Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі

316

Сыныбы: 8-сынып

Тақырыбы: Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі

Мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларға Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі , қалқанша без қызметінің бұзылуы жайында мәлімет беру.
  2. Тәрбиелік: Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі тақырыбын түсіндіре отырып, бір-біріне көмектесуге, бірігіп жұмыс жасауға тәрбиелеу.
  3. Дамытушылық: Қалқанша без, тироксин, микседема, эндемиялық зоб, кретинизм, базед ауруы жайында білімін тереңдету, өз бетінше іздену қабілетін дамыту.

Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың түрі: Аралас сабақ (сәйкестендіру тесті, жасырын сөз)

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, энциклопедия

Пән аралық байланыс: валеология, дүниетану

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Сәлемдесу, түгелдеу
  2. Оқушылардың құрал – жабдығын тексеру
  3. Оқушылар назарын сабаққа аудару

ІІ. Оқушы білімін жан-жақты тексеру:   

                                                                

  1. Қандай ішкі секреция бездерін білесіңдер?
  2. 2. Ішкі секреция бездері қалайда орналасқан?
  3. Гипофиз гормондары қалай әсер етеді?
  4. 4. Ішкі секреция бездері бөлетін гормондор қайда түседі?
  5. 5. Өсу гормоны жетіспесе не болады?
  6. Гормондардың негізгі қасиеттерін атаңдар?
  7. Организмде жүретін процестердің гуморальдық реттелуінің мәні неде?

                                                   Жасырын сөзді тап

  1. 1921 жылы американдық ғалымдар гипофиздің өсу гормонын бөлетіні туралы ең алғаш пікір айтқан еді.  
  2. 60 см-ден 1м-ге дейін болады, оларды  гипофиздік ергежейлілік  деп атайды.
  3. Рим императоры Максимилианның бойы 2,5м
  4. Египеттік ергежей Агибаның бойының биіктігі 38см ғана болған
  5. Орыс шаруасы Махновтың бойы 2,85 м  болған
  6. Ең биік әйелдің бойы 2,35 м болғаны тіркелген
  7. Мына суретке қысқаша сипаттама бер

 

 

 

ІІІ. Жаңа түсінік беру.

Қалқанша без – мойында көмекейдің алдыңғы жағында орналасқан пішіні таға тәрізді, өзара байланысқан екі бөліктен тұратын ірі без. Оның салмағы -15-30 г. Ол бірқатар гормондар бөліп шығарады. Олардың ішінде негізгісі тироксин зат алмасуды реттейді, органикалық заттардың тотығу процестеріне, даму, өсу процестерін реттеуге қатысады. Ұлпалардың жетілуіне, жүйке және жүрек іс-әрекетінің қозғыштығын күшейтуге қатысады. Тироксин құрамына йод кіреді. Йодтың жетіспеушілігі қалқанша бездің қызметін бұзады. Қалқанша бездің қызметі бұзылған кезде адамда әртүрлі аурулар пайда болады. Ересек адамда қалқанша бездің гормондары жеткіліксіз бөлінсе, микседема ауруы дамиды. Бұл кезде зат алмасу, әсіресе нәруыз алмасу баяулайды. Дене температурасы, жүрек іс-әрекеті төмендейді. Тері астында су жиналады. Тері ісінеді және құрғайды. Шаш түседі әрі сирейді. Адам енжар болып ойлауы мен сөйлеуі баялайды. Бұл ауруды өмір бойы тироксин гормонын енгізу жолымен емдейді. Ол гормонның синтезі организмдегі йод мөлшеріне байланысты. Егер тағам құрамында йод жетіспесе, адамда эндемиялық зоб ауруы пайда болады. Балаларда қалқанша бездің қызметі жеткілікіз болғанда ойлау, процесі баяулайды, дене бітімі мен үлкен ми сыңарлары қыртысының қызметі бұзылады, өсу және жыныстық жетілу тоқтайды. Мұндай ауру кретинизм деп аталады. Егер дер кезінде емдемесе, ауру салдарынан арылуға болады.

IV.Жаңа түсініктер мен іс-әрекеттер тәсілін қалыптастыру.

Қалқанша без – (glandule thyroidea, лат glandule – без, гр. thyreos-қалқан) – шеткі ішкі секреция без

Базед ауруы (бадырақ көз) – қалқанша без қызметінің жоғарылауы салдарынан пайда болатын ауру.

Кретинизм –қалқанша без қызметі жеткіліксіз болғанда туындайтын ауру.

Микседема – қалқанша без гормоны жетіспегенде пайда болатын ауру

V.Мұғалімнің проблемалық және ақпараттық сұрақтар  

                                                      Сәйкестендіру тест

1.  Қалқанша бездің салмағы  0,15-0,20мг
2. Тироксин құрамына кіреді микседема
3.  Ересек адамда қалқанша бездің гормондары жеткіліксіз бөлінсе йод
4. Тағам құрамында йод жетіспесе адамда кретинизм
5.  Адам тәулігіне … йод қабылдауы керек 15-30 г
6.  Балаларда қалқанша бездің қызметі жеткіліксіз болғанда, өсу және жыныстық жетілу тоқтайды. Эндемиялық зоб
7. Көз қарасы таңырқаулық танытып, көзі бадырайып тұрады. Базед ауруы, бадырақ көз

 

  1. Жаңа түсінікті тексеру

Мына суреттер бойынша қысқаша сипаттама беріңдер?

 

 

          VII .  Жаңа сабақты бекітуге арналған жаттығулар

  1. Қалқанша без қызметінің бұзылуы организмде қандай өзгерістер туғызуы мүмкін?
  2. Микседема ауруының белгілері қандай?
  3. Эндемиялық зоб белгілерін атаңдар?
  4. Кретинизмді емдеуге немесе оның алдын алуға бола ма?

VIII. Жаңа сабақты қорытындылау

Қалқанша бездің қызметі шамадан тыс жоғарыласа және организмде гормондар артық мөлшерде болса, зат алмасу қарқындылығы артады, жүрек қағуы жиілейді, жүйке жүйесінің қозуы жоғарылайды. Адам көп тамақ ішсе де қатты арықтайды. Сонымен қатар өте ашуланшақ, қатты терлегіш келеді. Көз қарасы таңырқаулық танытып, көзі бадырайып тұрады.

IX.Оқушылардың еңбегін бағалау.

X.Үй тапсырмасы: Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі