Әділ – нысаналық бағдарлау (Объектті – бағытталған программалау)

Сабақтың тақырыбы:  Әділ – нысаналық бағдарлау (Объектті – бағытталған программалау)

  1. Сабақтың мақсаты:

         Білімділігі: Бала бойына бүгінгі тақырыпты өту барысында  білімдерін арттыру.

Тәрбиелігі: Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа, ынтымақтылыққа  тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктріп,

пәнге деген қызығушылығын арттыру.

        III. Сабақтың түрі:     аралас сабақ

  1. Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық
  2. Сабақтың көрнекілігі: копьютер, топтама, тест сұрақтары т.б.
  3. VI. Оқыту формалары: жеке, топтық, ұжымдық

        VII.  Пайдаланған әдебиеттер: Н.Ермеков, М.Ермеков, С. Ноғайбаланова Информатика 10 сынып оқулығы, Балапанов Информатикадан 30 сабақ, Информатика негіздері журналы.

VIII.  Сабақтың барысы:

А) ұйымдастыру кезеңі

Б)  сабақ сұрау

В) Бағалау

Г) Жаңа сабақ

Д) Бекіту

Е) Үйге тапсырма

Ж) Қорытынды

Балалар біз өткен сабақта Әділ – нысаналық бағдарлау  деп аталатын жаңа тақырып өткен болатынбыз. Өткен сабақтар бойынша кім үйге берілген сабақты айтады деп? Деп бірнеше оқушыдан үй тапсырмасын сұраймын.

Жаңа сабақ

Программалаудың осы бағытының негізін салушылардың бірі Алан Кэйдің баяндамасында Объектті-бағытталған программалаудың мынадай принциптері берілген:

  1. Барлығы объект болып саналады.
  2. Объекттер бір-бірімен хабарлама жіберу арқылы әрекеттеседі.
  3. Хабарлама- қимылға келтіру үшін керекті аргументтер жиынтығымен қамтылған әрекетті жасауға сұрау.
  4. Әрбір объекттің онда басқа объекттер орналасқан тәуелсіз жадысы бар.
  5. Әрбір объект объекттердің жалпы қасиеттерін білдіретін кластың өкілі болып саналады.
  6. Класта объекттің іс-әрекеті беріледі. Бір кластың барлық объекттері бірдей әрекеттерді жасай алады.
  7. Кластар жалпыға бірдей, біріңғай иерархиялық ағаш тәріздес құрылым ретінде ұйымдастырылған. Кейбір класт объекттерінің жадысы мен іс-әрекеті иерархиялық ағаштың төменгі сатысында орналысқан әрекеттерді қайталайды.

Осылайша Программалаудың объекті-бағытталған стилінің негізінде объект түсінігі жатыр, ал мәні «объект=» мәліметтер + процедура» формуласымен анықталады. Әрбір объект  өзінде мәліметтердің кейбір құрылымы мен әдістеме деп аталатын тек оған ғана ашылатын, осы  мәліметтерді  өңдеу процедураларын интеграциялайды. Бір объектте мәліметтер мен процедуралардың бірігуі инкапсуляция деп аталады.

Әділ – нысаналық бағдарлау — әдітерін қолданумен шешілетін мәселе, объекттер мен терминдерде баяндалады. Мұндай жағдайдағы программа объектер жиынтығы мен олардың арасындағы байланысты көрсетеді, пл программалау процесі – бардың арасынан табу немесе жаңа объекттерді жасау және олардың арасында қатынас орнату. Жңа объекттерді жасау кезінде объекттер қасиеті қосылуы немесе алдыңғы объектерден алынуы мүмкін. Объекттермен жұмыс кезінде полиформизм де болуы мүмкін — әр түрлі мәліметтерді өңдек үшін бірдей атқа ие әдістерді қолдану мүмкіндігі. Соңғы уақытта көптеген программалар, әсіресе  объектті бағытталғн, визуальды программалау жүйесі ретінде жүзеге  асырылуда. Мұндай жүйелердің ерекшелігі дайын «құрылыс блоктарынан» тұратын, программаларды жасайтын мықты орта. Ол программалы операцияларды кодтамай-ақ диалогты режимде программалау өнімінің интерфейсті бөлімін жасауға мүмкіндік береді. Объекті                                                                                          — бағытталған визуалды программалау жүйесін Visual Basic, Delphi, C+Builder және Visual C++

Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:

  1. Объекті-бағыттылған программалаудың негізгі принциптері.
  2. Программалауды объекті-бағытталған программалау кезінде программа нені білдіреді?
  3. Программалаудың объектті-бағытталған тілдеріне мысал келтіріңдер

Жаңа сабақты бекіту

  IX .Үйге тапсырма

Әділ – нысаналық бағдарлау

(Объектті – бағытталған программалау)

  X . Сабақты қорытындылау

  Жаңа материалды пысықтау,оқушылардың меңгерген білімдерін талдау,бағалау.

 XI . Бағалау.