Ақпараттық компьютерлік технологияларды таңдау курс сабақтарында қолдану –заман талабы

81

Ақпараттық компьютерлік технологияларды  таңдау курс сабақтарында қолдану –заман талабы

В этой статье рассматриваются проблемы методики обучения и реализация в учебном процессе информационно-коммуникативных технологии и интерактивных методов обучения.

In this article  considered problems methods of teaching and realization in scholastic process information-communication technologies and of the methods of the education.

     Қоғамның қазіргі даму кезеңі жедел ақпараттандырылу процесімен сипатталады. Ақпараттық компьютерлік технологиялардың білім беру жүйесіне енуі — жаңа тарихи — әлеуметтік жағдайдың талабы. Компьютерлік технологиялардың дамуы мектеп-лицей түлектерінің  функционалдық сауаттылығының  көрсеткіші болып отыр. Яғни бүгінгі таңда мектеп түлегінің білім сапасын, компьютерлік сауаттылығын жоғарлату үшін тек қана информатика сабағында ғана емес, барлық пән сабақтарында, соның ішінде таңдау курс сабақтарында ақпараттық технологияларды тиімді қолдану әр ұстаздың міндетіне  айналып келеді. Бірақ бұл технологияларды біз қалай қолдануымыз керек?

    Яғни компьютерді тек қана техникалық жағынан қамтамасыз ететін құрал ретінде ғана қолданып қоймай, оқушымен сұхбаттасатын таза білім “сақтаушысы” ретінде қарастырған жөн.

  Оқу үрдісін ақпараттандыру арқылы нәтижеге жетемін деген мұғалім алдымен келесі міндеттерге  мән беру керек:

  • Компьютерлік оқу құралдарын зерделеу және қолдану;
  • Тиімді тәсілдерді анықтау;
  • Ақпараттық технологияларды зерделеу;
  • Тәсілдер мен материалдарды құрастыру және қолдану;
  • Қолданылған тәсілдердің нәтижесін бағалау.

    Педагогикалық компьютерлік таңдау курстарына бағдарламалық құралдарды (ПКБҚ) құрастырып  қолданамын деген мұғалім келесі талаптарды ескеру кажет деп есептеймін.

  • ПКБҚ базистік курстың бағдарламасын қамту керек;
  • ПКБҚ жүйелі түрде де, эпизодтық түрде де қолданылу керек;
  • ПКБҚ оқыту, бақылау, ізденіс функцияларын орындау керек;
  • ПКБҚ мазмұнының көлемі ресми оқулықтардың көлемінен асып түсу керек;
  • ПКБҚ дидактикалық мазмұнын компьютерсіз оқытуда да қолдану үшін, бағдарлама басып шығаратын өніммен қамтамасыз етілуі керек.

   Қазіргі білім беру жүйесінде ақпараттандыру технологияларын енгізу талабына сәйкес оқушылардың ақпарттық танымдық қабілетін дамыту мақсатында және мектеп-лицей оқушыларының сұраныстарына сәйкес төменде көрсетілген таңдау курсы  Силлабус құрастырылды.  Бұл аталған таңдау курсында  кредиттік технология мен интерактивті технология және модульдық технологияларының элементері интеграцияланған.

Яғни мен сіздерге жаратылыстану бағытына дайндалған  Вэб-дизайн  курсын ұсынғалы отырмын.Бұл аталған курс мектеп-лицей сынытарының бейініне қарай, жоғарғы буынға арналып жасалып,қазіргі уақытта оқушы сұранысынасай  жұмыс жасауда.

Курстың мақсаты:  Оқушылардың компьютерлік сауаттылығын дамыта отырып, вэб беттермен жұмыс істеуге және вэб-сайттар жасауға үйрету.

Курстың міндеттері:  

HTML тілінің тэгтерінің қызметтерімен таныстыру;

Вэб-бетті кодтар тәсілімен жасауға үйрету;

Вэб-бетті визуалды және біріккен тәсілмен жасауға үйрету;

Вэб-сайтты серверге жүктеуді үйрету.

Пререквизит: Оқушылар аталған курсты толық меңгеруі үшін негізгі компьютерлік сауаттылығы жоғары және интернетте жұмыс тәжірибесі мол болуы керек.

Постреквизит: Курс «Компьютерлік графика» курсы арқылы жалғасын табады.

Курс мазмұны:  курстың толық көлемі 34 сағат, яғни 1 кредит, оның 7 сағаты – лекция, 13 сағаты-практика, 8 сағаты-өздік жұмыстарға және 5 сағаты-межелік бақылауға арналған. Курстың оқыту формасы лекция-практика жүйесі түрінде жүргізіледі.

1-модуль. Негізгі ұғымдар. HTML-ге кіріспе.  (6 сағат)

Лекция тақырыптары:

  1. Құжаттардағы және web-беттердегі гипермәтін ұғымы.
  2. Web-сервер ұғымы және оның қолданушымен жұмыс жасау принципі.
  3. HTML тілі. HTML тілінің негіздері және стандарттары.

Практикалық жұмыстар:

  1. Жай текстік редакторде вэб-беттердің үлгі кодтарын жасау.
  2. Вэб-беттердің кодын жазу тәсілдері.

Оқушының өзіндік жұмысы:

  1. «Менің алғашқы вэб-бетім» атты вэб-бет жасау.
  2. HTML тілінің тэгтері. (реферат)

Қолданылатын әдебиеттер: 1, 2, 3, 6, 7, 10 11, 12, 13, 14.

2-модуль.Сайттың картасы.  (3 сағат)

Лекция тақырыптары:

  1. Сайттың картасын жасайтын тэгтер және олардың параметрлері.

    Мысалдар.

Практикалық жұмыстар:

  1. Сайттың картасын жасау.
  2. Вэб-сайтта мультимедианы қолдану.

Оқушының өзіндік жұмысы:

  1. «Менің отбасым» атты вэб-беттер жасау
  2. Фрейм ұғымы. (реферат)

Қолданылатын әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 16, 17, 18.

3-модуль. Интерактивті және графикалық объектілер.  (9 сағат)

Лекция тақырыптары:

  1. Скрипт ұғымы, типі және қызметі.
  2. Графикалық объектілерді бейімдеу принциптері.

Практикалық жұмыстар:

  1. Вэб-беттегі скриптер.
  2. Графикалық объектілерді бейімдеу. Photoshop прогрммасы.

Оқушының өзіндік жұмысы:

  1. Adobe ImageReady программасында анимациялар жасау.
  2. JavaScript қызметі қолдану облысы.

Қолданылатын әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 8, 9.

4-модуль. Вэб-сайт жасау және серверге орналастыру  (10 сағат)

Лекция тақырыптары:

  1. Белгілі визуалды вэб-редакторларға шолу.
  2. Сайттың безендірілуі.
  3. Серверге вэб-рессурстарды орналастыру талаптар мен шектеулері.

Практикалық жұмыстар:

  1. «Менің мектебім» атты вэб-сайт жасау.

Оқушының өзіндік жұмысы:

  1. Microsoft FrontPage, Macromedia Dreamweaver, Macromedia HomeSite программаларына деректер жинау.

Қолданылатын әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 15, 16, 17, 18.

  Жоғарыда аталған Вэб-дизайн  таңдау курсы сабағында қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияның қыр-сырын меңгеруге білім алушылардың қызығушылығының жоғарлауы байқалды.

  Осы ретте өз тәжірибемде курс тыңдаушыларын бағалауда кредиттік оқыту технологиясының бағалау жүйесі мен  ACTIVstudio бағдарламасындағы интеарктивті тақтаның мүмкіншілігін бірдей  қолданауға болатынын айта кетуге болады.ACTIVote/.

Кредиттік бағалау жүйесі

Бағаның әріптік эквиваленті Бағаның сандық эквиваленті Проценттік көрсеткіш Дәстүрлі бағалау жүйесі
А 4 95-100 Өте жақсы
А- 3.67 90-94
В+ 3.33 85-89 Жақсы
В 3 80-84
В- 2.67 75-79
С+ 2.33 70-74 Қанағаттанарлық
С 2 65-69
С- 1.67 60-64
D+ 1.33 55-59
D 1 50-54
F 0 0-49 Қанағаттанарлық-сыз

Білім берудің маңызды шарты оқу процесінде оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, өздігінен білім алу құштарлығын дамыту болып табылады. Сондықтан да, осы мақсатқа жету үшін оқушылардың өз бетінше білім алу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған ақпараттық-коммуникациялық технологияны «Веб-дизайн» таңдау курсы .

Жалпы қорытындылай келе  қоғамның қарқынды дамуы, көбіне оның білімімен және мәдениетімен анықталады. Сондықтан, білім жүйесін құру, қоғамды мына күнде дамып отырған компьютерлендірілген әлемге дайындау – бүгінгі күннің ең негізгі және өзекті мәселесі. Осы мәселеге сәйкес мектебіміздің кешегі тарихы мен бүгінгі тыныс-тіршілігімен хабардар ету, сайт арқылы мұғалімдер мен оқушылар арасында байланыс орнату  мақсатында 10 сынып оқушылары «Веб-дизайн» пәнінде мектеп-лицей сайтын құрастырды жоспарлап отыр.

Әдебиеттер тізімі:

Сапенаур С., Куэрсиа В. Справочник Web-мастера:

Якушина Е.В. Internet для школьников и начинающих пользователей (под ред. к.п.н. А.А. Журина) — М.:Аквариум, 1997.

Клименко С., Уразметов В. INTERNET: Среда обитания информационного общества.  Протвино: Российский Центр Физико-Технической Информатики, 1995.

Уланофф Л. Художественное оформление для узла Web// PC MAGAZINE, № 4, 1996.

Уланофф Л. Создайте свой информационный узел Web // PC MAGAZINE, № 4, 1996.

Ли-Рон Й. Публикация на Web становится легче// Мир ПК, ноябрь-декабрь 1996

Мир Internet Журнал для пользователей сети. (Подписной индекс по каталогу ФСПС 78 586)

Астрековский А. Компьютерная графика. СПБ-2003.

Луцкий С. Photoshop CS2, Питер 2006