Циклдік операторларды қолданып есептер шығару

88

Сабақтың тақырыбы: Циклдік операторларды қолданып есептер шығару

Мақсаты:

Білімділік: Циклдік операторларға есептер шығарту.

Дамытушылық: Оқушылардың программалау тәсілдері мен әдістерін қолдану қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушылардың компьютерде дұрыс жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Сабақ типі: зертханалық

Сабақ түрі: практикалық сабақ

Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ –жауап, баяндау.

Пәнаралық байланыс: математика

Сабақ барысы

 Ұйымдастыру кезеңі.

 

 Үй тапсырмасын тексеру.

 

Тапсырмалар беру:

 

Тапсырма №1.

А) Қадақпен берілген массаны (1-50 қадақ аралығын) кг-ға түрлендіретін программа құрыңдар. (1 қадақ =0,4кг).

Б)  Дюйммен берілген қашықтықты (1-20 дюйм аралығын) см-ге түрлендіретін (1 дюйм=2,54 см) программа құрыңдар.

 

Тапсырма №2.

1-ден 100-ге дейінгі тақ сандардың және жұп сандардың қосындыларын табу программасын құрыңдар.

 

Тапсырма №3.

өрнегінің а=1,2,…,100 болғандағы мәндер кестесін жасайтын программа құрыңдар.

 

Тапсырма №4.

 

a мен b-ны енгізіп, осы екеуінің арасындағы сандардың квадраттары мен кубтарын есептеп шығару.

Мысал:

Интервал шекараларын енгіз:

4 6

4  16   64

5  25  125

6  36  216

 

Тапсырма №5.

 

1, 2, 4, 7, 11, 16, …  тәртібімен орналасқан 10 санның квадраттары мен кубтарын есептеп шығару

Мысал:

1     1     1

2     4     8

4    16    64

46  2116 97336

 

Тапсырма №6.  1-ден 100 –ға дейінгі сандардың көбейтіндісін (факториал) есептеңдер.

10 REM

20 F=1

30 FOR I=1 TO 100

40 F=F*1

50 NEXT I

60 PRINT “F=”;F

70 END

 

Сабақты қорытындылау: программа нәтижесін тексеру.

 

 

Үй тапсырмасын беру: Y= ex sinx+cosx   функциясының мәндерінің [a, b]  аралығында  h  қадамы бойынша өзгеру кестесін құратын программа құрыңдар.  Дәрісті оқу.

 

Бағалау: сабақ барысындағы білімділік және белсенділік көрсеткіштері бойынша бағалау.