Word мәтіндік редакторында шығармашылық жұмыс

42

Сабақтың  тақырыбы: Word  мәтіндік  редакторында  шығармашылық  жұмыс

Сабақтың  мақсаты: Microsoft  Word мәтіндік  редакторы  тақырыбы

бойынша  оқушылардың  білімдерін  тексеру,

редактормен  жұмыс  жасау ережелерін  практикалық

сабақта  бекіту,  тақырыпты   қорытындылау.

Тақырып  бойынша  алған  білімдерін   тапсырмаларды

орындау  барысында  пайдалана  білу,  қойған

мақсатына  жете  білуге  дағдыландыру,

қызығушылығын   арттыру.    

 

Сабақтың  көрнекілігі: тест тапсырмалары, үлгілер  көрестілген  бетшелер,

плакат,  бағалау  бетшесі

 

Сабақтың  түрі: практикалық

 

Сабақтың  әдісі:  деңгейлеп  оқыту

 

Пән  аралық  байланыс:  бейнелеу,  қазақ  әдебиеті

 

Сабақтың  жүрісі:

 

І.  Ұйымдастыру:  Оқушыларды түгендеу,  оқушылардың  назарын  сабаққа

аудару

 

ІІ.  Үй  тапсырмасын  тексеру

Word  бойынша  тест  тапсырмасын  алу.

 

ІІІ.  Практикалық  жұмыс

  1. Жәй деңгей
  2. Алгоритмдік деңгей
  3. Эвристикалық деңгей
  4. Шығармашылық деңгей

 

ІҮ.  Сергіту  сәті

         Ойын  ойнату

 

Ү.  Үйге  тапсырма: 

 

ҮІ.  Сабаққа  қорытынды  жасау.  Оқушылардың  білімін  бағалау.

 

 

 

ІІ.  Үй  тапсырмасын   тексеру (Бір  сұрақ  1 ұпай болып есептеледі)

Тест  тапсырмалары

 

  1. Microsoft Word – ты  қалай  іске  қосамыз?

А)  Пуск – Программы – Станддартный – Microsoft  Word

Ә)  Пуск – Программы – Microsoft  Word

Б)  Пуск – Документы– Microsoft   Word

  1. Құжатты қалай  сақтаймыз?

А)  Файл – Печать

Ә)  Вставка – Сохранить как

Б)  Файл – Сохранить как

  1. Пішімдеу деп . . .

А)  Мәтіндік  құжаттарды  рәсімдеу  бойынша  жүргізілетін  әр түрлі

әрекеттерді  айтады.

Ә)  Беттерді  нөмірлеу  әрекеттерін  айтады.

Б)  Құжаттарды  баспаға  шығару  әрекеттерін  айтады.

  1. Алмастыру буферіне  қандай  командалар  кіреді?

А)  сақтау,  жаңа  құжат  құру

Ә)  көшіру,  қиып  алу,  енгізу

Б)  дұрыс  емес  әрекетті  алып  тастау,  баспаға  беру

  1. Баспаға беру  командасы

А)  Сервис – Настройка      Ә)  Правка – Печать

Б)  Файл – Печать

  1. Word мәтіндік  редакторында  кесте  құру  үшін:

А)  Таблица – Добавить  строки

Ә)  Таблица – Добавить  таблицу

Б)  Таблица – Добавить  ячейки

  1. Кесте ұшяқтарын  біріктіру  үшін . . .  командасын  орындау  керек.

А)  Таблица – Объединить  ячейки

Ә)  Таблица – Разбить  ячейки

Б)  Таблица – Удалить  ячейки

  1. Мәтіндік құжатқа  графикалық  кескіндерді  кірістіру . . . командалар  тізбегі  арқылы орындалады.

А)  Вставка – Рисунок – Автофигуры

Ә)  Вставка – Рисунок – Картинки

Б)  Вставка – Рисунок – Объект  WordArt

  1. Фигуралық мәтінді  қалай  енгіземіз?

А)  Вставка – Рисунок – Объект  WordArt

Ә)  Вставка – Рисунок – Картинки

Б)  Вставка – Рисунок – Автофигуры

  1. Құжатты  екінші  рет  сақтау  командасы

А)  Файл – Сохранить  как

Ә)  Файл – Сохранить

Б)  Правка – Сохранить

ІІІ.  Практикалық  жұмыс.

Бұл  бөлімде  әр  деңгейге  екі  тапсырмадан  беріледі.  Әр  оқушы  өзі  таңдаған  біреуін  орындайды.

 

  1. Жәй деңгей

А)  Үлгі  бойынша  кесте  құр.  Кесте  плакатқа  сызылып  тақтаға  ілінеді.

 

 

Ә)  Мұқағали  Мақатаевтың  мына  өлең  шумақтарын  теріп  жазып,

пішімдеу әрекеттерін  жүргіз. (№ 1 қосымша)

 

 

  1. Алгоритмдік деңгей

А)  Кім  шапшаң.  Тақтада  14  жұлдызша  ілулі  тұрады.  Оқушы  өзі

таңдаған  жұлдызшаны  таңдау  арқылы  артқы  жағында  көрсетілген

дайын  суреттерді  тез-тез  тауып  қоюға  тырысу  керек.  (Үлгісі

көрсетіледі.  № 2 қосымша)

Ә)  Word  графикалық  мүмкіндіктерін  пайдаланып,  құттықтау  ашық

хатын  жасаңдар.  (Үлгісі  көрсетіледі.  № 3 қосымша)

 

 

  1. Эвристикалық деңгей.

А)  «Денсаулық  зор байлық»  тақырыбына  қысқаша  өз  ойыңды  білдір.

Арасына  дайын  сурет  кірістір.

Ә)  Paint – та  сурет  салып, Word – қа  көшіріп  суретке  2-3  сөйлеммен

сипаттама  бер.

 

 

  1. Шығармашылық деңгей

А)  ClipCallery,  WordArt  объектілерін  қолданып  бір  айдың  күнтізбесін

құрастыру. (Үлгісі  көрсетіледі  № 4 қосымша).

Ә) Автофигура,  WordArt,  Paint  көмегімен  мына  суретті  құрастырыңыз.

(Үлгісі  көрсетіледі.  № 5 қосымша).

 

 

 

 

 

 

 

 

ІҮ.  Сергіту  сәті

 

№ 1 карточка

Кесте  ұяшықтарын  бірнеше  ұяшықтарға  бөлу  үшін . . . командасын  орындаймыз.

А)  Таблица – разбить  ячейки. № 2    Ә)  Таблица – удалить  ячейки     № 6

 

№ 2 карточка

Дұрыс  келесі  сұраққа  жауап  бер.  Автофигураның  ішіндегі  суреттерге  мәтінді  қалай  енгіземіз?

А)  Жанама  меню – добавить  текст.  № 3 Ә)  Файл – добавить  текст  № 10

 

№ 3 карточка

Жарайсың,  келесі  сұраққа  жауап  бер.  <Baskspase>  пернесінің  атқаратын қызметі?

А)  Меңзердің  оң жағындағы  символды  өшіру           № 4  суыр

Ә)  Меңзердің  сол  жағындағы  символды  өшіру        № 7  суыр

 

№ 4 карточка

Ренжіме.  Дұрыс  емес.  № 3-ке  қайта  бар.

 

№ 5 карточка

Жауабың  дұрыс.  Келесі  сұраққа  жауап  бер.  Беттерді  нөмірлеу  үшін . . .  командасын  орындаймыз.

А)  Вставка – номера  страниц . № 11       Ә)  Файл – номера  страниц.  № 8

 

№ 6 карточка

Қателестіңіз.  № 1-ге  қайта  бар.

 

№ 7 карточка

  • батырмасының қызметі?

А)  Сол  жақ  шеті  бойынша  туралау.       № 5 суыр

Ә)  Оң  жақ  шеті  бойынша  туралау         №  9 суыр

 

№ 8 карточка

Салғырт  болма,  қайтадан  № 5 – ке  бар.

 

№ 9 карточка

Сен  өте  қателестің  № 7 –ге  қайта  бар.

 

№ 10  карточка

Сұраққа  дұрыс  жауап  бермедің  № 2 – ге  қайта  бар.

 

№  11  карточка

Өте  жақсы.  Біліміңді  дәлелдедің.

Ү.  Үйге  тапсырма:  Word  бойынша  ребус  құрып  келу.

 

ҮІ.  Сабақты  қорытындылау.  Бағалау.

Сабақтың  басында  оқушыларға  бағалау  бетшесі  таратылып  беріледі.  Сондағы  ұпай  сандары  арқылы  бағалау.

 

Аты – жөні Тест тапсырмасы (10 ұпай) Жәй деңгей

(2 ұпай)

Алгоримт-дік деңгей

(3 ұпай)

Эврестика-лық деңгей

(4 ұпай)

Шығармашылық деңгей

(5 ұпай)

Бары
             

 

Бағалау  критерийі:

5 – 14 – «3»

15 – 19 – «4»

20 – 24 – «5»

 

№ 1  қосымша

 

Мына  үлгіде  Мұқағали  Мақатаевтың  «Үш  бақытым»    өлеңінен  үзінді  келтірілген.  Осы  үзіндіні  теріп  жазып,  үлгідегідей  етіп  пішімде.

Үш  бақытым

М.  Мақатаев

Қарасөз,  қара  шалғын  өлеңде  өстім,

                   Қырға  шығып  ырысқа  кенелмеспін.

                   Өлсе  өлер  Мұқағали  Мақатаев,

                   Өлтіре  алмас  алайда  өлеңді  ешкім. 

 

Пайдаланылған  әдебиеттер

  1. Н.Т. Ермеков, Н.Ф. Стифутина  «Информатика»  оқулық  8 – сынып.

Алматы  «Мектеп»  2004 ж.

  1. Н.Т.  Ермеков, С.П. Давиденко  «Информатика»  әдістемелік  нұсқаулық  8 – сынып.    Алматы  «Мектеп»  2004 ж.
  2. Word  97  мәтін  редакторы  лабораториялық  практикум.

Алматы  2000 ж.

  1. Е.Қ.  Балапанов, Б. Бөрібаев.  «Информатикадан  30 сабақ»

Алматы  2002 ж.

  1. «Информатика  негіздері» Ғылыми  әдістемелік  журнал.   № 5 – 2005.
  2. «Информатика  негіздері»  Ғылыми  әдістемелік  журнал.  № 5 – 2003.