Көктем

21
  1. Дүниетану.Сабақтың тақырыбы:.Көктем

Сабақтың мақсаты: 1 Көктем мезгілі туралы түсінік беру  2 Әсемдікті сезіне білуге, табиғатты сүюге тәрбиелеу.3  Көктемгі өсімдік , табиғат құбылысындағы болатын өзгерістерді тани білу.

Сабақтың көрнекілігі: Жыл мезгіліне байланысты суреттер.

Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру:1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Өткен сабақты еске түсіру: Қыста адамдар қандай жұмыстар істейді?

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ:а) Көктем көрінісі туралы суреттер көрсете отырып, ауа райында,табиғаттан қандай өзгерістерді байқағанын әңгімелету.  ә) Көктем туралы оқып беру. б) Дауыстап оқыту.

Сергіту сәті.

Ү. Жаңа білімін тексеру:-Жапырақ неден пайда болады?  -Ерте гүлдейтін өсімдіктерді атаңдар.-Көктем айы қай айдан басталады?-Наурыз сөзіне түсінік бер.-Ұлыс күнін қазақ елі қалай бағалаған?-Науырызда пісірілетін тағам не деп аталады?

ҮІ. Сабақты қорытындылау:Біз  не  жайында  білдік?

ҮІІ.Үйге тапсырма,бағалау.