Компьютер және оның негізгі құрылғылары

28

Сабақтың  тақырыбы:              Компьютер және оның негізгі құрылғылары

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:     Оқушылардың  компьютердің негізгі құрылғылары  жөнінде білімін қалыптастыру

Дамытушылық: Тақырып бойынша бекіту тапсырмалары арқылы    оқушылардың білімін меңгерту, дамыту.

Тәрбиелік:  Компьютер құрылысын білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Әдіс-тәсілдері: жұппен жұмыс, сұрақ-жауап

Сабақтың типі: жаңа білімді игерту сабағы

Қолданылатын құрал-жабдықтар мен  көрнекіліктер : компьютер,  электрондық оқулық, таратпа,

интерактивті  тақта,  Power Point- та жасалған слайдтар.

Пәнаралық байланыс: математика

І. Ұйымдастыру  кезеңі:  а) ұжымдық әрекет;

б) техника қауіпсіздік ережелерді сақтау әрекеті;

в) оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Ой қозғау сұрақтары :    а) Информатика деген не ?    ә) Компьютер деген не?;

Үй тапсырмасын сұрақтар түрінде  шолу :

  1. ХV ғ. Пайда болған санау құралы? (Есепшот (абак))
  2. ХVІІ ғ.басында Дж. Непердің есептеу таяқшалары? (логарифм  )
  3. Алғашқы арифмометрді құрастырушы? (1673ж. Г.В.Лейбниц)
  4. ЭЕМ-нің даму кезеңдері (буындары) нешеге бөлінеді? (5 буынға бөлінеді)
  5. V буындағы элементтік  база? (Лазерлік сәуле, жасанды интелект)

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Компьютер – есептеуіш. Дербес компьютер – бір-ақ адам жұмыс жасауға арналған. Компьютердің ең негізгі құрылғысы: жүйелік блок, монитор, пернетақта. Блок ішінде барлық ақпараттарды еске сақтап тұратын құрылғы – процессор орналасқан. Ол – «компьютердің миы» ең көп тараған процессордың түрі ПЕНТИУМ деп аталады.

Монитор – ақпаратты компьютер экранына шығаратын құрылғы. Монитор экранындағы кескінді құрайтын кішкене нүктелер пиксельдер деп аталады.

Пернетақта – компьютерге әріптік және сандық ақпаратты енгізетін құрылғы.

Тышқан – ақпаратты енгізу құрылғысының бірі. Қос батырмалы.  Сол жақ батырма – негізгі,

оң жақ батырма- қосымша батырмалар деп аталады.

Колонка – дыбыс шығару құрылғысы.

Сканер – қағаздағы кескіннің немесе мәтіннің көшірмесін компьютерге енгізетін  құрылғы. Текстік  және бейнелік ақпараттарды  компьютерге  енгізетін  құрылғы.

Принтер –ақпаратты қағаз бетіне басып шығаратын құрылғы.Түрлері: матрицалық,түрлі-түсті, лазерлік.

Енгізу  құрылғылары :   пернетақта , тышқан , сканер

Шығару құрылғылары :   монитор, принтер, колонка

 

 

ІV. Тапсырмалар.    1.  Таратпалар :

Таратпаларды  толтыру  және  жауап беру

 

 

  1. Жұмбақтар       1. Бар  нәрсеге  жетік

Миы  күшті  тетік

Ол  арқылы  сөйлесіп

Кетесің  шетелге  де  өтіп          / компьютер /

  1.        Әдетте үнсіз  тұрамын

Белгі  берсең  ұғамын

Жазуы  бар  қағаздың

Құралы  боп  шығамын     / принтер /

  1. Компьютердің айнасы

Бағдарыңды   таңдашы

Сурет,  сөзін көрсетіп

Тиер  саған  пайдасы      / монитор  /

  1. Не қайда орналасқан ? / интерактивті тақтада /
  2. Сөзжұмбақ / интерактивті тақтада /
  3. Үй тапсырмасын беру:

А) Компьютердің негізгі құрылғылары бойынша анықтамаларды жаттап келу;

VІ. Қортындылау, бағалау:Оқушыларды  өзін — өзі бағалау парағы бойынша бағалау,  қортындылау