Excel кестелік процессоры. Негізгі ұғымдар мен амалдар. Excel-де деректермен жұмыс істеу

26

Сабақтың тақырыбы: Excel кестелік процессоры. Негізгі ұғымдар мен амалдар. Excel-де деректермен жұмыс істеу

Сабақтың мақсаты:

              Білімділігі: Оқушыларды Microsoft Excel кестелік процессорының толық мүмкіндіктерін таныстыру, программаны іске қосу және жұмыс кестесінің элементтері туралы түсінік беру.

Тәрбиелігі: Жаңа тақырыпты түсіндіре отырып, оқушыларды шапшаңдыққа, ептілік пен ұқыптылыққа тәрбиелеу.

          Дамытушылығы: Оқушылардың білімділік, іскерлік дағдыларын арттыра отырып, олардың ой-өрісін дамыту. Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, интерактивті тақта, оқулық.

Сабақтың жүру барысы:

 

                     І. Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Оқушылармен амандасу;
  2. Оқушыларды түгендеу;
  3. Оқушылардың назарларын жаңа сабаққа аудару;

 

                           ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау.

                                  (сұрақ-жауап әдісі бойынша)

  1. Тіктөртбұрышты кесте дегеніміз не?(бірнеше жолдардан тұрады)
  2. Кесте дегеніміз не?(ақпараттық жолдар мен бағандардардан тұрады)
  3. Электрондық кесте дегеніміз не?(мәтіндер мен сандардың кестелік компьютерлік бейнесі)
  4. Электрондық кестені қандай мақсаттарда қолданылады?
  5. Ұяшық ауқымы дегеніміз не?
  6. Баған, Жол, ұяшық дегеніміз не?
  7. Электрондық кестедегі формула деп нені атайды?(есептеу үшін қолданған кәдімгі математикалық өрнектерді атайды)

 

ІІІ. Жаңа сабақ.

Microsoft Excel кестелік процессоры деректермен әр-түрлі операциялар орындауға мүмкіндік береді.

  1. Кесте құруға және оларға ат қойып, дискіге сақтауды.
  2. Сақталған кестелерді ашуға және оларға түзету жасауды.
  3. Кестеден жол, баған немесе ұяшық қосуды.
  4. Кестеден жол, баған немесе ұяшықтарды алып тастауды.
  5. Жол, баған немес ұяшықтар ішіндегін көшіруді немесе орын ауыстыруды.
  6. Ұяшықтар ішіндегісін өсуі немесе кемуі бойынша сұрыптауды.
  7. Пайдаланушының өзі құрастырған формулалар бойынша немесе кестелік процессорда бар дайын формулаларды есептеп жүргізуді.
  8. Кесте деректері бойынша диаграмма құруға және оларды кестеге кірістіруді.
  9. Кестеге графикалық объектілерді, яғни стандартты суреттер қорынан суреттер кірістіруді.

10.Кестелерді баспаға, яғни принтерге шығаруды.

 

Microsoft Excel-ді іске қосу және жұмыс кестенің элементтері.

Microsoft Excel-ді іске қосу үшін келесі әрекеттер тізбегін орындаңдар:

Пуск /Программы/ Microsoft Excel

Microsoft Excel  іске қосылғаннан кейін экранда оған ақпарат енгізілетін жұмыс кестесі түріндегі терезе ашылады.

Жұмыс кестесінің элементтері:

  1. Айналдыру жолағы.
  2. Бөлудің кішкене белгісі.
  3. Жол нөмірі.
  4. Баған тақырыбы.
  5. Кестелік меңзер.
  6. таңбалар.
  7. Стандартты аспаптар панелі.
  8. Пішімдеу панелі.
  9. Формулалар жолы.

10.Қалып-куй жолы.

11.Айналдыру батырмасы

 

Excel жұмыс кітабы үнсіз келісім бойынша   3 жұмыс бетінен тұратын дискіде 1 файл сияқты сақталады. Жұмыс бетінің санын бір кітапта 255 бетке дейін көбейтуге болады.Жұмыс кестесі жол мен баған түрінде ұйымдастырылған. Әр-бір бет 256 бағаннан және 65,536 жолдан тұруы мүмкін. Бағандар латынның А,В,С,Д әріптерімен белгіленеді. Жолдар нөмірленеді.

Кестенің жұмыс бетінің ауыстырылуы.

Кестенің қажетті бетін экранға шақыру үшін беттерді ауыстырудың екі әдісі бар.

  1. Терезенің төменгі жағындағы қажетті кестенің таңбасын шертеміз. Терезенің төменгі сол жақ бұрышына беттерін таңбаларын айналдыруға мүмкіндік беретін айналдыру батырмасы бар.
  2. F5 пернесін басамыз. Переход диалогтік терезесіндегі Ссылка өрісіне таңбаның атын, леп белгісін және ауысу қажет болатын ұяшық тың координаталарын енгізіп, ОК батырмасын шертеміз.

Кестеге жұмыс беттерін қосу үшін, Вставка Лист командасын орындап немесе таңбаны маустың оң жақ батырмасынан шертеміз және Довавить лист белгісінде маусты екі рет шертеміз.

                 Кестенің бетінің таңбасымен атын өзгерту.

Таңбаның атын өзгерту үшін, келесі әрекеттерді орындаймыз:

  1. Қандай да бір таңбада маустың оң жақ батырмасын шертіңдер.
  2. Переменовать командасын таңдаймыз.Сонда таңба қара түспен ерекшеленеді
  3. Жаңа атауын енгіземіз.
  4. Кестенің кез-келген ұяшығына шертіңдер.

 

Microsoft Excel-дегі деректермен жұмыс істеу.

Деректерді Excel-де енгізу.

 

  1. Практикалық жұмыс

1-тапсырма

Жұмыс бетінің таңбаларының атын өзгертіңдер. Мыс:Табл1, План сведения (1-кесте, Жоспар, мәлімет)

2-тапсырма

  1. Пуск/Программы/ Microsoft Excel командасын орындаңдар.
  2. А1, В1, С1, Д1 ұяшықтарына баған аттарын, яғни мәтін енгізіңдер.
  3. А1 ұяшықтан А8 ұяшығын қоса жол аттарын, яғни мәтін енгізіңдер.
  4. А,В және Д бағандарының енін маус көмегімен өзгертіңдер.

 3-тапсырма

Кітаптарыңа пароль қойыңдар.

 

 

                        V.Қорытынды бөлім.

  1. Microsoft Excel кестелік процессоры деректермен қандай операция орындауға мүмкіндік береді?
  2. Жұмыс кестесінің негізгі элементтерін атаңдар
  3. Жұмыс кітабы немесе жұмыс беті дегеніміз не?
  4. бағанның ені мен жолдың биіктігін қалай өзгертуге болады?
  5. Microsoft Excel кестелік процессорын қалай іске қосамыз?

 

  1. Үйге тапсырма

Microsoft Excel кестелік процессоры.

Excel –дегі деректермен жұмыс істеу тақырыбын оқып келу.

И      VII.Бағалау.