MS Excel бағдарламасымен жұмыс істеуді үйрену

 

Сабақтың мақсатыMS Excel бағдарламасымен жұмыс істеуді үйрену
Оқыту нәтижесіКомпьютер қолданудағы білімін арттыру. Оқушының компьютерлік біліміне MS Excel бағдарламасы туралы білімді қосу. MS Excel бағдарламасына мәліметтерді еркін енгізе отырып, редакторлай білуді үйрену
Негізгі идеяларыОқушы бойында көшбасшылықты, жауапкершілікті, ұйымшылдықты, топпен бірлесіп жұмыс істеу қасиетін арттыруды, қалыптастыруды мақсат етемін. Өзін және әріптестерін шынайы бағалауға үйренулерін көздеймін
УақытыБөлімдер

 

Іс-әрекетМұғалімнің қызметі:

Мен не істеймін?

Оқушылардың жұмысы:

Оқушылар не істейді?

Ресурстар: осы іс-әрекет үшін маған қандай құралдар қажет?
2Психологиялық дайындық (сыныпта жылы қарым-қатынас орнату)Қоңыраудан кейін амандасып, оқушыларды бір шеңбер бойымен тұрғызып, өзімнің сол жағымда тұрған балаға қолымдағы гүлді сыйлап, бір жылы сезім айтамын. Іс-әрекеттердің шынайы орындалуын қадағалаймынҚұрылған шеңбердеменің іс-әрекетімді қайталайды (сол жағындағы оқушыға қолындағы гүлді жылы лебіз айту арқылы сыйлайды)Пластикалық гүл
1Оқушыларды  топқа бөлу3 суретті бала санына байланысты қиындыларға бөлемін де, балаларға таңдатқызамын. Топ ішінде рөлдерге бөлінуін қадағалаймынОқушылар қолындағы қиындылардан 1 сурет құрып, сол суреттің иелері бір топ құруы тиісті. Топ ішінде міндеттерін бөліп алады (көшбасшы, таймкипер, хатшы, бақылаушы)Үш сурет қиындылары
2БілуҮй тапсырмасын тексеруБағалау парақтарын таратып, түсіндіремін.MS Word бағдарламасын еске түсіру үшін12 сұрақтан тұратын интербелсенді тақтада қайталау тестін жүргіземінБір сұраққа 10 сек. уақытты тиімді пайдаланып 12 сұраққа жауап береді. Тестте алған бағаларын бағалау парағына жазып аладыИнтербелсенді тақта, activote, бағалау парақтары
5Тақырып ашу
Ой қозғау
1.    «Құпия зат» тәсілін пайдаланып, тақтадағы суретке әр топтан 5 сұрақ дайындатқызамын.

2.    Берген жауаптарын осы сабақтың мақсатын ашуға итермелеймін.

Тақтадағы суретке қарап әрбір топ 5 сұрақ құрастырады. Сұрақ ішінде «Бұл не?» деген сұрақ болмау керек. Сұрақ құрастыру уақыты (3 минут) біткен соң, топтар сұрақтарымен ауысып, қойылған сұрақтарға топ болып жауап іздейдіСурет, кітап, интернет, ноутбук
6ТүсінуТапсырма 1Сәйкестігін табу. Тапсырманы жеке-жеке компьютер арқылы орындауларын сұраймынОқушылар берілгендерді (суреттер,  мәтіндер, қызыметтер, ереже) сәйкесінше орналастыру керек. Тапсырма жеке компьютерде орындаладыКомпьютер, интербелсенді тақта
ТексеруТапсырманың дұрыс жауабын интербелсенді тақтаға шығарамынНеше тапсырма дұрыс болғанын бағалау парағына белгілейдіИнтербелсенді тақта, жауап парағы
13ҚолдануТапсырма 2Excel бойынша 3 топқа үш түрлі бейнеролик  ұсынамын:

1.    Бейнеролик – Excel бағдарламасының жұмыс алаңымен таныстырылымы

2.    Бейнеролик – ұяшық адресі, құжатты ашу және сақтау

3.    Бейнеролик —  мәлімет енгізу және редакторлау

Әрбір топ басқаларға кедергі жасамай, өз бейнероликтеріне талдау жасайды. Танысу уақыты (5 минут)  өткеннен кейінн, Джиксо әдісі бойынша қалған 2 топқа өз білгендерін үйретеді3 ноутбук,  А4 қағаз, бейнеролик
Тапсырма 3Деңгейлік тапсырмаларды жеке компьютерде орындатамынТапсырманы өз деңгейлеріне байланысты орындайдыКомпьютерлер
ТексеруДұрыс жауапты интербелсенді тақтаға шығарамынНеше тапсырма дұрыс болғанын бағалау парағына белгілейдіИнтербелсенді тақта, жауап парағы
8ТалдауТапсырма 41.    Венн диаграммасы арқылы Word пен Excel бағдарламасының жұмыс аумағына талдау жасауды тапсырамын

2.    Бағалау критерийлерін тақтаға шығарып көрсетіп қоямын

Оқушылар критерийге байланысты Еxcel мен Word бағдарламасының жұмыс аумақтарының өздеріне тән ерекшеліктерін және ұқсастықтарын Венн диаграммасы арқылы бейнелеу керекПлакат, түрлі түсті фломастерлер
ТексеруТоптар жұмыстарын қорғағаннан кейін, бір -біріне интербелсенді тақтада баға беруді ұсынамын. Оқушылар осы жұмыстан алған жұлдыз санын өздерінің бағалау парағына жазып алуды қадағалаймын5 критерийге байланысты әрбір топ өзге екі топтың жұмыстарына жұлдыз жапсыру арқылы бағалайды. Бірінші критерийорындалса–бір жұлдыз, екінші критерийорындалса– екінші жұлдыз, тағы да солай жалғаса береді. Әрбір топ көп дегенде 5 жұлдыз қоя алады.

Оқушылар осы жұмыстан алған жұлдыз санын өздерінің бағалау парағына жазып алады

Электронды бағалау парағы (ActivInspire бағдарламасында)
5ЖинақтауТапсырма 5Әрбір оқушығаExcelбағдарламасында өзінің осы сабақта жұмыс істеген топ мүшелерінің аты-жөні, туған жылы, айы, күні жазылған ақпаратты құжат қылып, мұғалімнің компьютеріне жіберуді тапсырамынОқушылар бүгінгі сабағында алған білімін жинақтап, Еxcel бағдарламасында өзінің осы сабақта жұмыс істеген топ мүшелерінің аты-жөні, туған жылы, айы, күні жазылған ақпаратты құжат қылып, мұғалім компьютеріне жібередіКомпьютер
3БағалауӨзін-өзі бағалауды талап етемінБағалау парағына сабақ барысында алған суммативті ұпайларын қосып, формативті ұпайларын шығаруды талап етемін. Бағалау шкаласына сүйене отырып  өзінің бағасын есептейдіБағалау шкаласы
Сабақ өту бойынша кері байланыс жазуларын сұраймынСабақ өту бойынша кері байланыс жазадыСтикерлер
Үй тапсырмасын тақтада көрсетемінҮй тапсырмасын күнделіктеріне жазып аладыИнтербелсенді тақта