Power Point бағдарламасының құрылымы, қолданылуы

95

Сабақтың тақырыбы: «Power Point бағдарламасының құрылымы, қолданылуы»

 

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Power Point бағдарламасының қолдану  

                                      мақсатын, оны іске  қосу  мен жұмыс істей білуді үйрету.    

                                     Оқушыларды слайдтармен   әртүрлі режимде, презентация  

                                     құруда слайдтармен жүйелі  жұмыс істеуге үйрету.

                                     Дамытушылық: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс  

                                     істеуге  тәрбиелеу;

                                     Тәрбиелік: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік  

                                     қабілеттерін  дамыту, пәнге деген қызығушылығын  

                                     арттыру.

Сабақтың түрі: Практикалық сабақ

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, тапсырма орындау.

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Сабақ көрнекілігі: Қосымша материалдар, нұсқаулық карта.

Сабақ жабдығы: Интерактивті тақта, компьютер.

Өткізілген орны: Информатика кабинеті.

 

 

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру бөлімі:

а) Сабаққа қатысып отырған оқушыларды тексеру;

ә) Оқу-құралдарын түгелдеу, реттеу.

б) Қауіпсіздік ережесін айту.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. Кіріспе нұсқау:

Microsoft Office  пакетінің Power Point бағдарламасы — әртүрлі баяндамалар жасаған кезде, жобаларды, идеяларды, суреттеп, таныстыруға арнап презентациялар құрғанда көпшіліктің зейінін, ойын көрсетіліп тұрған нәрсеге аударуға үлкен мүмкіндік береді.

         Power Point бағдарламасы – электронды презентация (слайд-шоу)  құруға арналған. Бағдарламаның әрбір презентациясы слайдтар жиынан тұрады. Ал слайдта графикалық фонда орналастырылған объектілер немесе текст тұруы мүмкін.

         Power Point бағдарламасын мына әдістердің бірімен іске қосуға болады:

  • Меню арқылы Бастау батырмасы – Бағдарламалар — Microsoft Power Point;
  • Қолданушы тышқанның оң жақ батырмасын басып, Создать – Презентация Microsoft Power Point.

 

Power Point-та кез келген презентация жасау мынадай әрекеттер тізбегін орындаудан тұрады:

  1. Презентация құру, тексті енгізу және редакторлеу, слайдтардың кезектесуін реттеу.
  2. Презентация жоспарын құру. Жоспарды қажетіне қарай өзгерту.
  3. Қажетіне қарай жеке слайдтарды форматтау.
  4. Презентацияларға объектілер қосу.
  5. Презентацияларға ауысуды, анимацияларды, эффектілерді, сілтемелерді қолдану және өзгерту.
  6. Үлестірмелі материалды және баяндамашыға арналған ескертулерді әзірлеу.
  7. Слайдаралық уақытты анықтау және қолдану.
  8. Презентацияны демонстрациялау.

 

ІІ. Ағымды нұсқау (Өздік жұмыс):

Осы тақырыппен берілген нұсқау картасы арқылы қауіпсіздік ережесін сақтай отырып, компьютерде тапсырманы орындау. Оқушылардың тапсырмаларын тексеру. Қатемен жұмыстану.

Тапсырма: Power Point бағдарламасында әр оқушы компьютерлеріңіздің

жұмыс үстелінде орналасқан “Компьютер құрылғылары” және “Қысқы олимпиада-2012” деген папкалардағы дайын файлдарды пайдаланып,  Power Point

бағдарламасында  2 – 3 секундтық жарнама ролик дайындаңыздар.

 

 Сергіту сәті: «Мақал – сөз мәйегі»

Компьютерге қатысты құрастырылған мақал – мәтелдер беріледі, осы мақал – мәтелдердің күнделікті өмірде қолданылатын нұсқаларын табу қажет.

  • Байт биттен құралады. (Теңге тиыннан құралады)
  • Вирустан қорыққан, Интернетке шықпас. (Шегірткеден қорыққан, егін екпес)
  • Білмесең, «анықтама»-дан сұра. (Білмесең білгеннен сұра)
  • Бір ядролы процессор жақсы, ал екі ядролы одан да жақсы. (1 ақылдан, 2 ақыл артық)

 

«Қара жәшік». Бұл құралдың жасы 2000 – 5000 жылдар шамасы. Бұл құралды гректер мен Батыс Еуропалықтар «абак» деп атаған. Жәшіктің ішінде қандай құрал бар? (Есепшот)

        

         «Жұмбақтар орталығы»

  • Ұзынтұра Жалқаубек

Тұрмай ылғи жатады,

Қозғала қалса артынан,

Ешбір белгі қалмайды.    (Бос орын пернесі)

  • Саусақтарды билететін, экранға мәтін сый ететін, жоқ деп мүлде айта алмайтын, ия-ні қолдап қайталай беретін. (Пернетақта)
  • Бар құрылғыны басқаратын, кеудесін көтеріп қасқаятын ми. (Процессор)

 

ІІІ. Қорытынды нұсқау:

         Оқушылардың компьютерде нұсқау картасы бойынша берілген тапсырмаларының нәтижесін тексеру. Оқушыларға жеке-жеке тоқталу. Қателермен жұмыстану.

 

  1. Сабақты қорытындылау:

Жаңа сабақты бекітуге сұрақтар қою:

  1. Microsoft Office пакетінің Power Point бағдарламасы не үшін қажет?
  2. Презентация неден құралады?
  3. Презентация құрған кезде қандай әрекеттер орындалады?
  4. Power Point бағдарламасының терезесінің Word, Excel терезелерінен қандай айырмашылығы бар?

 

  1. Бағалау:

Алған білімдеріне қарай, компьютерде орындаған тапсырмалары арқылы оқушыларды жеке  бағалау.  Жұмыс орнын жинау.