Сызықтық алгоритм блок-схемасы

297

Сабақтың тақырыбы: Сызықтық алгоритм блок-схемасы

Сабақтың  мақсаты:  

 Білімділігі:: Сызықтық  алгоритм тақырыбын түсіндіре отырып, оқушыларды күнделікті өмірдегі әрбір іс-әрекеттерінің алгоритімін құра білуге үйрету. Оқушыларға алгоритмнің блок- схемасы  туралы жалпы мағлұмат беру.

Тәрбиелігі:Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа,ынтымақтылыққа,сабырлылыққа, еңбек сүйгіштікке, тәрбиелеу.

Дамытушылығы:Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру.Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық  сауаттылығын дамыта отырып, олардың  пәнге  деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту сабағы

Сабақтың көрнекілігі:ДК, оқулықтар, дәптерлер, интерактивті тақта, презентация, (көзге арналған жаттығу),  таратпа карточкалар.

Сабақтың барысы:    

а) ұйымдастыру кезеңі

б) үй тапсырмасы

г) жаңа  сабақ

д) бекіту

е) үйге тапсырма

ж) қорытынды

Үй тапсырмасын тексеру. Қатесін тап.

Жаңа сабақты түсіндіру
Сызықтық алгоритм

Алгоритмдер блоктардың өзара байланысуына қарай үш құрылымға – сызықтық ,тармақтық және циклдік түрлерге бөлінеді

Алгоритм құрылымындағы сызықтық алгоритм жай командаға жатады.

Сызықтық  немесе  тізбекті  алгоритм. Сызықтық алгоритм тізбектеле орналасқан командалардан, ал блок-схемалар бір сызық бойына орналасқан тізбекті блоктардан тұрады.

Әрекеттердің тізбектей орындалуы – сызықтық алгоритм деп аталады.

Сергіту сәті.Сандарды (1,2,3,4,5) мұрнымен,белімен,аяғымен жазу.

Әрбір оқушыға үлестірме карточкалары арқылы жеке тапсырмалар беру.

Есептер шығару.

  1. Екі санның қосындысын табу

алгоритмін және блок-схемасын құр.

керек.

алг қосынды;

арг а,в;

нәт х;

басы

енгізу а, в;

х=а+в;

шығару  у;

соңы.

Тапсырма №1.

Төтенше жағдай тудырмау үшін, «Судың қайнау» алгоритмін дұрыс құру.

Алгоритм«Судың қайнауы»:

 

 

 

 

 

Тапсырма №2

«Ағашты өсіру» алгоритмінің реттілігін дұрыс орналастырыңдар.

 

 

 

Шұңқырды толтыр…

 

Шұңқырды қаз
Су сепкішті алып, көшетті отырғыз
Күрек пен көшетті ал

 

Көшетті шұңқырға сал.

 

Күрек пен су сепкішті орнына қой

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тапсырма№3.Апана жұмыртқа қуыруға көмектес, орындау реттілігін көрсет

Тапсырма№4

Досыңның туған күніне бару алгоритмі.

алг  туған күнге бару алгоритмі

басы

сыйлық дайындау;

құттықтау хат дайындау;

әдемі киініу;

мерекеге бару;

соңы

 

Тапсырма№5

Бірінші оқушы бір сағатта m себет, 2-оқушы n себет, ал 3-ші оқушы k себет алма жинаса, олар t сағатта қанша себет алма жинайды?

Есептің формуласын қарастырайық:

Егер 1 сағатта m,n,k себет алма жинаса, t сағатта жинайтын алмасы: t*(m+n+k) блады.

 

Олай болса алгоритм:

 

алг  алма жинау (бүтm,n,k,t,s)

аргm,n,k,t

нәтs

басы

s: = t*(m+n+k)

енгізу (m,n,k,t);

s:=t*(m+n+k);

шығару s

соңы

 

 

 

 

 

Сызықтық алгоритм командалары осында көрсетілген рет бойынша орындалатын тізбектеле орналасқан командалардан (блоктардан) тұрады.

Амалдардың бұлай бірінен соң бірі реттеліп орындалу тәртібін табиғи атқарылу дейді.

Тапсырма№6 Әрбір оқушыға үлестірме карточкалары арқылы жеке тапсырмалар беру.

Үш бүтін санды қосындысын алгоритмін  және блок схемасы құруларыңыз керек.

 

 

 

 

алгқосынды  (нақa, b, x, z )

аргa, b, x

нәтz

z : = а + х + в

басы

енгізу (a, b, x)

z: = a +x + b

шығару (z )

соңы

 

 

Сонымен қарастырылған алгоритм қарапайым сызықтық  алгоритмнің мысалы болып табылады.

Орындаушы шегіртке сандық ось бойымен берілген сан бөліктеріне секіреді. Орындаушы Шегіртке бұйрықтарының жүйесі: оңға 3(3 бірлік кесіндіге оңға секіреді) және солға 2 (2 бірлік кесіндіге солға секіреді). Бастапқы орны 0.  Шегірткеге 2 санына жетуге көмектесетін сызықтық алгоритм құр.

Тапсырма№7

“Өзеннің жағасында қасқыр, ешкі, капуста және қайықпен тасушы бар екен. Тасушы қасқыр, ешкі, капуста үшеуін, қасқырды ешкімен, ешкіні капустамен жеке қалдырмай отырып өзеннің келесі жағасына көшіруі керек. Мұны қалай жасауға болады.”

 

 

 

 

Бекіту. Сәйкестенділу тест. Есептер шығару:тапсырманы орындап, есептер шығарады

Бағалау.

Критерий бойынша бағалау парағын алып, жаңа сабақ бойынша өздеріңді бағалаңдар.

Бағалау парақтарыңызды бақылаушыға беріңіздер.

Бақылаушылар  ұпайларын қорытындылай қойыңыздар.

Үйге тапсырма: Оқу  Екі санның қосындысының квадраттарын және көбейтіндісін табу

 х = (a+ b) [1] , у = a* b