WordPad мәтіндік редакторының қосымша мүмкіндіктері

Сабақтың  тақырыбы: WordPad  мәтіндік редакторының қосымша мүмкіндіктері

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды WordPad мәтіндік редакторының қосымша

мүмкіндіктерімен таныстыру. Алмасу буферімен жұмыс істеуді,

мәтінге графикалық объектілерді және  графикаға мәтінді

енгізуді үйрету;

Сабақтың түрі: Аралас-практикалық сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, жұмыс дәптері.

Сабақтың өту барысы:

  1. Оқушыларды ұйымдастыру .
  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру .
  3. Жаңа тақырыпты тұсіндіру.
  4. Сабақты бекіту.
  5. Үйге тапсырма беру.

Өткен материалды қайталау сұрақтары:

WordPad. мәтіндік редакторының атқаратын қызметі қандай?

WordPad. мәтіндік редакторын қалай іске қосамыз?

WordPad.мәтіндік редакторының терезесінің бөліктерін атаңыз

WordPad. мәтіндік редакторында құжат құру сатыларын атаңыз

Мәтіннің қаріпін, өлшемін, әлпетін қалай өзгертеміз?

Мәтінді тегістеудің қандай түрлері бар, олар қалай орындалады?

Жаңа түсініктер:

WordPad. бағдарламасында мәтіннің үзінділерін маустың көмегімен апару (тасымалдау) және көшіру әдістері немесе командалары арқылы көшіруге және жылжытуға болады.

Апару және орналастыру әдісі — бұл мәтіннің үзіндісін бөліп алып, маустың сол жақ батырмасын басып тұрып, қажетті орынға апарып орналастыру.

Мәтіннің бөлігін көшіру үшін алдымен мәтіннің бөлігін белгілейміз. одан кейін Ctrl пернесін басын тұрып, қажетті орынға апарамыз.

WordPad. — та жұмыс істеген кезде мәтіннің бір бөліктерін кұжаттын ішінде бір орнынан басқа орынға, тіпті басқа мәтінге, басқа құжаттар арасында, баска колданбалардың құжаттарының арасында ауыстырып апаруға және көшіруге тура келеді. Бұл жағдайда жылжытатын немесе көшіретін ақпаратты уақытша сақтауға арналған алмасу буферін пайдаланған жөн.

Мәтіннің  бір бөлігін көшіру әрекеті:

  1. Көшіретін мәтін бөлігін белгілейміз
  2. Правка — Копировать командасын орындаймыз немесе Қосымша меню —
    Копировать
    , пернетақтаның көмегімен Сtrl+C

Мәтіннің  бір бөлігін жылжыту әрекеті:

  1. Жылжытатын мәтін бөлігін белгілейміз
  2. Правка — Вырезать командасын орындаймыз немесе Қосымша меню — Вырезать,
    пернетақтаның көмегімен Сtrl+Х

Көшірілген немесе жылжытылган мәтінді кірістіру әрекеті:

  1. Көшірілген немесе жылжытылған мәтінді кірістіретін орынға меңзерді орналастыру
  2. 2. Правка — Вставить командасын орындаймыз немесе Қосымша меню — Вставить, пернетақтаның көмегімен Сtrl+V

 

WordPad бағдарламасының құжатына қалауымыз бойынша ағымдағы кұн мен уақытты кірістіруге болады, ол ұшін құ-рал-саймандар тақтасындағы Дата/время батырмасын шертеміз немесе Вставка -> Дата и время командасын орындаймыз.

Мәтінің ішіндегі қажетті сөзді іздеу үшін, құрал-саймандар тақтасындағы Найти батырмасына шертеміз немесе Правка => Найти командасын орындаймыз. Поиск диалогты терезесінде образец өрісіне ізделінетін сөзді енгіземіз.

Мәтіндіндегі бір сөзді екінші сезбен ауыстыру үшін, Правка => Заменить командасын орындаймыз. Замена диалогті терезесінде Образец өрісіне ауыстырғымыз келетін сөзді немесе сөйлемді енгіземіз, ал заменить на өрісіне оған ауысатын сөзді немесе сөйлемді енгізіп, Заменить батырмасын басамыз.

Құжатқа суреттерді кірістіру:

  1. Раіnt; пайдаланып сурет саламыз немесе дайын суретті суреттер кітапханасынан
    аламыз
  2. Суретті белгілейміз
  3. Правка — Копировать немесе Вырезать командаларының бірін орындаймыз
  4. Суретті кірістіретін мәтінді ашамыз
  5. Меңзерді құжаттың суретті кірістіретін жеріне орналастырамыз
  6. Правка — Вставить командасын орындаймыз

Сабақты бекіту сурақтары:

  • Мәтіннің бір бөлігін көшіру және жылжыту дегеніміз не?
  • Мәтіннің бір   беліктерін   жылжыту   немесе   көшіру   әрекеттері   қалай
    орындалады?
  • Жылжыту, көшіру әрекеттерін орындаудың бірнеше жолдарын көрсет
  • Мәтінге сурет енгізу әрекеті қалай орындалады?

Үйге тапсырма: Оқулықтағы 5.2. такырыпты оқу.