Модель және модельдеу

Cабақтың тақырыбы:     Модель  және  модельдеу

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды модельдер түрлерімен таныстыру

Дамытушылық: Оқушылардың қоршаған ортадағы модель түрлерін анықтай білу  қабілеттеріy

                               дамыту.

Тәрбиелік: Топта жұмыс істеу кезіндегі ережелерді сақтау, ынтымақтастыққа жұмыс істеуге

баулу.

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Құралдар-жабдықтар: Интерактивті тақта, оқулық, компьютер

Сабақтың барысы:   

  1. Ұйымдастыру
  2. Өткен материалды қайталау
  3. Жаңа сабақты түсіндіру
  4. Сабақты бекіту
  5. Сергіту сәті
  6. Компьютердегі тәжірибелік жұмыс
  7. Үйге тапсырма

Өткен материалды қайталау: Өткен тақырыптар бойынша тест жұмысы.

Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Модель – бұл глобус және әлем картасы, жердің тартылыс күшінің формуласы, көрме стендіндегі зымыранның макеті, мектептегі биология кабинетінің көрнекі құралдары, әйгілі суреттердің көшірмесі. Нақты нысандардың (түпнұсқа) зерттеу мақсатында адамның қолымен жасалған нысанды – модель деп атаймыз.

Модель – нақты нысанды, құбылысты немесе үдерісті қарапайым етіп түсіндіреді.

Модельдеу – нысандарды, үдерістерді және құбылыстарды зерттеу үшін модель құру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Зерттеу нысанының сызбасы

Неліктен нақты нысандарды, үдерістерді, құбылыстарды тікелей зерттемей модель құрып, модельдеу жүргізіледі?

Біріншіден, нақты уақыт барысында түпнұсқа болмауы мүмкін немесе мүлдем табиғатта жоқ болуы мүмкін.

Екіншіден, түпнұсқа көптеген қасиетке және өзара байланыстарға ие болуы мүмкін, ал бізді тек жеке бөлігі ғана қызықтыруы мүмкін.

Модельдеу келесі шешімдерді қабылдауға дәлелді мүмкіндік береді: яғни қалай үйреншікті нысандарды өзгерту керек, сонымен қатар бізді қолшаған ортаны қалай жақсы жағына қарай өзгерту керек.

Модельдеу кезеңдері

            Модельдеудің барлық кезеңдері мақсатқа және есептің қойылуына байланысты анықталады. Модельдеу – шығармашылық үдеріске жатады және ерекшеленген кезеңдер әр нақты жағдайда өзгеріске ұшырауы мүмкін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                   Модельдеу кезеңдері

Бірінші кезеңде қарастырып ртырған есепті түсінікті тілмен сипаттау маңызды. Кез келген есепті (мәселені) 2 топқа бөлуге болады:

  1. Нысанның іс-әрекеттен кейін қандай өзгеріске ұшырайтынын анықтау керек, яғни

«егер… не болады?» деген сұраққа жауап беру керек (банк бөлімшесіндегі тек бір менеджерге сағат сайын еселеніп 5 адамнан қосылып отырса).

  1. Кері есеп: Қойылған шарттарды қанағаттандыру үшін нысанға қалай ету керек, яғни

«ол үшін не істеу керек…»деген сұраққа жауап береміз. Банк бөлімшесіне келген барлық келушілерге  қызмет етіп үлгеру үшін не істеу керек?

Келтірілген мысалдан қоғамдық мәселелерді зарттеу кезінде модельдеу өте маңызды рөл атқарады.

Зерттеу мақсаты ретінде мыналарды айтуға болады:

  • Қоршаған ортаны танып білу;
  • Берілген қасиет бойынша нысанды құру;
  • Әсердің нысанға тигізер салдары;
  • Құбылыстарды, үдерістерді және нысандарды тиімді басқару.

Нысанды модельдеу барысында талданатын нысанды нақты көрсету қажет.

Модель құру барысында тек  маңызды сипаттамаларын ескеру қажет. Зерттеу нысаны ретінде мектеп оқушылары болса, онда дәрігермен және сынып жетекшінің қызықтыратын мақсаттары әртүрлі болады. Дәрігер үшін оқушылардың бойы, салмағы, бір жері ауырып тұр ма, жоқ па, сол маңызды. Ал сынып жетекшісін оқушының отбасы құрамы, қоғамдық жұмысқа қарым-өатынасы, оқып жатқан пән бойынша орташа балы, үлгерімі қызықтырады. Осы берілген мәліметтерді сандық, мәтіндік немесе басқа формада беруге болады.

Компьютердегі тәжірибелік жұмыс: 77 беттегі А және В  деңгейі

Сабақты бекіту сұрақтары:

  1. Модель дегеніміз не?
  2. Құбылыстан, үдерістен және нақты нысанна модельдің айырмашылығы неде?
  3. Модельдеудегі түпнұсқаның маңызы.
  4. «Үстел» нысанын содельдеуге мысал келтіріңдер.
  5. Есепті модельдеудің екі типін анықтаңдар. Мысал келтіріңдер.

Үй тапсырмасы: 73 бет §13 оқу. Өз қалауынша қандай да бір объектінің моделін құрастыру