Word мәтіндік редакторын қайталау

100

Сабақтың тақырыбы:         Word мәтіндік редакторын қайталау.

Сабақтың мақсаты:    Word мәтіндік редакторы жұмыс істеуді үйрету.

Сонымен қатар компьютермен жұмыс істеуге үйрету.

Осы тақырып бойынша теориялық білімдерін

тапсырмаларды орындау кезінде тиімді

пайдалану, алдына қойған мақсаттарына

жету. Өз бетімен жұмыс істеуге үйрету,

оқушылардың информатика пәніне

деген қызығушылығын арттыру.

Логикалық ойлауын дамыту.

 

Сабақтың түрі:                                  Қайталау сабағы

 

Сабақтың типі:                                    Ертегі сабақ.

 

Сабақтың әдіс тәсілдері:                     Сұрақ – жауап, ойын.

 

Сабақтың көрнекілігі:                  Бағалау парағы, үй, көл.

 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

— оқушылармен амандасу.

— сабаққа дайындығын тексеру.

 

ІІ. Психологиялық дайындық:

Арайлап таң атты

Алтын сәуле таратты

Жарқырайды даламыз

Қайырлы таң балалар

Қайырлы күн балалар.

 

ІІІ. Ханзада мен ханшайым ертегісі.

Ерте – ерте, ертеде байлығы бір – бірінен асқан, ынтымағы жарасқан

екі хандық болған екен. Үлкен көлдің екі бетінде орналасқан екі

хандықтың біреуінде ай десе аузы, күн десе көзі бар сұлу

ханшайым, екіншісінде бес аспап, екі иығына екі арыстан

мінгендей ханзада өмір сүрген екен. Күндердің

күнінде ханзада ханшайымға ғашық болып,

онсыз өмір сүре алмайтын жағдайға

жетеді. Ал, достар ханзаданы

ханшайымға «ЖОЛЫҢ

БОЛСЫН» — деп

аттандырайық.

 

 

1 – саты: Ханшайымға лайық сыйлықтар сатып алуға көмектесейік.

                            Word мәтіндік редакторында «ашық хат» дайындау.

 

2 – cаты: Ол өзеннің арғы бетіне өтуге «Кеме» керек емес пе? Кәне,

ханзадаға кеме жасауға көмектесейік.

                                     Автофигураларды пайдаланып, кеме жасау.

 

3 – саты: Ханзада ханшайым ауылына де жетті. Міне, керемет! Хан сарайы

өте әсем, аса үлкен екен. Ханшайым қай бөлмеде? Іздесіп

жіберейік!

Құрылған кесте бойынша есеп шығару.

4 – саты: Іздеп келем, іздеп келем

Жүгіріп келем, жүгіріп келем.

Ханшайымды көруге

Жүрегімді қолыма алып келем.

Ханзадаға ханшайымымен кездесудің сәті түскендей,

бірақ, ханзадамыз сөзге шорқақ еді. Ол не

істейді, сезімін қалай білдіреді?

/Слайд жасау/.

Ү. Үйге тапсырма

Word мәтіндік редакторын қайталау.

 

ҮІ. Бағалау

Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалау.

 

ІҮ. Рефлексия.

  1. Біздің сабақтан өздеріңізге қандай жаңа нәрсе алдыңдар?
  2. Сендерге не ұнады, не ұнамады?
  3. Маған қажетті болғаны.