Диаграмма құру, редакторлау және пішімдеу. Құжат беттерін рәсімдеу және баспаға шығару

26

 

Сынып  8 «Ә»
Өтілетін орны Кабинеті  №10

 

Өтілетін мерзімі 20  сәуір         4- ші сабақ           10.30 -11.15
Сабақтың тақырыбы Диаграмма құру, редакторлау және пішімдеу. Құжат беттерін рәсімдеу және баспаға шығару
Жалпы мақсаты Диаграмма құра білу және сол ақпаратты баспаға жібере алу
Оқыту нәтижесі Берілген ақпаратты көрнекілік үшін диаграмма арқылы көрсетуді үйрену. Диаграммаларды көркемдей білу. Құрылған ақпараттарды баспаға шығара білу
Негізгі идеялары Оқушыларда сыни ойлауын қалыптастыру, көшбасшылыққа икемдеу, сынып ішінде ынтымақтастық қарым -қатынас қалыптастыру. Топтық жұмысқа үйрету. Уақытты тиімді пайдалануға итермелеу.  Сынып алдында өз ойын жеткізе білу
Уақыты

(мин)

 

 

Тапсырмалар

 

Мұғалімнің

іс-әрекеті:

не  істеймін?

Оқушылардың
іс-әрекеті:

олар не істейді?

Ресурстар: осы іс-әрекет үшін маған қандай құралдар қажет?
2

 

 

 

Ұйымдастыру кезеңі, сыныпта жайлы атмосфераны қалыптастыру Сергіту сәті, биге ұласқан жаттығулар Оқушылар ортаға шығып, тақтадан қарап биді қайталайды Интерактивті тақта, музыка

 

 

2

 

Оқушыларды топқа бөлу 1.    3 суретті бала санына байланысты қиындыларға бөлемін де, балаларға таңдатқызамын. Топ ішінде рольдерге бөлінуін қадағалаймын.

2.    Бағалау парағын таратамын

Оқушылар қолындағы қиындылардан 1 сурет құрып, сол суреттің иелері бір топ құруы тиісті. Топ ішінде міндеттерін бөліп алады (көшбасшы, таймкипер, хатшы, бақылаушы) Үш сурет қиындылары, бағалау парағы

 

2 Үй жұмысын тексеру Бағалау парақтарын таратып, 12 сұрақтан тұратын интербелсенді тақтада қайталау тестін қосамын Бір сұраққа 10 с. уақытты тиімді пайдаланып 6 сұраққа жауап беру. Тестте алған бағаларын бағалау парағына жазып алу Интербелсенді тақта, activote, бағалау парақтары
5 Тақырып пен мақсатты ашу «4 сурет 1 сөз» ойыны арқылы Тақтада тақырыпқа байланысты 7 суретті көрсетемін Оқушылар топ ішінде суретке байланысты сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындау керек 7 сурет, интербелсенді тақта, А4 қағаз
18 Мозайка әдісі арқылы Тақырыптағы жаңа материалды 3 топқа бөліп беремін

1        топ диаграмманы құру әдісін талдайды

2      топ диаграмманы көркемдеу әдісін қарастырады (көмек көрсетемін)

3      топ ақпараттыы баспадан шығару ерекшеліктерін көрсетеді

Әрбір топ берілген тақырыптарын талдайды да, тақта алдына шығып жұмыстарын қорғайды Интербелсенді тақта,ноутбук,  үш тапсырманы орындау үшін нұсқаулық, А4 қағазы
Бағалау Әрбір топ тақырыптарын қорғағаннан кейін, тыңдаушы екі топқа интербелсенді тақтада критерийге сүйене отырып баға беруді ұсынамын. Оқушыларға осы жұмыстан алған жұлдыз санын өздерінің бағалау парағына жазып алуларын ескертемін 3 критерийге байланысты тыңдаушы топтар өзге екі топтың жұмыстарын жұлдыз жапсыру арқылы бағалайды. Бірінші критерий орындалса – бір жұлдыз, екінші критерий орындалса – екінші жұлдыз, тағы да солай жалғаса береді. Әрбір топ көп дегенде 3 жұлдыз қоя алады.

Оқушылар осы жұмыстан алған жұлдыз санын өздерінің бағалау парағына жазып алады

Электронды бағалау парағы ActivInspire бағдарламасында
9 Тапсырма 1 1.    Тақтада мәліметтер беремін, әр оқушы осы ақпаратты жеке есептеп, сол есептеулерге байланысты диаграмма құруын сұраймын. Диаграммалар бір-біріне ұқсамау керектігін ескертемін

2.    Топ ішіндегі көшбасшы критерий бойынша өзінің тобын жұлдыз беру арқылы бағалайды.  Жоғары ұпай 3 жұлдыздан аспау керек

3.    Әр оқушы өзінің жұмысын баспадан шығарып алады

1.    Мәліметтерді есептеп диаграмма құрады. Диаграммасын өз қалауынша түрлендіреді.

2.    Топ көшбасшысы қойған бағасымен келіспесе, неге келіспейтіні жайында өз дәлелдемелерін айтады. Бұл жағдайда ойды ортаға салып талқылаймыз

3.    Жұмыстарын баспадан шығарады

Компьютер, принтер, бағалау парағы

 

4 Пысықтау Жаңа тақырыпты игеруіне байланысты шағын тест аламын Оқушылар Activote арқылы интербелсенді тақтадан тест орындайды. Компьютер койған бағасын бағалау парағына түсіріп алады Интербелсенді тақта, activote, бағалау парағы
3 Бағалау Өзін-өзі бағалауды талап етемін Бағалау парағына сабақ барысында алған формативті ұпайларын қосып, суммативті ұпайларын шығаруды талап етемін. Бағалау шкаласына сүйене отырып  өзінің бағасын есептейді Бағалау шкаласы
Кері байланыс Сабақ өту бойынша кері байланысты АКТ арқылы жазуларын сұраймын Сабақ өту бойынша кері байланысты АКТ арқылы береді Мектеп мүмкіншілігін пайдалану
Үйге тапсырма Үй тапсырмасын тақтада көрсетемін Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады Интербелсенді тақта