Picture, ImageBox компоненттері

43

І.  Сабақтың  тақырыбы:  Picture, ImageBox  компоненттері

ІІ.  Сабақтың  мақсаты:

       А)  Білімділігі:  білімділікке,  сауаттылыққа,  ойлау  ұшқырлығын  дамыту

       ә)  Тәрбиелігі:  икемділік  қасиетімен  шабытты  болуға  қалыптастыру

б)  Дамытушылығы:  оқушылардың  ойлау  қабілетімен  қызығушылығын  арттыру

ІІІ. Сабақтың  түрі:  Аралас  сабақ

  1. Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест  сұрақтары  т.б.
  2. Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі,  практикалық

VІ. Оқыту  формалары:  жеке, топтық  және  ұжымдық

VІІ. Пайдаланылған  әдебиеттер: Н.Ермеков, М.Ермеков, С.Ноғайбаланова  Информатика  10  сынып  оқулығы,  Балапанов  Информатикадан  30  сабақ, Информатика  негіздері  журналы. Информатика  негіздері  журналы. О.Камардинов Bisual  Basic ортасы, Ж.Динисламов Bisual  Basic ортасы.

VІІІ.  Сабақтың  барысы: 

а)  ұйымдастыру

ә)  сабақ  сұрау

б)  жаңа  сабақ

в)  бекіту

г)  үйге  тапсырма

д)  үйге  тапсырма

е)  қорытынды

 

Жаңа  сабақ

 

   —  Picture  компоненті (бейне-қорап) компоненті  формаға  графикалық  объектілерді кірістіру  үшін  қолданылады. Picture объектісінің  графикалық  өрісіне  әртүрлі  типті  графикалық файлдар  мен  текстік  фрагменттерді,  ішіне  геомтериялық  фигураларды салуға  және  басқа  да графикалық  объектілерді  кіргізуге  болады. Сонда  графикалық  өрістер  форманың  ішінде  форма  сияқты  жұмыс  жасайды.

Picture Box объектісінің негізгі қасиеттері:

AutoSize – графикалық өріс өлшемдерін кірістірілген элемент (сурет, картина) өлшеміне шақтап өзгерту,

Picture кірістірілген графикалық файл жолы,

Image – қосымша орындалып жатқанда бір өрістен екінші өріске сурет көшіру, мысалы процедура денесінде мынадай қатар жазылса: Piture1.Picture=Picture2.Image онда Piture1 графикалық өрісінде орналасқан суреттің орнына Picture2 өрісіндегі сурет келеді.

Circle. Line, Pset-объектінің ішіне фигуралар салу әдістері, мысалы төмендегі қатар ішіне шеңбер салады.

Picture1.Circle(1100,1000),750

ImageBox(сурет-қорап) компоненті графикалық өрістің қарапайым түрі болып табылады. Picture Box компонентінен айырмашылығы сурет объектісінің ішіне басқа объектілер кірістіре алмайды. Қосымша ImageBox компонентімен енгізілген суреттер жадта аз орын алады.

 ImageBox  объектісінің негізгі қасиеттері:

Picture-кірістірілген файл жолы

Stretch-текстік объектілердің қасиетіне ұқсайды, егер мәні  True болса, онда сурет объектінің өлшемдеріне шақ кішірейеді немесе үлкейеді, егер False болса, онда объкт өлшемдері сурет өлшемдеріне шақ өзгереді.

 

Жаңа  сабақты  бекіту

ІХ. Үйге  тапсырма

 Picture, ImageBox  компоненттері

Х. Сабақты  қорытындылау

Жаңа  материалды  пысықтау,  оқушылардың  меңгерген  білімдерін  талдау, бағалау.

ХІ. Бағалау.