Слайдтар. Слайдтардың ауысуын реттеу. Жүйелеу

80

Тақырыбы:                         Слайдтар. Слайдтардың ауысуын реттеу. Жүйелеу.

Сабақ мақсаты:                                а) Оқушыларды слайдтардың безендірулерін өзгерте білуге  үйрету

 

Б) Презентация құруда слайтарды эстетикалық талғаммен безендіре алу үшін, безендіру тәсілдерін жүйелі түрде меңгерту.

 

В) Оқушылардың эстетикалық талғамдарын арттыру. Жүйелі жұмыстануға тәрбиелеу.

 

Сабақ көрнекілігі:             PowerPoint программасы.

Сабақ түрі:                         Лекция

Сабақ әдісі:                        Лекция оқу, пікірлесу, түсіндіру

Сабақ типі:                         Жаңа білім беру сабағы

Сабақ барысы:                  Ұйымдастыру кезеңі

Үй тапсырмасын тексеру

Жаңа тақырыпты түсіндіру

Жаңа тақырып бойынша өздік жұмыс

Жаңа тақырыпты бекіту сұрақтары

Үйге тапсырма

Сабақты қорытындылау

Сәләматсыңдар ма?

Өткен сабақтар бойынша мынадай қайталау сұрақтары.

  1. Microsoft Office пакетінің PowerPoint қолданбасы не үшін қажет?
  2. Презентация неден құралады?
  3. Презентация құрған кезде қандай әрекеттер орындалады?
  4. PowerPoint қалай іске қосады?
  5. PowerPoint-тың терезесінің Word, Excel терезелерінен қандай айырмашылығы бар?
  6. PowerPoint қолданбасында слайдтарды қараудың қанша режимі бар?
  7. Слайдтарды қараудың режимдеріне жеке-жеке сипаттама беру керек.
  8. Презентацияны жобалаудың қандай тәсілдері бар?
  9. Мастер автосодержания не үшін қажет?
  10. Слайдтың безендіруін қалай өзгертуге болады?
  11. Слайдтың макетін қалай өзгертуге болады?

 

Енді бүгін жаңа сабақ, Слайд үлгісін модификациялау.

Презентацияның ұсынылуын келесі тәсілдермен өзгертуге болады.

  1. Түстік схеманы өзгерту арқылы
  2. Слайд үлгісін редаторлеу арқылы
  3. Колонтитулдар қосу арқылы
  4. Фон қосу немесе алып тастау арқылы

Түстік схеманы өзгерту.

Бұл тәсілді қолданудың оңай жолы презентацияның бастапқы фоны үшін PowerPoint-тың бір безендіру  шаблонын таңдап,  содан соң  фонды немесе түстік схеманы өзгерту.

Түстік схеманы өзгертер алдында презентацияның неге арналғанына мән беру керек. Пленка шығару үшін ашық түстер жақсы. Қара фон күңгірт жердегі экранда жақсы көоінеді.  Ашық фон мен қара текст жақсы жарықталған  жерде анық байқалады.

Сонымен түстік схеманы өзгерту үшін Формат-Цветовая схема  слайда  командасын орындайды.  Цветовая схема терезесі ашылады. Бос презентацияның түстік схемасы өзгертілмейді, ол үшін  алдымен безендіру қолдану керек.

Таңдалған түстік схеманы ағымдағы слайдқа немесе  барлық слайдқа қолдануға болады. Просмотр батырмасын  шертіп,  жаңа  безендіруді көруге болады. Қажетті  нұсқаны таңдап, ағымдағы слайдқа қолдану үшін Применить батырмасын, барлық слайдқа қолдану үшін  Применит ко всем батырмасын шертеді.

Егер дайын схемалардың бірде-біреуі ұнамаса, өзің схема құруға болады. Ол үшін, ойыңдағы схемаға ұқсас схеманы таңдап, Специальная астарлы бетін ашады. Өзгертуге қажетті түсті таңдап, Изменить цвет батырмасын шертеді. Цвет фона терезесі ашылады. Қажет түсті таңдап, ОК батырмасын шертеді. Жасалған түстер схемасын, келесіде қолдану үшін Стандартная  тобына қосып, сақтап қоюға болады.

 

Слайд үлгісін өзгерту.

Дизайн шаблонында слайд үлгісі қолданылады. Ол текстік және графикалық обьектілерді, шрифт стилін, слайд фонын анықтайды. Кейбір шаблондарда  жай слайдтардың үлгісі титулды слайдтың үлгісінен өзге болады.

Үлгіні өзгерту, ол қолданылып жасалған  барлық слайдты өзгертеді.  Мысалы, барлық слайдқа  эмблема қою үшін, эмблеманы  үлгіге қойса жеткілікті. Слайдтар үлгісін ашу үшін Вид-Образец слайдов  командасын орындайды немесе Shift пернесін басулы күйде ұстап тұррып, Режим слайдов  бастырмасын шертеді.  Содан соң қажетті өзгертулерді енгізеді.

 

 

 

 

Слайдқа төменгі колонтитулдар қою.

Слайдтар үлгісіне төменгі колонтитулдар аймағы кіреді. Колонтитулда дата, слайд номері немесе басқа да информациялар  көрсетіледі.

Колонтитул барлық слайдта көрсетіліп тұрады.  Колонтитул диалог терезесін ашу үшін Вид-Колонтитулы командасын орындайды.

Дата мен уақыт үшін  Автообновление немесе Фиксировано параметрлерін таңдайды. Автообновление параметрі өзгеріп тұратын уақытты, Фиксировано параметрі өзгермейтін тұрақты уақытты қамтамасыз етеді. Ағымдағы слайдқа номер қою үшін Номер слайда өрісіне  белгі қояды. Нижний колонтитул  өрісіне белгі қойып, колонтитулға қосымша текстік мәліметтер енгізуге болады.

 

Фон таңдау.

Дизайн шаблоны түстік схема мен  фонды өзгертеді. Слайдқа орналастырылған кез келген текст пен обьект, фон үстіне орналасады. Фон ретінде суреттерді, графикалық обьектілерді де қоюға болады.

Фонды өзгерту үшін  Формат-Фон командасын орындайды.  Фон диалог терезесі ашылады. Жекелеген слайдтар үшін Исключить фон образца белгісін орнатуға болады.  Бұл жағдайда  үлгінің фонындағы графикалық  обьектілер таңдалған слайдқа орналастырылмайды. Үлгінің фондық  обьектілерін шығарып тастағанда, слайдтың безендірілуі басқа слайдтардың безендерілуіндей болады да , бірақ графикалық обьектілер мен төменгі колонтитул жойылады.

Фонның құю түсін өзгерту үшін, стрелкасы бар батырманы шертеді. Авто пунктінде шерту үнсіз келісім бойынша берілген түспен толтыруды жүзеге асырады. Басқа  түс ашылған терезедегі бар түстердің ішінен таңдалады. Оның ішінде қажетті түс табылмаса, Другие цвета пунктін таңдауға болады. Ал Способы заливки  пунктін  таңдау арқылы,  құю тәсілдерін таңдауға болады.

Бұл терезеде Градиентная, Текстура, Узор және Рисунок астарлы беттері бар. Градиентті құю түстердің біртіндеп ауысуын жүзеге асырады.  Текстура әртүрлі материалдардың беттерін  көрсетеді. Узор компьютердік өрнектерді ұсынады. Рисунок фон ретінде сурет қоюға мүмкіндік береді.

 

Өздік жұмыс.

  1. Мастер автосодержания көмегімен презентация құрып ал.

А                 Түстік схеманы өзгерт.

В                 Өзің түстік схема құрып, оны қслайдқа қолдан.

С                Слайдтар үлгісін ашып, тақырыптың шрифтісін өзгерт.

Д                 Слайдтар үлгісін ашып, эмблема ретінде слайдтардың бәріне кез келген сурет қой.

Е                 Ағымдағы уақыт пен өзің атың жазылған төменгі колонтитул енгіз.

Ж               Жекелеген слайдтар үшін оның фондық түсін өзгерт.

З                 Жекелеген слайдтар үшін слайд үлгісінің обьектілерін алып таста.

 

Бекіту сұрақтары:

  1. Түстік схеманы өзгерту тәсілі қандай?
  2. Слайд үлгісін қалай өзгертуге болады?
  3. Слайдқа төменгі колонтитул қалай қойылады?
  4. Колонтитулда қандай информациялар болады?
  5. Фон түсін қалай өзгертеді?

Үйге тапсырма лекцияны оқып, компьютерде орындап жаттығу.

Сабақ аяқталды

Сау болыңыздар