Мәтіндік құжаттарға графикалық кескіндерді кірістіру және салу

95

Сабақтың тақырыбы: «Мәтіндік құжаттарға графикалық кескіндерді кірістіру және салу»

Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларға мәтіндік құжаттарға графикалық кескінді кірістіру және салу жайлы мәліметтер беру. Құжатқа суреттер енгізу, салу,безендірудің әдіс-тәсілдерін үйрете отырып,білім-білік дағдыларын қалыптастыру.
2. Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін дамыту, танымдылыққа, ізденімпаздыққа баулу, шығармашылық қабілетін дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
3. Тәрбиелік: жылдамдыққа, сауаттылыққа, әр сабақта қауіпсіздік ережені  сақтауға, техникалық құралдарды сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдістері: түсіндіру, сұрақ-жауап, ой қозғау, ақпараттық-коммуникациялық технологияны пайдалану,сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері,өз бетімен жұмыс, жеке жұмыс, шығармашылық жұмыс.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту.
Көрнекілігі:  компьютер, суреттер, карточкалар,перфокарталар, электронды оқулық ,графопроектор арқылы слайдтар көрсету ,Интернет желісі,сабақта қолданатын MS Office программалары.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, бейнелеу,ағылшын тілі,орыс тілі , математика.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:1) Сәлемдесу.2)Оқушыларды түгелдеу, сабаққа жұмылдыру, компьютердің дайындығын бақылау, техникалық қауіпсіздігін ескерту.
II. Үй тапсырмасын сұрау.

1.MSWORD мәтіндік редакторын іске қалай қосамыз?

  1. MSWORD мәтіндік редкторында құжатты қалай құрамыз,ашамыз,сақтаймыз?

3.Беттің параметрлерін қалай береміз?

4.Бетті жиектеуді (рамканы) қалай құрамыз?

5.Құжатты алдын-ала көріп шығу және фигуралық мәтінді жазу үшін қандай батырмаларды қолданамыз?

  1. Бет өрістерін рәсімдеу әдістерін сипаттаңыз?
  2. Бет нөмірлері қалай қоюға болады?
  3. Колонтитулдар деген не? Онда қандай хабарламалар болуы мүмкін?
  4. Кесте дегеніміз не?

10.Құжатта кестені даярлаудың әдістерін ата.
 

 

 

 

 

 

Тақырыпқа қызығушылықты ояту.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

III.Жаңа сабақ.

қолдану саласына дайындау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бүгін балалар біз өзімізді  сыныпта емес, баспаханада отырмыз дейік, яғни әртүрлі кітаптарды дайындап баспаханадан жан-жаққа жіберуіміз керек деп көз алдымызға елестетейік. Біздер осы кітаптарды шығару үшін суретші-безендіруші, көркемдеуші рольдерін атқарамыз.Ол үшін бізге информатикадан алған білімдеріміз және біздің нағыз досымыз, әрі көмекшіміз компьютер көмектеседі. Ал, сендер MS Word-та бетті көркемдеуді және фигуралық мәтінмен жазуды үйрендіңдер. Ал бүгінгі біздің сабағымыздың мақсаты осы құжатқа графикалық кескіндерді кірістіруді үйрену.
Мағынаны танып білу.

Дайын суреттер кітапханасынан суретті кірістіру үшін мынадай әрекеттерді орындау керек.
1. Мәтінді енгізіп алу қажет .
2. Кірістіру(Вставка) –Сурет( Рисунок) –Картинкалар( Картины) командасын орындау.
3. Microsoft Clip Gallery диалог терезесінде Картинки қосымшасын және сурет категориясын таңдау.
4. Суреттері бар терезеде ашылады, таңдалынған суретте маусты шертіңіз
5. Мәтінге суретті кірістіру үшін Вставить батырмасы бойынша шертіңіз.
6. Егер сізді өлшемі қанағаттандырмайтын болса, онда оны үлкейтіңіз немесе кішірейтіңіз. Ол үшін сурет бойынша маусты шертіңіз, меңзерді суреттің бұрышына орналастырыңыз. Меңзер қос бағыттауышының формасын алуы қажет және бағыттаушыны көлденеңінен жоғары немесе төмен жылжытыңыз.
7. Суреттің өлшемін қалауымызша таңдағаннан кейін осы бойынша маустың оң жақ батырмасын шертіңіз.
8. Жанама менюден Формат рисунка командасын таңдаңыз. Формат рисунка диалог терезесінде Положение қосымшасы бойынша шерту және Поверх текста опциясында жалаушаны алып тастаңыз , ОК шерт.
9. Кірістірілген сурет мәтіннің оң не сол жағына орналасуы үшін , Обтекание қосымшасын таңдау қажет. Вокруг рамки және По большей стороне квадраттары бойынша шерт және ОК шерт.

Мәтіндік құжатқа графикалық кескіндерді файлдан кірістіру үшін мынадай әрекеттерді орындау керек:

  1. Кірістіру (Вставка) -> Сурет (Рисунок) ->Файлдан ( Из файла).
    2. Пайда болған Сурет орналастыру терезесінен, яғни суреттер қоймасындағы буманы ашу.
    3. Керекті суретті таңдап, тышқанмен оны шертіп, қою (вставка) батырмасын басу.
    Кейде кескіндермен жұмыс істегенде оларды бұруға, орын ауыстыруға және өлшемін өзгертуге тура келеді. Суреттің орнын ауыстыру, бұру және өлшемін өзгерту үшін мынадай әрекеттерді (алгоритмді)орындау керек:

1.Тышқанмен суретті шертіп, оны ерекшелеу .

  1. Пайда болған Настройка изображения (Кескінді баптау) панелінде Обтекание текстом (собачка) таңдап, одан Сквозное таңдау.
  2. Пайда болған жасыл маркердің көмегімен кескінді бұруға, кішкене ақ дөңгелектер пайда болғанда өлшемін өзгертуге болады.
  3. Суретке тышқанды шертіп, батырмасын жібермей , оны қалаған

жерге орын ауыстыруға болады.

MicrosoftWord-та суреттерді салу үшін арнайы құралдар қолданылады.

Түр(Вид)- Құрал-жабдықтар тақтасы(Панель инструментов)- Сурет(Рисование) командасын таңдау керек.Сонда экранда сурет салу үшін құрал-жабдықтар тақтасы пайда болады.
Microsoft Word  құжатына басқа программаларда жасалған, яғни Paint графикалық редакторында салған суреттеріңді кірістіруге де болады. Paint — та салған сурет алмасу буферінің көмегімен белгілі  командаларды пайдаланып кірістіріледі.. Обьектілерді көшіруге және оларды құжаттың кез келген жеріне қоюға болады.

Суретті өшіру үшін оны белгілеп және  Delete (Өшіру) пернесін басу  керек.Мына ережені есте сақтау!!! Суретпен жұмыс жасау үшін, оны алдымен «ерекшелеп» алу керек.

Дәптермен жұмыс.Слайдта көрсетілген командаларды жазып аламыз.
Компьютермен жұмыс.

1.Электронды оқулықпен жұмыс.

2.Интернет желісімен жұмыс.  Біздің «Мектеп баспасына» тапсырыс келіп түсті, яғни «8-сынып» Информатика оқулығының сыртқы мұқабасын көркемдеу. Кәне балалар айтыңдаршы, кітаптың сыртқы мұқабасында не болу керек?

( Кітаптың авторы, аты, сыныбы және суреті болу керек.)
Олай болса кітаптың сыртқы мұқабасын көркемдеуге кірісейік.

 

 

 

Е.В.Шевчук       Н.С. Кольева

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«МЕКТЕП» БАСПАСЫ

Сергіту сәті. Жаттығу орындау.

Тақырыпқа ой-толғаныс.1.Эйлер-Венн диаграммасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Топтастыру стратегиясы

                                                 Блок-схема

Сызық                                                                                            Фигуралық бағ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі

фигуралар                                                                          Жұлдызша мен лента

 

IV.Сабақты бекіту:

  1. MicrosoftWord-қа суретті қалай кірістіруге болады?
    2. Суретті үлкейту, созу, кішірейту, көшіру амалын айтып бер?
    3. Paint редакторындағы суретті қалай мәтінге енгізуге болады?
    4. Суреттің параметрін қалай өзгертеміз??
  2. Word құжатында сурет қалай өшіріледі?

6.Қандай құрал-жабдықтар тақтасының көмегімен Word-та сурет салуға болады?

7.Сурет тақтасын қалай іске қосады?

8.Экранның қай жерінде құрал-жабдықтар тақтасы орналасқан?
V.Үйге тапсырма: Мәтіндік құжаттарға графикалық кескіндерді кірістіру

және салу. (89-92 беттер оқуға)

92-беттегі 6 сұраққа жазбаша жауап беріп келу.

Paint пен Word –та сурет салудың ұқсастықтары мен ерекшеліктері қандай?

VI.Бағалау.Өзін-өзі бағалау парақшасы бойынша.

 

 

Аты-жөні: ————————————————— Сыныбы: ————

 

Күтілетін нәтижелер Балы Өзін-өзі бағалау Бағасы
1 MicrosoftWord мәтіндік редакторды іске қоса аламын        1
2 MicrosoftWord мәтіндік редакторды терезесінің негізгі элементтерінің атауын білемін        1
3 Жаңа құжат құру,құжаттарды ашу,құжатты сақтау  әрекеттерін орындай аламын        1
4 Батырмалалардың көмегімен мәтін фрагментін ерекшелей аламын        1
5 Мәтіндік құжатты редакциялай аламын        1
6 Мәтіндік құжатты пішімдей аламын        1
7 Мәтін абзацын пішімдеу білемін        1
8 Құжат беттерін рәсімдеу білемін        1
9 Кестелерді жасау әдістерін білемін        1
10 Алмасу буферін пайдаланып, мәтін үзіндісін көшіре аламын        1
11 Мәтінге сурет қоя аламын       1
12 Мәтіндегі суретті жылжыта аламын       1
Максимум

12 балл

 

Оқушылар өздері игерген білім мен біліктер бойынша «Күтілетін нәтижелер»

кестесіне балл қояды. Ауыстыру шкаласын пайдаланып,өздерінің білімдерін 5 балдық жүйеде бағалайды.

 

5 балдық жүйедегі баға Балл саны
«5»                    11-12 балл
                              «4»                     9-8 балл
                              «3»                     7-6 балл
                              «2»                     5 балл және одан төмен