Ақпарат. Ақпарат түрлері, мазмұны және қасиеттері

89

Тақырыбы: Ақпарат. Ақпарат түрлері, мазмұны және қасиеттері

Мақсаты: Ақпарат, ақпарат мазмұны, түрлері және қасиеттері туралы білімді қалыптастыру.

Көрнекіліктер:  суреттер, түрлі- түсті  қаламдар, ақ парақ, компьютердің құрылғылары.

Қолданылатын

әдіс-тәсілдер:   өзіндік жұмыс, постер жасау, миға шабуыл, Блум таксономиясы, екі жұлдыз бір тілек, сергіту сәті, өзара бағалау.

Сабақ барысы:

І  Ұйымдастыру кезеңі

а) Оқушылармен сәлемдесіп, түгендеу.

б) Сабаққа дайындығын, құрал жабдықтарының түгендігін тексеру. (3мин)

ІІ  Үй тапсырмасын тексеру.

Қауіпсіздік ережесі

Тест тапсырмасын алу. (7 мин)

  1. Неге компьютердің үстіне кітап, дәптер және т.б. заттар қоюға болмайды?

А. Өте ауыр

В. Ауа алмасуы ( желдету) бұзылады

С. Ұнамсыз

D.Экран жабылып қалады

  1. Компьютермен жұмыс істегенде қандай ережелерді міндетті түрде сақтау керек?

А. Біріктіру сымдарының  ажыратқыштарын ұстау

В. Компьютерді Power батырмасын басу арқылы өшіру

С. Пернелерді ақырын  басу

Д. Компьютерде кір және су қолдармен жұмыс істемеу

  1. Компьютермен жұмыс істегенде көзге шамадан тыс күш түсірмеу үшін не істеу керек?

А. Көзге арналған гимнастиканы әрбір 10-15 минут сайын жасап отыру

В. Төрт сағаттан артық үздіксіз жұмыс істеу

С. Қолға арналған гимнастиканы әрбір 2 сағат сайын жасау

Д. Арасында мониторды өшіріп отыру

  1. Компьютердегі жұмысты аяқтаған оқушы не істеу керек?

А. Мұғалімнің нұсқауы бойынша жұмысты аяқтап,жұмыс орнын ретке келтіру

В. Компьютерді ажырату батырмасын басу

С. Тұрып,кабинеттен шығу

Д. Бөлмені сүртіп шығу және желдету

  1. Компьютерде үздіксіз жұмыс істеу ………. аспауы керек

А. 6 сағаттан

В. 45 минуттан

С. 2 сағаттан

Д. 15 минуттан

  1. Егер компьютер сендердің сұраныстарыңа жауап бермесе,не істейсіңдер?

А. Мұғалімді шақырамын

В. Ақауды өз бетеммен жоямын

С. Компьютерді электр желісінен ағытамын

Д. Сыныптасымнан көмек сұраймын

  1. Көзден экранға дейінгі арақашықтық қанша болуы керек?

А. 10-15 см

В. 20-30 см

С. 40-50см

Д. 55-65 см

  1. Мұғалімнің рұқсатынсыз компьютерге флешкалар мен дискілерді қосуға болмайтын себептерді көрсетіңдер

А. Мектеп компьютерінен керегі жоқ ақпаратты көшіріп алуы мүмкін

В. Компьютерді вируспен зақымдау қаупі бар

С. Компьютердің ажыратқыштарын жиі қолданғаннан олардың бұзылуы мүмкін

Д. Компьютерге көп ақпарат тасығыш қосуға болмайды

ІІ   Жаңа сабақты түсіндіру. Сыныпты сурет қиындылары арқылы топқа бөлу.

а) Сынып   манитордың, пернетақтаның, жүйелік блоктың суреттерін құрастыру арқылы топқа бөлінеді. (3 мин)

І топ: «МОНИТОР»

ІІ топ: «ПЕРНЕТАҚТА»

ІІІ топ: «ЖҮЙЕЛІК БЛОК»

ә) Тақырыпты үш топқа мазмұнына қарай бөліп беріп, өзіндік жұмыс жасатамын.

І топ:  тақырыбы:  «Ақпарат туралы түсінік, Ақпарат көздері»

ІІ топ: тақырыбы: «Ақпаратты қабылдау. Ақпарат түрлері, Ақпаратты ұсыну түрлері» ІІІ топ: тақырыбы: «Тіл таңбалық жүйе ретінде. Ақпараттың қасиеттері»

б) Әр топ берілген тапсырма бойынша  постер жасайды.

в) Сергіту сәті.(3мин)

 
г) Әр топ берілген тапсырма бойынша жасаған постерлерін кезек-кезек қорғайды.

д) Формативті бағалау. Екі жұлдыз – бір тілек.(Сабақ барысында ұнаған екі нәрсе, тағы қосу қажет деген бір тілек )

ІІІ  Жаңа сабақты қортындылау.  Сөз жұмбақ, ребус  құрастырып   топтар бір бірімен алмасып, орындайды.

ІҮ  Үй тапсырмасын беру.

  • 2 Ақпарат және ақпарат мазмұны, түрлері, қасиеттері. Мазмұндау.

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары.

Ү. Бағалау