Мәліметтер қоры: қолданылуы, негізгі ұғымдар. Microsoft Access.

182

Тақырыбы: Мәліметтер қоры: қолданылуы, негізгі ұғымдар. Microsoft Access.

Сабақ мақсаты:                                а) Деректер базасы ұғымымен таныстыру. Негізгі ұғымдар мен қолданылу мақсатын түсіндіру.

 

Б) Деректер базасымен жұмыс жасауды Microsoft Access қолданбасы негізінде оқыту.

 

В) Оқушылардың күрделі мәліметтермен жүйелі түрде реттеу арқылы жұмыстануына үйрету.

 

Сабақ көрнекілігі:             Microsoft Access қолданбасы

Сабақ түрі:                         Лекция

Сабақ әдісі:                        Лекция оқу, түсіндірмелі баяндау

Сабақ типі:                         Жаңа білімді меңгерту сабағы

Сабақ барысы:                  Ұйымдастыру кезеңі

Үй тапсырмасын тексеру

Жаңа сабақ түсіндіру

Жаңа сабақты бекітуге сұрақтар беру

Үйге тапсырма

Сабақты қорытындылау

Сәләматсыңдар мА?

Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:

  1. Деректер базасы дегеніміз не?
  2. Деректер базасының негізгі обьектілері нелер?
  3. Запрос деген не, не үшін қолданылады?
  4. Отчет деген не, не үшін қолданылады?
  5. Форма деген не, не үшін қолданылады?
  6. Макрос деген не, не үшін қолданылады?
  7. Деректер базасын құру үшін алдымен не істеу керек?
  8. ДБ жобалау қандай кезеңдерден тұрады?

Бүгін сабақты әрі қарай жалғастырамыз. Мәліметтер қоры: қолданылуы, негізгі ұғымдар. Microsoft Access.

 

ДБ құру.

Microsoft Access-те ДБ-сын құрудың екі тәсілі бар.

Бос ДБ-сын құрып алып,  оған таблцалар , формалар немесе т.б. обьектілерді  қосуға болады.

Екінші тәсілі мастер көмегімен  барлық обьектілері  бар типі анықталған ДБ-сын құрып алуға болады.

Екі тәсілді қолданғанда да   кез келген уақытта  ДБ-сын өзгерту мүмкіндігі  болады.

ДБ-сын жаңадан құрған кезде  Файл новой базы данных  терезесі пайда болады. Мұнда  ДБ-ның аты мен  құрылатын ДБ-ның  файлы орналасатын жерін көрсету керек.  Microsoft Access-тің ДБ-ның файлы .mdb кеңейтілуімен сақталады. ДБ-ның көшірмесін алу үшін оны басқа жерге түгелдей көшіріп алу керек. Себебі Файл-Сохранить как командасы ДБ-ның жекелеген обьектілерін ғана сақтайды.

Microsoft Access-тен шығу кезінде  деректердің өзгерісі автоматты түрде сақталады. Тек кез келген обьектінің құрылымы өзгергенде  ғана өзгерісті сақтау туралы диалог терезесі пайда болады.

 

Таблицамен жұмыс.

Таблица  нақты сұрақтарға сәйкес мәліметтерді сақтайды. Мысалы, Товары таблицасында тек товар туралы мәліметтер сақталуы керек.  Ал Поставщики таблицасы товар жеткізуші компаниялар туралы  деректерді қамтиды.  Деректер қайталанбас үшін  әртүрлі деректерді  әртүрлі таблицаларда орналасуы керек.  Таблицада деректер бағандарда (өріс) және жолдарға  (жазба) орналастырылады.

Таблицамен жұмыстың екі режимі бар.  Конструктор және таблица режимін  құралдар тақтасындағы  батырманы шерту арқылы таңдауға болады.

Таблица конструкторы режимінде жұмыс жасағанда  таблицалар құруға, оған жаңа өрістер қосуға, жоюға және таблица өрістерін баптауға болады.

Өріс қосу үшін  таблицалар терезесінің жоғары бөлігінде өріс атын енгізіп,  оның типін көрсетеді. Өріс атын өзгерту үшін  Имя поля бағанында  оның атын өзгерту керек.

Дерек типі өріске  қандай деректер өріске қандай деректер енгізуге болатынын  анықтайды.  Мысалы,  ақша типті өріске мәтіндік деректерді енгізуге болмайды.

Деректер типін қою қою үшін немесе өзгерту үшін Тип данных  бағанын таңдап, ашылған тізімнен  қажетті дерек типін таңдайды.

Түйінді өріс таблицада таблицалар арасындағы  байланысты қою үшін  қолданылады. Кілтті (түйінді өрісті) анықтау үшін қажет өріс жазылған жолды белгілеп, құралдар тақтасындағы  Ключ батырмасын шертеді.

Таблица режимінде таблицаға деректерді қосуға, өңдеуге және қарауға болады. Сонымен бірге емлесін тексеріп, таблицадағы деректерді басып, жазбаларды іріктеп, сұрыптап, таблицаның құрылымын өзгертіп, бағандарды қосып, жоюға болады.

Таблицаға жазба қосу үшін  Новая запись батырмасы қолданылады. Бұл батырма баыслған кезде таблица соңында бос қатар пайда болады.

Жазбаны жою үшін жазба өрісін таңдап  құралдар тақтасындағы  Удалить запись батырмасын шертеді.

Таблицадағы қатарларын бір немесе бірнеше бағандардың мазмұны бойынша сұрыптауға  болады. Бұл үшін  сұрыптау жүретін өрісті белгілеп, өсуі немесе кемуі бойынша сұрыптау тәсілін таңдауға болады.

Фильтрлеу (іріктеу) формада тек кейбір жазбаларды көруге мүмкіндік береді.  Іріктеу қажет деректерді белгілеп Фильтр по выделенному  батырмасын шертеді.  Фильтрді түзету үшін Изменить фильтр  батырмасын шертеді. Фильтрлеудің толық шартын қою үшін Запись-Фильтр-Расширенный фильтр  командасын орындайды. Ал қарапайым немесе кеңейтілген фильтрді қолдану үшін құралдар тақтасындағы Применить фильтр  командасын орындайды.

Деректер типтері.

Деректер типтері өріске қандай дерек енгізілетінін анықтайды. Microsoft Access төмендегідей деректер типтерімен жұмыс жасайды.

Текстовый —  текст немесе есептеуге қолданылмайтын сан, мысалы телефон номері.

Поле МЕМО —  түрлі түсініктерді беру үшін қолданылады.

Числовой —  есептеуге қолданылатын сандық деректер.

Дата/Время —  пішінге байланысты календарлық деректерді немесе уақытт енгізуге болады.

Денежный —  математикалық есептеулерде қолданылатын сандар және ақша бірліктері.

Счетчик —  Access автоматты түрде толтыратын тізбекті сандардан тұрады. Бірінші жазбаға 1, екіншіге 2 т.с.с. беріледі. Бұл өрістің сандарын өзгертуге болмайды.

Логический  —  свойство поля панелінде берілген пішінге байланысты екі мәнді сақтау үшін қолданылады. (да/нет, true/fаlse).

Поле обьекта OLE —  Microsoft Access таблицасына енгізілген немесе байланыстырылған обьект (мысалы, Excel таблицасы, Word құжаты, сурет, дыбыстық файл немесе т.с.с.).

Гиперссылка —  гиперсілтеме адресін көрсететін әріп немесе  цифрдан тұратын жол.

Мастер подстановок – пайдаланушы тізімнен деректер таңдап алуға мүмкіндік беретін өріс құруға болады.

 

Үйге тапсырма тақырыпты оқып келу.

Сабақ аяқталды

Сау болыңыздар.