КЕСТЕ ҚҰРЫЛЫМЫН ӨЗГЕРТУ

49

Сабақтың тақырыбы:  КЕСТЕ ҚҰРЫЛЫМЫН ӨЗГЕРТУ

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:                             Кесте құру ұяшықтарды қосу, өшіру және біріктіру кестелерді

                                               жиектеу туралы білімдерін қалыптастыру;

Тәрбиелілік:                           Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;

Дамытушылық:                   Окушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін

дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі:                  Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау,

баяндау арқылы түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: электронды оқулық, дербес компьютер.

 

Сабақ барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі: Мәтіндік құжатты пішімдеу деп нені түсінесіңдер?
  2. Үй тапсырмасын тексеру: Microsoft Word мәтіндік процессоры тақырыбының мазмұнын сұрау.
    1. Мәтінді белгілеу тәсілдерін атаңдар?
    2. Мәтінді пішімдеу режимін атаңдар?
    3. Абзацтық шегіністердің қандай түрлерін білесіңдер?
    4. Жоларалық интервал түрлерін атаңдар?

3.Білімін тексеру кезеңі: карточка беру арқылы тексеру

4.Мақсат қою кезеңі: оқушыларды Word-та кесте жасауды түсіндіру және сауатты жұмыс істей білуге үйрету.

5.Материалмен таныстыру кезеңі:

Мәтіндік блокты көшіру үшін, ең алдымен оны белгілеңдер, содан кейія <СТRL> пернесін басып тұрып, белгіленген блокты шертіңдер де, оның орнын ауыстырыңдар. Көшіру кезінде ішінде «плюс» белгісі бар кішкене тікбұрыш пайда болуы тиіс. Ақпаратты көшіру жэне орнын ауыстыру кезінде алмасу буферін пайдалануға болады.

Правка-Копировать командасы арқылы буферге көшіргеннен кейін Правка-Вставить командасы арқылы буферден қою керек..

Үлкен көлемді құжатпен нсрлыс жасау барысында қүжат беттерін нөмірлеген ыңғайлы. Ол үшін Вставка-Номера страниц командасын таңдау қажет.

 

  1. Положение — бөліміндегі тізімнен нөмірді орналастыратын орынды таңдау қажет.
  1. Выравнивание тізімнен тегістеуді таңдау қажет.
  2. Егер Номер на первой странице пункітінде қосқыш қажет болса қосқышты
    орнатуға болады.
  3. Ок немесе Отмена батырмасын таңдау қажет.

 

 

  1. Құралдар панеліндегі батырмасын шерту қажет. Кестедегі келесі ұяшыққа Tab немесе бағыттауыш арқылы өтуге болады.

 

Ұяшықшарды қосу және біріктіру, өшіру:

Ұяшықтарды біріктіру үшін қажетті ұяшытарды  белгілеп, Таблица — Объединить ячейки командасын

Таңдау қажет.

Ұяшықтарды бөлу үшін қажетті ұяшықты белгілеп, Таблица Разбить ячейки командасын таңдау қажет.

Ұяшықтарды қосу үшін Таблица Вставить — ячейки командасын таңдау қажет. Қатар және баған қосу үшін Таблица — Вставить командасын таңдау қажет.

 

Ұяшықтар мен қатарлар мөлшерік

тағайындау және сызықтар

қосу  үшін  кестенің ұяшықтары

мен бағандарының қиялысқан

жеріне мауысты белгілеп жылжыту

қажет. Содан кейін

  Таблица Свойства  командасын

таңдау қажет

 

 

  1. Жаңа сабақты түсінгенін тексеру.

Міне балалар біз бүгін MS Word-мәтіндік редакторында кестелерді жасаумен  таныстық.

 

  1. Бекіту сұрақтары:
  2. Беттерді қандай жолдармен нөмірлеуге болады?
  3. Құжаттарды басу үшін қандай амалдар орындау қажет?
  4. Кесте деген не?
  5. Кесте құру жоддарын ата?

 

8.Үйге тапсырма.

  • Кестелермен жасалатын жұмыс