Калькулятор және оның түрлері

77

Тақырыбы :  Калькулятор  және оның  түрлері

Мақсаты :  Тақырыпты өз  бетерінше  түсінуге  қолайлы  жағдай  тудыру ,жаңа

тақырыпты  ұғындыру негізінде    қима  қағаздары  арқылы   калькуляторды   қолдана  білу  дағдысын  қалыптастыру ,  шапшаңдыққа тәрбиелеу,  ойлау  қабілетін арттыру .

Көрнекілігі: батырмалар  бейнеленген  плакат, калькулятор ,қима  қағаздар, компьютер

Барысы : а)  Ұйымдастыру

ә)   Үй  тапсырмасын  тексеру

б)   Қызығушылықты ояту (Жаңа сабақ )

в)   Топпен жұмыс

г)   Тақырыпты  пысықтау

д)  Үйге  тапсырма

е)   Бағалау

   а)  Ұйымдастыру 

Оқушылардың  оқу құралдарының  бар  болуын  тексеріп, назарын сабаққа  аударамын

    ә)   Үй  тапсырмасын  тексеру

    1.WordPad  мәтіндік  редакторын  іске  қосу үшін  мынадай әрекеттер орындалады :

Пуск- Программалар –Стандартные – WordPad

  1. WordPad мәтіндік  редакторының  терезесі келесі  элементтерден  тұрады :

Тақырып жолы, меню жолы , құрал-саймандар  тақтасы, пішімдеу  тақтасы, сызғыш  және  терезенің  жұмыс аймағы , қалыпкүй жолы .

  1. WordPad    мәтіндік редакторының  батырмалары :  құжат құру, ашу, құжатты  сақтау, баспа, басылымды қарап шығу, табу, буферге жіберу,  буферге көшіру,  буферден қою,  болдырмау,  уақыт,  қаріп, қаріп өлшемі,  жартылай қалың,  курсив ,  асты сызылған,  түс,  сол жақ шеті, орта бойынша , оң жақ шеті ,  маркерлер.

    б)   Қызығушылықты ояту (Жаңа сабақ )

     (Көрнекілікпен жұмыс) Тақтадағы   плакатқа  қараймыз . Алғашқы есептеу құрылғылары  туралы  айтып өту.

      Сұрақтар :  

1.Мынау не?

2.Қандай?

3.Қалай қолданамыз?

4.Қандай амалдар орындай аласың?

5.Тағы не айтуға болады?

  1. Қарапайым калькулятормен  жұмыс . Мысал: оқулықтағы тапсырмаларды орындау 
  2. 756,87+849,03 ; 2. 963-356;                        3. 112* 67 ;
  3. 456/ 3; 5.64-тің квадрат  түбірін  табу;           6.  200-дің  10  % -ын  табу
  4. Инженерлік калькулятормен жұмыс . Мысал : Инженерлік калькулятордың 3 батырмасы  статистикалық   сипаттамаларды  анықтайды  .  Статистикалық  сипаттамаларға :  қарыш, мода ,  медиана,  арифметикалық орта, орта квадраттық ауытқу  жатады.

  Мысал : 1,3,5,7,7  сандарының  статистикалық  сипаттамаларын  анықтайық

  1. Ave- тізбектің арифметикалық ортасын табу
  2. Sum-тізбектің қосындысын табу
  3. s ортаквадраттық ауытқу

Ave -4,6         Sum— 23       s – 2,607…   

      в)   Топпен жұмыс

Қима қағаздарында  екі тапсырма  бар :

1-тапсырма   қарапайым калькуляторды қолдану

2- тапсырма  инженерлік калькуляторды қолдану

1-тапсырма

       Оқушылар  қима қағаздардың  ұнаған түстерін таңдап алады да түстері бірдей қима қағаздары арқылы топқа бөлінеді.1-тапсырманы  орындап  болған оқушы компьютерде орындайды

                                          1-топ. Қызыл -тапсырмалары  . 

Санның  квадрат  түбірін тап. 400;(20) 441;(21) 484;(22)529;(23)

                                          2-топ. Сары- тапасырмалары.

Санның   % — ын тап. 150-дің  10 %-ын; (15) 80-нің 20%-ын;(16) 200-дің 25%-ын;(50)

60-тың 50 %-ын;(30)

                                          3-топ.Жасыл- тапасырмалары.

 Санды квадратта. 442; (576) 452 ;(625)  46; (676)  472 ; (729)

2-тапсырма

   Оқушылар  қима қағаздардың  артындағы реттік  нөмірлері  арқылы топқа бөлінеді.2-тапсырманы  орнында отырып  орындаған   оқушы компьютерде орындайды.

                                      1-топ –А1;В1;С1- тапсырмалары.

4 алмұрт жеке өлшеніп грамм бойынша  мына сандар алынды. 157;195;215;217;

1.Тізбектің  арифметикалық ортасын тап  — (196)

2.Тізбектің қосындын тап  (784)

3.Соңғы санның  кері мәнін есепте (0,004…)

                                       2-топ –А2;В2;С2- тапсырмалары.

Шапағат күнде  бір қалыпты жүріп отырып 3 күн  бойы арақашықтықты адыммен өлшеп,мына сандарды  алды:  308;311;299; 

1.Тізбектің  арифметикалық ортасын тап  (306)

2.Тізбектің қосындысын тап  (918)

3.Соңғы санның  кері мәнін есепте  (0,003…)

г)   Тақырыпты  пысықтау

                                        3-топ –А3;В3;С3- тапсырмалары.

1.Калькулятордың түрлері

2.Калькуляторды іске қосу үшін  мына  тізбектер  орындалады

3.Қарапайым  калькулятордағы  батырмалардың  атқаратын  қызметтері

                                        4-топ –А4;В4;С4- тапсырмалары.

  1. Инженерлік калькулятордағы батырмалардың атқаратын қызметтері
  2. Инженерлік калькулятор   неше санау жүйесінде  жұмыс  жасайды?

3.Функционалдық батырмаларды ата.

  д)  Үйге  тапсырма

Деңгейлік  тапсырмалар:

А:  Батырмалардың  атқаратын қызметтерін  жаттап келу

Ә: Қарапайым және  инженерлік калькулятордың суретін салып  келу

Б:  Статистикалық сипаттамаларды  анықтауға арналған  есептерге мысалдар  жазып  келу

 е)   Бағалау  (бағалау  парағы арқылы  бағаланады)

Қарапайым және  инженерлік  калькуляторды пайдаланып  есептер шығару барысында  оқушыларды  бағалау   парағы

Оқушының  аты-жөні

 

 

 

 

Санның  квадрат түбірін табу Санның пайызын табу Санды квадраттау Санның арифметикалық ортасын табу Тізбектің  қосындысын  табу  Соңғы санның  кері мәнін есептеу Қорытынды баға Тапсырманы  орындау барысында

«5»- 5,6

«4»-4

«3»-3

бағаланады