Excel-де есептеулер жүргізу. Функцияларды қолданумен танысу

77

Сабақтың тақырыбы:  Excel-де есептеулер жүргізу. Функцияларды қолданумен танысу

 

Сабақтың түрі:  жаңа сабақ

Күні:  6 cәуір  4 — сабақ

Уақыты 10.30 -11.15                                               8ә   сынып

Информатика кабинеті

 

Сабақтың мақсаты Функциялармен танысып, Еxcel  бағдарламасында ауқымды  есептеулер жүргізуді үйрену
Оқыту нәтижесі Формула жазылу ережесін білу. Функцияларды қолдану және жазылу ретін түсіну
Негізгі идеялары Оқушыларда сыни ойлауын қалыптастыру, көшбасшылыққа икемдеу, сынып ішінде ынтымақтастық қарым-қатынас орнату. Топтық жұмысқа үйрету. Уақытты тиімді пайдалануға итермелеу
Уақыты Бөлімдер

 

Іс-әрекет Мұғалімнің қызметі:

Мен не істеймін?

Оқушылардың жұмысы:

Оқушылар не істейді?

Ресурстар: осы іс-әрекет үшін маған қандай құралдар қажет?
3 Психологиялық дайындық (сыныпта жылы қарым-қатынас орнату) Қоңыраудан кейін сыныпта жағымды қарым-қатынас орнату үшін оқушыларға «Сәлемдесу» ойынын ұсынамын.Ойын ережесін түсіндіріп, қалай әр түрлі амандасуғаболатынын айтамын (көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен, т.б.) Оқушылар ортаға шығады. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін түсіндіргеннен кейіноқушылар бір-бірлерімен тез-тез амандасады. Әр амандасу кезінде әртүрлі адаммен амандасу керек
3 Оқушыларды  топқа бөлу Ретке санау арқылы үш топқа бөлемін.Топ ішінде рөлдік міндеттерді бөліп беремін Оқушыларбірден үшке дейін санау арқылы үш топқа бөлінеді
6 Білу Үй тапсырмасын тексеру 1.    Бағалау парағын таратамын

2.    Жоғары және төмен дәрежелі сұрақ -жауап алу арқылы үй жұмысын тексеріп шығамын.

3.    Жауабын тақтада ұсынамын

1.    Сұрақты деңгейіне байланысты  таңдап жауап береді

2.    Дұрыс берген жауаптарын бағалау парағына жазып алады

Интербелсенді тақта, бағалау парақтары
Тапсырма 1

 

Кестеде сандар беремін де,компьютердің көмегі арқылы осы сандарды есептеу жолдарын ұсынуды сұраймын, әрбір дұрыс есептеу әдістеріне 3 ұпайдан беріледі (5мин өткеннен кейін, уақытты тоқтатып жұмыстарын жинап аламын, содан кейін топ ішінен бір бала шығып әдістерімен таныстырады) Әр топтағы оқушы компьютердің көмегіне сүйене отырып, осы сандардың жауабын есептеп шығару үшін әдіс ойланып табу керек. Әдістер қайталанбауы тиісті Интербелсенді тақта, компьютер, интернет, А4 қағазы
8 Түсіну Тапсырма 2 1.  Excel бағдарламасында функциялар бар екенін жалпылама айтамын. Көп қолданысқа енген төрт функцияның атауын оқушыларға таратамын (3 мин)

2.  Функциялардың орналасу жерін көрсетемін және жазылу ретімен, сақталу керек ережелермен таныстырамын

3.   Дұрыс жауабын тақтада көрсетемін

1.  Оқушылар осы функциялар қандай қызмет атқаратыны бойынша өз ойларын жазып шығады

2.  Кез келген сан функцияны қолдану арқылы жауаптарын тексеріп көреді

3.    Бағалау парақтарында дұрыс ұпайларын белгілейді (1 дұрыс функция –2 ұпай)

Интербелсенді тақта, ноутбук, бағалау парағы
7 Қолдану Тапсырма 3 Excel бағдарламасында деңгейлік практикалық тапсырмалар орындау Оқушылар жеке өз компьютерлерінде деңгейіне байланысты тапсырмаларды орындайды

 

 

Компьютер
9 Талдау Тапсырма 4 1.    Компьютердің графикалық (сурет салу) мүмкіншілігін пайдаланып,Excel  бағдарламасындағы функцияларының тиімділігін сипаттайтын постер жасайды

2.    Топтар жұмыстарын қорғағаннан кейін, бір-бірлеріне интербелсенді тақтада баға беруді ұсынамын. Оқушылар осы жұмыстан алған жұлдыз санын өздерінің бағалау парағына жазып алуды ескертемін

1.    Оқушылар компьютердің графикалық (сурет салу) мүмкіншілігін пайдаланып, Excel  бағдарламасындағы функцияларының тиімділігін сипаттайтын постер құрады

2.    Бес критерийге байланысты әрбір топ өзге екі топтың жұмыстарына жұлдыз жапсыру арқылы бағалайды. Бірінші критерийорындалса –бір жұлдыз, екінші критерийорындалса – екінші жұлдыз, тағы да солай жалғаса береді. Әрбір топ көп дегенде 5 жұлдыз қоя алады.

3.    Оқушылар осы жұмыстан алған жұлдыз санын өздерінің бағалау парағына жазып алады

Ноутбук, интербелсенді тақта, бағалау парағы
5 Жин-ау Тапсырма 5 Бүгінгі сабақта Excel бағдарламасы бойынша қандай жаңашылдық үйренгенін эссе түрінде жазады Әрбір оқушы бүгінгі сабақта Excel бағдарламасы бойынша қандай жаңашылдық үйренгені туралы шағын эссе жазады
4 Бағалау Өзін-өзі бағалауды талап етемін Бағалау парағына сабақ барысында алған суммативті ұпайларын қосып формативті ұпайларын шығаруды талап етемін. Бағалау шкаласына сүйене отырып,  өзінің бағасын есептейді Бағалау шкаласы
Сабақ өту бойынша кері байланыс жазуларын сұраймын Сабақ өту бойынша кері байланыс жазады Стикерлер
Үй тапсырмасын тақтада көрсетемін Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады Интербелсенді тақта