Суреттің үзінділерін ерекшелеу. Суреттің үзінділерімен жұмыс

64

Класы:5

Сабақтың тақырыбы: Суреттің үзінділерін ерекшелеу. Суреттің үзінділерімен жұмыс

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Paint графикалық редакторында сурет салуды үйрете отырып, сурет бөліктерімен жұмыс жасау түрлерін түсіндіру.

Білімділік:

Оқушыларға Paint графикалық редакторында сурет салып, оны әр түрлі етіп безендіруге, суреттерді бұрып, пішінін өзгертіп, суреттерді бөліп, құрастырып үйрету.

Дамытушылық:

Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге, Paint графикалық редакторына деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру, өз ойын сауатты түрде жеткізе білуді қалыптастыру.

Тәрбиелік:

Оқушыларды нақты бір іс әрекетке, шапшаңдылыққа тәрбиелей отырып, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, шығармашылыққа баулып үйрету.

Сабақтың түрі: жаттықтыру, практикалық

Сабақтың әдіс тәсілдері: түсіндіру,үйрету,сұрақ-жауап, компьютермен жұмыс

Көрнекі-құралдар: компьютер,үлестірмелі қағаздар, сөз жұмбақ

 

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңдері:

1-кезең: Ақпаратты тарату

2-кезең: Ақпаратты қабылдау

3-кезең:Ақпарат алмасу

4-кезең:Ақпаратты сәйкестендіру

І. Ұйымдастыру бөлімі

-сәлемдесу;

— оқушыларды түгелдеу;

-психологиялық дайындық

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

1-кезең: Ақпаратты тарату

Бұл кезеңде:көңіл күйдің түрлері бейнеленген тереуіштің артында жасырылған сұрақтарға жауап алу арқылы үй тапсырмасын тексеру.

Сұрақтары:

  1. Жаңа буманы құрып, оған ат қой?
  2. Paint графикалық редакторын қалай іске қосамыз?
  3. Құрылған буманы жойып оны қайта қалпына келтір!
  4. Paint графикалық редакторы туралы не білесің?
  5. Paint графикалық редакторында неше құрал бар, оларды ата?
  6. Paint графикалық редакторының терезесімен таныстыр!

ІІІ.Жаңа материалды игерту

2-кезең: Ақпаратты қабылдау

Бұл кезеңде жаңа сабақ түсіндіріледі.

 

 

Суреттің үзінділерін ерекшелеу.

Суреттің үзінділерімен жұмыс.

 

Кейбір кездерде салынған суреттердің немесе оның белгілі бөліктерінің өлшемін өзгертуге, созуға, қисайтуға немесе тік бағытта айналдыруға, т.б. әрекеттерді орындауға тура келеді. Ол үшін суреттің қажетті бөлігін бөліп алу керек. Суреттің бөлінген бөлігі үзінді деп аталады.

Үзінді мына құралдармен бөлінеді немесе белгіленеді:

Бөліп алу (выделение) батырмасы төртбұрышты үзіндіні таңдайды.

 

Кез-келген аймақты бөліп алу (Выделение произвольной области) батырмасы қажет аймақты бөліп алуға мүмкіндік береді.

 

Белгілеу немесе Қажет аймақты белгілеу құралдарымен үзіндіні таңдалғаннан кейін, олармен келесі әрекеттер орындалады:

 

  1. Алмасу буферіне қиып алу.
  2. Алмасу буферіне көшу.
  3. Осы суретті басқа жерге апару.
  4. Берілген суреттің өлшемінде көшіру.
  5. Оны сурет бойынша «көбейту».
  6. Пішіні мен өлшемін өзгерту.
  7. Өлшемін өзгерту және қисайту.
  8. Төңкеру немесе кері бұру.
  9. Түсін өзгерту.
  10. Өшіру (жою).

 

Суреттің үзіндісін көшіру үшін:

  1. Суреттің үзіндісін белгілеу: Выделение батырмасына шертіп, тышқан нұсқағышын бөлінетін суреттің сол жақ жоғарғы бұрышына орналастырыңдар. Содан кейін суреттің қажетті бөлігі пунктирлі жақтау ішіне енгенше, тышқанның сол жақ батырмасын басып отырып, диагональ бойымен жылжытыңдар. Батырманы жіберіңдер.
  2. Правка-Копировать командасын орындаңдар.
  3. Правка-Вставить командасын орындаңдар. Сонда үзінді терезенің сол жақ жоғарғы бұрышында пайда болады.
  4. Үзіндіні тышқанмен іліп алып, қажетті орынға апарыңдар.

Суреттің үзіндісін жылжыту үшін:

  1. Суреттің үзіндісін белгілеу: Выделение батырмасында шертіп, тышқан нұсқағышын бөлінетін суреттің сол жақ жоғарғы бұрышына орналастырыңдар. Одан соң суреттің қажетті бөлігі пунктирлі жақтаудың ішінде болғанша тышқанның сол жақ батырмасын басып отырып диагональ бойымен жылжытыңдар. Батырманы жіберіңдер.
  2. Правка-Вырезать командасын орындаңдар. Бұл жағдайда қиып алған сурет жоқ болып кетеді (жойылады).
  3. Правка-Вставить командасын орындаңдар. Сурет үзіндісі терезенің жоғарғы сол жақ бұрышында пайда болады.
  4. Үзіндіні тышқанмен іліп алып, тиісті орынға қойыңдар немесе бұрынғы орнына қайтарыңдар.

 

Үзіндіні көбейту дегеніміз-экранда тышқанның нұсқағышын жылжытумен қатар оның көшірмелерінің тізбегін жасау.

 

 

  1. IV. Компьютермен жұмыс

3-кезең:Ақпарат алмасу

Оқушылар қандай программамаен жұмыс жасау екендігін білу үшін оларға сөз жұмбақ беріледі.

C A P S * L O C K
A L T
I N S E R T
N U M * L O C K
T A B

 

  1. Бас әріптерді іске қосатын перне?
  2. Арнайы әрекеттер үшін қолданыатын перне?
  3. Символдарды ауыстыру және енгізу режимін қосатын перне?
  4. Сандарды іске қосатын перне?
  5. Меңзерді бір басқару позициясынан басқасына ауыстыратын перне?

Бұл кезеңде оқушылар 2-топқа бөлінеді, І топ тәуелсіздік күніне сурет салса, ІІ топ қыс мезгілінің суретін салады.

-Балалар қазір қандай мезгіл? (қыс)

-Қыз мезгілінің ерекшеліктерін атаңдаршы? (қар жауды, аяз болады, мұз қатады)

— Алда келе жатқан қандай мереке бар?(16-желтоқсан тәуелсіздік күні)

-Тәуелсіз ел болғанымызға биыл қанша жыл? (22 жыл)

Жарайсыңдар балалар, олай болса берілген тапсырмаларды компьютерде орындайық.

Оқушылар әуен тыңдай отырып, тапсырмаларды орындайды.

  1. V. Сабақты бекіту

4-кезең:Ақпаратты сәйкестендіру

1.Үзінді дегеніміз не?

  1. Суретті қалай көшіреміз?
  2. Суретті ерекшелеу үшін қандай әрекеттер орындаймыз?

(Сұрақ-жауап)

(қардың астындағы тапсырмаларға жауап беру)

 

 

VІ. Үйге тапсырма беру

Суреттің үзінділерін ерекшелеу.Суреттің үзінділерімен жұмыс оқып, тусінік айтып келу

VІІ. Бағалау

Сабаққа белсене араласқан оқушылардың жинаған жапсырма суреттерінің санына қарай бағалаймын.