Алтын қақпа

33

Сабақтың  тақырыбы:  Алтын қақпа

Сабақтың  мақсаты:

Білімділік : Оқушылардың білімдерін сарапқа салу арқылы жеңімпаз топты анықтау.

Дамытушылық: Оқушыларды тапқырлыққа баулып, зейінін, ой –өрісін, белсенділігін дамытып, білімге құштарлығын арттыру.

Тәрбиелік: Өз білімдеріне деген сенімділіктерін нығайту, қиындықтарды жеңе білуге тәрбиелеу.

Пән  аралық   байланыс:  Астрономия,  қазақ  тілі

Сабақтың  түрі:  сайыс  сабақ

Сабақтың  көрнекілігі:  Дербес  компьютер, интерактивті  тақта

Сабақтың жоспары:

  1. Кіріспе
  2. Таныстыру
  3. Ойын кезеңдері
    • Ағаш  қақпа «Сауал  бізден  жауап  сізден»
    • Темір  қақпа «синонимін  тап»
    • Күміс қақпа «Тапқыр  болсаң  шешіп  көр»
    • Алтын  қақпа «Ойна ойла»
    • Білім  кілті «Кім  жылдам?»
  4. Марапаттау

Сабақтың  барысы:

Кіріспе. Құрметті  оқушылар,  ұстаздар,  «Алтын  қақпа»  сайысына  қош  келдіңіздер!  7 – 8   класс  оқушыларынан  құралған  оқушылар  екі  топқа  бөлініп  отыр. Бірінші  топ « »,  екінші  топ « »  деп  аталған  олай  болса,  ойынымызды  бастайық.

Ағаш  қақпа «Сауал  бізден  жауап  сізден»

І  топ

  • Windows – тың негізгі  объектілерін  ата
  • Қуат деген  не,  өлшем  бірлігі
  • Ақпаратты зерттейтін  ғылым
  • Қысым, оның  формуласы
  • Позициялық емес санау  жүйесі  деген  не?
  • U, I деп нені  белгілейміз,  анықтамасы
  • Компьютердің негізгі  құрылғыларын ата.
  • Тең әсерлі  күш  деген  не?
  • Ақпарат деген  не?
  • Орын ауыстыру  деген  не?

ІІ  топ

  • Ақпарат алатын  көздерді  ата
  • Күш, оның  формуласы
  • Позициялы санау  жүйесі  деген  не?
  • R, U деп нені  белгілейді,  анықтамасы
  • Функционалды пернелерге  қандай  пернелерді  жатқызады?
  • Тығыздық, оның формуласы
  • Санау жүйелерін  ата
  • Серпімді деформация  деген  не?
  • Операциялық жүйе  не  үшін  керек?
  • Жұмыс, оның  формуласы

ІІ. Темір  қақпа «Синонимін  тап»

І топ

Бастапқы сөз                       Термин сөз

  • Сегіз бит —                Байт
  • Қапшық —                 Бума
  • Мінез құлық —          Қасиет
  • Шаруа —           Жұмыс
  • Жеңіл —           Салмақсыздық
  • Сапар —           Жол

 

ІІ  топ

Бастапқы сөз                                  Термин сөз

  • Қанаушылық —           Қысым
  • Зорлық көрсету —           Күш
  • Қайрат —           Қуат
  • Құлып —           Пароль
  • Желдеткіш —           Терезе
  • Дұшпан —           Вирус

Күміс қақпа «Тапқыр  болсаң  шешіп  көр»

«Бұл  қай  планета?»

І  топ

Массасы 20 кг денеге 76 Н ауырлық күші әрекет ететін болса,осы  кезде  тұрақты  шама  неге  тең  болады?   (3.8 Н/кг ,  марс )

ІІ  топ

Массасы 26 кг денеге 624 Н ауырлық күші әрекет ететін болса,осы  кезде  тұрақты  шама  неге  тең  болады? (24 Н/кг, сатурн)

«Ол  кім,  бұл  не?»

І  топ

  • Ол — физикалық  өлшемді анықтайды, әрі   программалау   тілі  ретінде  таныс.   Ол кім?
  • Есептеу машинасына қажетті, физикада зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы. Ол не?

ІІ  топ

  • Есептеу машинасын алғаш ойлап  табушы,  физикада өлшем бірліктің атын иемденген. Ол кім?
  • Есептеу  машинасынан бөлініп  шығатын жағымсыз әсер  немесе физикалық  шама. Ол  не?

Алтын  қақпа «Ойна да  ойла»  Практикалық  жұмыс  Есептің  берілгенін  компьютерге  теріп, Times New Roman қарпіне келтіріп, түсі —  қызыл,  қисайтылған, 24  өлшемде  пішімдеңіз. Есепті шешіңіз.

  I топ

Ұшақ 750 км/сағ  жылдамдықпен ұшып келеді. Ол  6 сағат  ішінде  қандай аралықты  өтеді? (125 км)

II топ

Күннен  жерге  дейін 150 млн км.  Жарық жылдамдығы 300000 км/с болса, жерге қанша уақытта жетеді? (500 сек  немесе 8 мин 20 сек )

 Білім кілті  “Кім жылдам?” (топ басшылар сайысы)

Формуланы  шешкенде информатикалық термин шығады

 

 

  — Белгілі  бір  бағыт

 — тибеттегі  түйе

 

Марапаттау.   Қорытынды  сөз  кезегі  әділқазыларға  беріледі.

 

Жанаева  Ж.Қ  Информатика пәні  мұғалімі

Б.Сүлейменов  атындағы  орта  мектеп Шалқар ауданы, Ақтөбе облысы