неден  тұрады?
  • Paint редакторын  қалай  іске  қосамыз?

       

Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Оқушылар екі топқа бөлініп түстер бойынша тақырыптар таңдайды.

 

 

 

 

 

Таңдалған түстер бойынша сәйкестендіру кестесін толтырып, оны қорғайды (7 минутта аяқтаулары қажет).

 

Әр топқа техникалық диктант таратылады, оны орындап, талдайды.

Сергіту сәті: Бауырсақ

Тапсырмалармен жұмыс

1 — тапсырма

Оқушылар өз қалауы бойынша суреттердін біреуін, Paint редакторында салады және салынған сурет ішіне текст енгізеді.

 

 

 

2 – тапсырма

Шыршаның суретін салып, оның бірнеше көшірмесін шығарады.

 

 

Сабақты бекіту сұрақтары:

  • Түзу сызық сызу әрекеті қалай орындалады?
  • Тік төртбұрыш салу әрекеті қалай орындалады?
  • Дөңгеленген тік төртбұрыш салу әрекеті қалай орындалады?
  • Эллипс, шеңбер салу әрекеттері қалай орындалады?
  • Осы фигуралардың түстерін қалай өзгертуге болады?

 

Үйге тапсырма:  Paint графиктік редакторының құралдарын жаттау.

Рефлексия (Флешка, диск, дискета суреттерін қолдану арқылы өз ойларын білдіреді).