Базалық элементтер: DriveListBox, DirListBox, FileListBox.Тағайындалуы, қасиеттері, оқиғалары, тәсілдері

91

Сабақтың  тақырыбы:     Базалық элементтер: DriveListBox, DirListBox, FileListBox.Тағайындалуы, қасиеттері, оқиғалары, тәсілдері

 

Сабақтың мақсаты:          Оқушылар осы базалық элементтермен жұмыс істей алуы және компоненттердің тағайындалуын, олардың қасиетін, оқиғасын, тәсілін білуі керек. Оларды қойылған есептерді шешуде пайдалана білуі қажет.

 

Сабақ типі:              Практикум элементтері бар түсіндірмелі және көрнекілікті.

 

Сабақтың жүрісі: І. Ұйымдастыру: Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалап өту.

 

ІІ. Өткен сабақтар бойынша қысқаша қайталау сұрақтары:

  1. ListBox элементі қанда қызмет атқарады? /ListBox(тізім)элементі экранға тышқанды шерту арқылы таңдалатын тізімдер нұсқаларын шығаруға мүмкіндік береді./
  2. Шеңбер және тіктөртбұрыш сияқты графикалық элементтерді бейнелеу үшін қандай элементті пайдаланамыз? /Shape(фигура) /
  3. Оқиғаны жүйелі уақыт аралығында баптауға қабілетті объект қандай? / Timer/
  4. Белгілі бір диапозондағы қандай да бір шаманың мәнін тағайындауға мүмкіндік беретін және осы шаманың мәнін сызғыштағы жылжу кезеңі бойынша білуге мүмкіндік беретін батырманы ата? /Horizontal Scroll Bar, Vertical Scroll Bar (тік және көлденең айналдыру жолақтары)/
  5. ComboBox(аралас тізім)элементі қандай қызмет атқарады? /ComboBox(аралас тізім)элементі мәтіндік терезелерді (енгізу өрісі) бір басқару элементіне кәдімгі тізім бойынша біріктіреді /

 

ІІІ. Жаңа сабақ:

Енді біз келесі базалық компоненттердің топтамасын қарастырамыз.

DriveListBox, DirListBox, FileListBoxсәйкес логикалық дисктің, бұтақтың және файлдың ағымдағы атауларын қосуға және бейнелеуге арналған арнайы тізімдер.

DriveListBox объектісі барлық қатынасы бар логикалық дискілер атауы және қатарлары белгіше болып табылатын стандартты аралас тізім сияқты рәсімделген. Ал енгізу өрісі таңдалған дискінің атауында бейнеленеді. Пішінде осы объекті пайда болған кезден бастап, оның енгізу өрісінде ағымдағы дискі атауы пайда болады. Ол бағдарламалау жүйесінде қолданылатын С:\ … болып табылады, әдетте :\ Program Files каталогында орнатылады.

Дикілер тізімінің негізгі қасиеті – ағымдағы дискіні қайтаратын немесе орнататын Driveқасиеті.

DirListBox объектісі —  ListBoxтипінің қатардың тағайындалған биіктігінде бағдарламаланған жолымен бейнеленген классикалық тізімі ретінде ұсынылады. Каталогтың атауының оң жағында директорийлердің кіріктірілген деңгейін анықтайтын ашылған немесе жабылған тақырып белгішелері көрінеді. Ағымдағы каталог қатар түрінде ұсынылған, оған толық жол Path қасиетінде сақталады.

FileListBox объектісі кәдімгі айналдыру сызықтары тізімі түрінде рәсімделген. Белгіленген қатар атауы Filename қасиетінде сақталады. Файлдар тізімінің негізгі қасиеттерін қарастырайық:

Қасиеттер:

 

Path                            Файлдары бейнеленетін каталогты қайтарады немесе орнатады.

Pattern                       Файлдар тармақтарын қалқа бойынша бейнелейді. Мысалы:

                                   File1.Pattern = “*.frm; q*.bas”

Filename                    Таңдалған файлдың атын қайтарады.

Read Only                  Көрсетілген атрибуттары бар файлдарды бейнелеуге мүмкіндік беретін Archive                 логикалық қасиеттер.

MultiSelect                 Тізім элементтерін таңдау әдісін орнатады. Бұл қасиет тек оқу үшін ғана.

Мүмкін мәндер:

  • 0 (тек бір ғана элементті таңдау)
  • 1 (бірнеше элементті таңдауға рұқсат етілген, таңдау не шертумен, не <Пробел> пернесін басумен іске асырылады)
  • 2 (тізімнің бір қатар тізбекті элементтерін таңдауда <Shift>пернесін пайдалануға рұқсат етілген).

 

Енді біз осы батырмаларды пайдалана отырып 5-практикалық жұмысты орындаймыз:

 

Практикалық жұмыс №5

 

№1.        Графикалық файлдарды қарап шығу бағдарламасын және а:\ дискісінен кез-келген суретті жүктеуді көрсетіңдер.

 

Ол үшін:   Пішінге мына объектілерді орнатыңдар:

1 — CheckBox белгісін – онда Value қасиетімен – 0 – белгіленбеген;

1 батырма /CommandButton/;

1 сурет объектісін /Image/;

DriveListBox, DirListBox, FileListBox объектілерін бір-бірден орнатыңдар /Patternқасиетімен — *.*/

Сонда суреті мына түрде көрінуі керек:

Бұл жұмыстың коды былай басталады, одан әрі өзің жалғастырып көр.

 

Private Sub Command1_Click()

‘Қанат белгіні орнату барысында және батырманы басқанда сурет жақтау мөлшеріне кіріп кетеді

If Check1.Value = 1 Then Image1.Stretch = True

If Check1.Value = 0 Then Image1.Stretch = False

End Sub

 

Private Sub Dir1_Change()

File1.Path = Dir1.Path

End Sub

.

 

 

 

Оқушылар бұл жұмысты болған соң а:\ дискісінен өздері сақтаған суреттерін ашып, соны орнатады.

 

Сабақты қорытындылау үшін қосымша сұрақтар қойылады:

1.DriveListBox, DirListBox, FileListBoxобъектілері қандай қызметтер атқарады?

  1. Pathқасиеті қандай қызмет атқарады?

 

Үйге тапсырма:  Осыған дейін өтілген элементтердің барлығын қатыстыратындай етіп бір пішін құрып келу.

23-24 сабақ