Гиперсілтеме. Гиперсілтеме қою тәсілдері мен түрлері

Сабақтың тақырыбы: Гиперсілтеме. Гиперсілтеме қою тәсілдері мен түрлері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларды MS Power Point бағдарламасындағы гиперсілтеме ұғымымен таныстыру, олардың түрлері мен қою тәсілдерін үйрету.

Дамытушылық: оқушылардың эстетикалық талғамдарын, комрьютерлік шеберлігін, жоспарлы жұмыс істеу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: оқушылардың ойлау қабілеттерін кемелдендіру, ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгеру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Қолданылатын көрнекіліктер: флипчарт, интерактивті тақта,  презентация, компьютер, проектор.

Қолданылатын әдістәсілдер: сұрақ-жауап, тест тапсырмалары, әңгімелеу, түсіндіру.

Қолданылатын технология: Жампейісованың технологиясының элементтері.

 

Сабақтың жоспары:

  1. Ұйымдастыру.
  2. Үй тапсырмасын тексеру.
  3. Жаңа сабақ.
  4. Жаңа сабақты меңгерту.
  5. Бекіту.
  6. Қорытындылау.
  7. Үйге тапсырма беру.

 

 

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

І Ұйымдастыру кезеңі.

1.1 сыныптың тазалығын бақылау.

1.2 сәлемдесу, түгендеу.

1.3 сабақтың мақсат, міндеттерімен таныстыру.

 

ІІ Үй тапсырмасын тексеру.

2.1 MS Power Point бағдарламасының құрылымы.

Оқушылар интерактивті тақтада ұсынылған суреттен құрылымын көрсетеді.

 

1-тақырып жолы

2-меню жолы

3-стандарттау жолы

4-пішімдеу жолы

5-жұмыс аймағы

6-тапсырмалар жолы

7-қалып-күй жолы.

 

 

  • Тест тапсырмалары.

Арнайы тестерге салынған 15 сұраққа жауап алу.

1. Power Point дегеніміз не?

  1. Көрмее әзірлеуге арналған Microsoft Office-тің қолданбалы бағдарламасы*
  2. кодтық кестені өңдейтін қолданбалы бағдарлама
  3. кестелік түрдегі мәліметтерді өңдеу кезінде компьютердің қор көздерін басқаратын құрылғы
  4. компьютердің қор көздерін басқаратын жүйелік бағдарлама

 

  1. PowerPoint презентация дегеніміз не?
  2. компьютерде дайындалған слайдтарды көрсету жиыны *
  3. электронды кестені өңдейтін қолданбалы бағдарлама
  4. слайдтардың дкөрсетілуін басқаратын компьютердің құрылығысы
  5. кескіндер, көркемсуреттер және диаграммалар жиынынан тұратын мәтіндік құжат

 

  1. Power Point не үшін қажет?
  2. кестелерді жасауға арналған мақсатпен нәтижелік жоғарлаудың өрнектік есептеулері
  3. графиктік нысандары бар мәтіндік құжаттар жасау негіздемесі
  4. Интернет беттерін жасауға арналған кең рұқсат етілген ақпараттық мүмкіндік
  5. ақпаратты есте сақтау, қабылдау, нәтижелігін артыруға арналған Көрмелік көрініс*

 

  1. Сурет салу тақтасының қай батырмасы сурет жиегінің түсін өзгертеді?
  2. қаріп түсі
  3. сызық типі
  4. штрих типтері
  5. сызық түсі *
  6. Сурет салу тақтасының қай батырмасы фигураға үш өлшемділік береді?
  7. бояу түсі
  8. көлеңке
  9. көлем *
  10. тік төртбұрыш
  11. 6. Сурет салу үстелінің қай батырмасы фигураның ішкі облыс түсін өзгертеді?
  12. бояу түсі *
  13. сызық түсі
  14. көлеңке стилі
  15. қаріп түсі
  16. Power Point бағдарламасы терезесінде Орфография әмірі қай мәзірде (менюде) орналасқан?
  17. Құралдар *
  18. Пішім
  19. Файл
  20. Кірістіру
  21. Суретті үстемелеу командасы
  22. Кірістіру – Нысан
  23. Кірістіру – Сурет – Суреттер жиыны (Картинки *
  24. Пішім– Сурет– Суреттер жиыны (Картинки)
  25. Пішім– Сурет – Файлдан

 

  1. Диаграмманы үстеу командасы
  2. Өңдеу – Диаграмма үстеу
  3. Файл – Диаграмма үстеу
  4. Кірістіру – Диаграмма *
  5. Пішім – Диаграмма

 

  1. Таңдалған слайдқа фон қолдану
  2. Пішім – Өң – Қолдану*
  3. Пішім – Өң – Барлығына қолдану
  4. Кірістіру – Өң
  5. Көрініс – Безендіру – Өң

 

  1. WordArt тақтасын үстемелеу
  2. Көрініс – Құралдар үстелі- WordArt  *
  3. Көрініс – WordArt
  4. Кірістіру – WordArt
  5. d) Құралдар – Құралдар үстелі — WordArt
  6. Слайдқа түс сызбаларын таңдау
  7. a) Пішім – Өң
  8. b) Пішім – Слайдты безендіру – Түс сұлбалары *

с) Пішім – Слайдты белгілеу

  1. Көрініс – Үлгі – Слайдтардың үлгісі

 

12.Қандай фигураға мәтін енгізуге болмайды?

  1. фигуралық жебелік
  2. сызық *
  3. жұлдыздар мен ленталар
  4. түсіндірмелер

 

  1. Қандай батырма тек мәтіндік қорапты (блокты) кірістіруге арналған?
  2. тік төртбұрыш
  3. сопақ
  4. жазу *
  5. қаріп
  6. Фигуралардың қабаттасу реттін қалай өзгертуге болады?
  7. Фигураны бөлектеу,  Әрекеттер – Реті *
  8. Фигураны бөлектеу, Пішімдеу – Туралау
  9. Фигураны бөлектеу Көрініс – Үлгі
  10. d) Әрекеттер – Реті …

 

  1. WordArt стиліндегі мәтіннің түсін өзгерту?
  2. Мәтін түсі
  3. WordArt жинағы
  4. WordArt пішіні
  5. WordArt нысанының форматы – түс және сызық – бояу – түс *

Қорытындылау.

 

  • Кластер.

MS Power Point бағдарламасының мүмкіншіліктерін кластер арқылы көрсетеді (интерактивті тақтаның көмегімен).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытындылау.

Осы жерде бізге түсініксіз болып тұрған термин – гиперсілтеме, ия?! Ендеше бүгінгі сабақта сол гиперсілтеме туралы айтатын боламыз.

 

ІІІ Жаңа сабақ.

Интернет беттерінде керекті материалы жазылған тізімнен сол жолды бассақ, ол туралы кеңінен ашыла қалады.

ХХІ ғасыр көшбасшысы интеллектуалды ойынды байқап жүрсеңдер, ұяшық таңдау туралы 1 кезеңі бар. Сол кезеңде таңдаған ұяшықты ашқан кезде автоматты түрде сұрақ, сәйкесінше дұрыс жауабы шыға қалады.  Міне, бұның барлығы гиперсілтемелер арқылы жүзеге асады екен.

3.1 Дәптерге жазғызу.

Гиперсілтеме дегеніміз —

Гиперсілтемелер – Интернеттегі  WEB-беттердегі сияқты презентацияда да қолданылады. Гиперсілтемеде шерту басқа слайдқы, басқа презентацияға немесе Интернеттегі WEB-бетке көшуді жүзеге асырады.

Гиперсілтеме қою үшін алдымен гиперсілтеме ретінде қолданылатын тексті немесе сөзді белгілеп алады да, үстінде маустың оң жағын шертеді. Настройка действия пунктін таңдайды. Гиперсілтемені іске асырудың екі тәсілі бар: шерту арқылы немесе маус көрсеткішін апару арқылы.  Екі тәсілдің екеуі де бірдей жұмыс атқарады. Қайсысын қолданса да айрмашылығы жоқ.  Перейти по гиперссылке белгісін қойып, ауысу қажет слайдты таңдайды.  Нақты бір слайдқа көшу үшін тізімнен Слайд пунктін таңдап ашылған терезеде қажет слайдты таңдайды (слайд).

 

IV Жаңа сабақты  меңгерту.

4.1 Өткен сабақта дайындалған презентацияны ашып, гиперсілтеме қою арқылы ұяшықтарды автоматтандыру. әр қадамды әр оқушы тақтаға шығарып, көрсетеді.

4.2 Қорытындылау.

 

V Бекіту.

5.1 Сұрақ-жауап.

— сонымен, бүгінгі сабақта біз не нәрсеге үйрендік?

— гиперсілтеме деген не?

— оны қоюдың неше тәсілі бар екен?

— гиперсілтеменің қандай түрлері бар?

— басқа пәндерге қолдана аламыз ба?

 

V Сабақты қорытындылау.

5.1  Үйге тапсырма беру.

Тест тапсырмаларын құрау – 10 сұрақ (гиперсілтеме қою).

5.2 Бағалау.