Кестелер. Кестелер құру. Кестелерді редакциялау. Кесте ішіндегілерін енгізу және пішімдеу

126

Күні: 19.02.2014ж                                                                         Сыныбы:7

 

Сабақтың тақырыбы: Кестелер. Кестелер құру. Кестелерді редакциялау. Кесте ішіндегілерін енгізу және пішімдеу

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Word мәтіндік редакторында кесте құру түрлері, оны өңдеу және форматтау бойынша білім-біліктілік  қалыптастыру.

Дамытушылық: Кестемен жұмыс жасаудың  мүмкіндіктерін игерте отырып практикада кеңінен қолдануға және ақпараттық –технологиялық ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Өз ойларын ,пікірлерін тұжырымды түрде қорғай білуге , сыпайы қарым-қатынас  жасауға, ұжымдық-топтық сезімді ояту, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар топтамасы, кеспе парақтар, ноутбуктер.

Қолданылған әдебиеттер:

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу
  • Түгендеу
  • Назарларын сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Нөмірленген және маркерленген тізімдер.
  2. Бағандар.
  3. Беттердің параметрлері.
  4. Жиек.
  5. Алдын ала қарау.
  6. Құжатты баспадан шығару

ІІІ. Білімдерін жан-жақты жетілдіру.

«Иә», «Жоқ» ойыны

  1. Мәтіндік редакторды іске қосу үшін:Бастау – Бағдарламалар – Microsoft Office – Microsoft Word. Тізбегін керек пе?
  2. Осы тізбекті орындағаннан кейін экрандағы терезелердің қай түрі пайда болады?
  3. Word терезесінде тақырып жолы бола ма?
  4. Мәзір жолағы «Стандартты» құралдар үстелі кейін орналасқан ба?
  5. Сызғыш «Пішімдеу» құралдар үстелінде орналасқан ба?
  6. Мәтінді форматтау үшін «Стандартты» құралдар үстелін пайдалану қажет пе?
  7. «Пішімдеу» құралдар үстелі терезенің төменгі жағында орналасқан ба?
  8. Тақырып жолағында терезені басқару батырмалары бола ма?
  9. Қалып күй жолағы терезенің үстінгі бөлігінде орналасқан ба?

 

Сәйкестендіру тесті

1.     MS Word редакторын іске қосу жолы А. Мәтінді курсивпен жазады
2.         — батырмасының қызметі

қандай?

В. Файл – Создать (Құру)
3. Мәтінді пішімдеу деген не? С. Пуск – Все программы – Microsoft Office – Microsoft Word
4. Жаңа құжат құру командасы D. <Enter> пернесі
5. Мәтінді редакциялау деген не? E. Файл – Сохранить как.. (Сақтау)
6. MS Word-та абзац қай пернені

басумен аяқталады?

7. Құжатты сақтау командасы

F. Мәтіннің пішімін оның параметрлері арқылы қою  G. Өңдеу, енгізу, өшіру, орын ауыстыру, құжаттың мазмұнын түзету

 

ІV. Жаңа сабаққа даярлық

Біз кесте ұғымымен бұрыннан таныспыз. Мысалы сендер қандай кесте түрлерін білесіңдер? Иә, дұрыс айтасыңдар. Біздің өмірімізде мәтінді безендіру немесе құжатты кесте түрінде даярлау жиі кездеседі. Оларға: мектеп журналдары, үлгерім табелі және сіздердің күнделік парақтарың т.б. MS Word мәтіндік процессоры кесте құруды жеңілдетеді.

  1. Жаңа сабақ

Олай болса, бүгінгі күнді және сабақтың тақырыбын жазамыз. Кесте – бұл жолдар мен бағандарда реттеліп берілген ақпарат. Жолдар мен бағандар қиылысып, ұяшық құрайды. Ұяшыққа бірнеше жол немесе абзацтар, сонымен қатар суреттер, т.б. заттар да орналасуы мүмкін.

Кесте құрудың үш әдісі бар:

1-әдіс.  Мәзір жолы: Кестеà ҚоюàКесте

2-әдіс.  Стандартты тақтадағы кесте қою белгісі

3-әдіс.  Мәзір жолы: КестеàКесте сызу

 

1 әдіс.  Мәзір жолы: Кестеà ҚоюàКесте

 

 

 

 

 

 

 

 

2-әдіс.  Стандартты тақтадағы кесте қою белгісі

 

 

3-әдіс.  Мәзір жолы: КестеàКесте сызу

 

 

 

 

 

 

 

 

Редакциялау дегеніміз —  өңдеу, енгізу, өшіру, орын ауыстыру немесе құжаттың мазмұнын түзету.

 

Ұяшықтарды біріктіру                                  Ұяшықты бөлу

 

 

 

 

 

 

 

 

Бағана, жолдарды қою                         Бағана, жолдарды өшіру

 

 

 

 

 

 

Кесте ішіндегілерін енгізу және пішімдеу

Алдымен тышқан курсорын енгізілетін ұяшыққа апарып шертеміз де пернетақта арқылы ақпараттарды енгіземіз. Кесте ішіндегі қозғалыс тышқан курсорының көмегіме немесе басқару, Tab пернелері арқылы жүзеге асырылады.

Ұяшықтардың ішіндегі мәліметтерді форматтау үшін әдеттегі мәтінді форматтау тәсілдерін қолдануға болады. Мысалыға, сіздер шрифт түрін, өлшемін және сызылымын өзгерте аласыз.Формат командасы ұсынатын барлық (бұрыннан таныс ) әрекеттерді пайдалануларыңызға болады. Мысалыға жол аралық интерволды тағайындап, оның шеттерін туралауға және ол үшін контекстік тәуелді менюді пайдалануға мүмкіндік бар. Контекстік менюді тышқанның оң жақ батырмасын басу арқылы шақыруға болады.

Кестелерді жиектеу

Р/с Оқушының аты — жөні Туған жылы Мекен — жайы Телефоны
1 Агатаев Бауыржан 12.01.2001 Лермонтова 6 4-27-58
2 Агатаев Бауыржан 12.01.2001 Лермонтова 6 4-27-58
3 Агатаев Бауыржан 12.01.2001 Лермонтова 6 4-27-58
4 Агатаев Бауыржан 12.01.2001 Лермонтова 6 4-27-58

 

 

 

 

Р/с Оқушының аты — жөні Туған жылы Мекен — жайы Телефоны
1 Агатаев Бауыржан 12.01.2001 Лермонтова 6 4-27-58
2 Агатаев Бауыржан 12.01.2001 Лермонтова 6 4-27-58
3 Агатаев Бауыржан 12.01.2001 Лермонтова 6 4-27-58
4 Агатаев Бауыржан 12.01.2001 Лермонтова 6 4-27-58

 

 

 

 

 

р/с Оқушының аты — жөні Туған жылы Мекен – жайы Телефоны
1 Агатаев Бауыржан 12.01.2001 Лермонтова 6 4-27-58
2 Агатаев Бауыржан 12.01.2001 Лермонтова 6 4-27-58
3 Агатаев Бауыржан 12.01.2001 Лермонтова 6 4-27-58
4 Агатаев Бауыржан 12.01.2001 Лермонтова 6 4-27-58

 

Құю әдістері арқылы «Мозайка» жасауға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Компьютермен жұмыс

№1 тапсырма : 6 бағанадан 5 жолдан тұратын кесте сыз, бағаналардың енін өз қалауларың бойынша өзгертіңдер

№2 тапсырма: Кестеге екі бағана және екі жол қосыңдар

№3 тапсырма: Кестеден екі бағана және екі жолды өшіріңдер

№4 тапсырма : Кестеде бірінші жолдың және соңғы екі бағанның  ұяшықтарын біріктіріңдер

№5 тапсырма : 7А сынып оқушылары туралы мәлімет

 

р/с Оқушының аты 5 4 3
1 Марат +
2 Дана
3 Айым +

 

С е р г і т у  с ә т і

  1. Жаңа сабақты бекіту.

“Кім жүйрік?”

  1. Кесте дегеніміз не?

2.Ұяшық дегеніміз не?

3.Кестелер неден тұрады?

4.Баған, жол сөздерінің орысша аудармасы?

  1.  Ұяшықтарды қосу, өшіру және біріктіру.
  2. Кестедегі сызықтар мен бояулар қалай жасалады?

Қорытындылау.

Ал, балалар сонымен бүгінгі сабақты не білдік? Не үйрендік? Қане есімізге түсірейікші? Кім айтады?

 

 

 

 

 

 

 

VII. Үйге тапсырма беру

  • Кестелер
  • Кесте толтыруға мәлімет дайындау. / отбасылық, сынып т,б/

 

VIIІ. Білімдерін бағалау.

Фишкалар арқылы бағалау. Әр сұрақтың жауабы 1фишкамен бағаланады. Соңында фишкалар саны анықталып, сол арқылы бағаланады.