Power Point – қа графикалық файлдарды енгізу

77

Сабақтың тақырыбы: Power Point – қа графикалық  файлдарды   енгізу

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Power Point редакторына әртүрлі графикалық  суреттерді , диаграммаларды , жазулар  мен сызбаларды  орнату жолдарын үйрету;

Тәрбиелік: Компьютермен жұмыс кезінде ұқыптылыққа, тиянақтылыққа және техника қауіпсіздік ережесін дұрыс сақтай білуге үйрету;

Дамытушылық: Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін жан – жақты дамыту;

 

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың типі: жаңа білімді игерту сабағы.

Сабақта қолданылатын  әдіс – тәсілдері: түсіндірмелі, практикалық, деңгейлік тапсырмалар — СДО

Қолданылатын құрал –жабдықтар мен көрнекіліктер: компьютерлер, бейнепроектор,электрондық оқулықтар

Пәнаралық байланыс: математика, бейнелеу.

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:  1. «Информатика негіздері» журналы

  1. « Практикум» оқулығы

3.С.Т.Мухамеджанова «Ms Office    бағдарламасы»

Сабақтың барысы:

І . Ұйымдыстыру кезеңі:

  1. Ұжымдық әрекет;
  2. Санитарлық – гигиеналық ережелерді сақтау әрекеті;
  3. Техника қауіпсіздік ережелерді сақтау әрекеті;
  4. Оқушылардың назарларын сабаққа аудару;

 

ІІ . Үй тапсырмасын сұрау:

І – кезең :«Бағдаршам»  ( Сабақты сұрай кезінде оқушы өзінің қандай дайындықта екенін білдіру мақсатында картоннан жасалған ұзын таяқшасын көрсетеді. Таяқшаның бір жағы қызыл, екінші жағы жасыл болады. )

 

  1. Презентация ұғымы не деген мағына береді?
  2. Power Point бағдарламасын қалай іске қосамыз?
  3. Қандай терезе элменттерден тұрады?
  4. Power Point – та неше бейнелеу режимі бар? Қандай?
  5. Слайда орындалатын объектілер қандай?
  6. Жаңа презентация жасаудың неше әдісі бар?
  7. Power Point – та үлгітүрдің неше түрі бар?

 

ІІІ . Жаңа тақырыпты түсіндіру:

 

А) 1-3 деңгей тапсырмаларына мұғалімнің қысқаша түсініктемесі.

ә) Компьютерде өз бетінше деңгейлік жұмыстарды орындау.

 

Деңгейлік тапсырмаларды орындау.

І – деңгей:

  1. Power Point   бағдарламасын ашыңыз.
  2. Формат – фон командасын орындаңыз.
  3. Исключить фон образца пунктінде жалаушаны алыңыз және оң жақтағы үшбұрышты тышқанмен шертіңіз.

 

ІІ – деңгей:

  1. Способы заливки ді таңдаңыз. Рисунок жапсырмасын таңдаңыз
  2. Бір суретті таңдап ОК батрмасын басыңыз.
  3. Екінші бос бет құрыңыз. Беті Другие цвета бөлімі арқылы фон құрыңыз.

ІІІ – деңгей:

  1. Заголовок слайда өрісін өшіріп, І – оқу тоқсанының қорытындысы деп жазыңыз.
  2. Заголовок и объект бөлімінен диаграмманы таңдаңыз.
  3. Диаграмма өрісін толтырыңыз. «10 – сынып» деп сақтаңыз»

 

Сабақты қорытындылау:

Сұрақтар мен тапсырмалар арқылы сабақты бекіту.

Бағалау:

Үйге тапсырма беру:   Графикалық файлдарды  ендіру.

 

 

Жақсылықова Жаңагүл

Арал ауданы, №82 орта мектептің

ІІ санатты информатика пәні мұғалімі.