Компьютерлік графика

61

Тақырыбы:  Компьютерлік  графика

Сабақтың мақсаты:

 Білімділік: Компьютерлік  графика  жайлы  түсінік  алу, растрлық, векторлық  кескіндер  туралы  білім  алу, олардың артықшылық, кемшіліктерін  ажырату.

Дамытушылық: Графиктік  редакторлар Paint, Photoshop, Coreldraw туралы мағұлматтар  алу. Word-та  графиктік мүмкіндіктерді қарастыру, мультимедияда қолданылуы.

Тәрбиелік: Эстетикалық талғамын қалыптастыру. Дизайнерлік  мамандыққа баулу.

 

Сабақтың типі: Модульдік  технология  элементтері

Пәнаралық байланыс: Геометрия, бейнелеу өнері, тарих.

Көрнекілік: Paint, Word, Power Point терезелеріндегі көрнекіліктер,  мультимедиялық фильм.

Техникалық  құралдар: Проектор, сканер, фотоаппарат.

 

 

Сабақтың барысы:

 

         Ұйымдастыру.

Компьютерлерді дайындау, проекторды, сканерді іске қосу, фотоаппаратты пайдалану, көрнекіліктерді  қою.

 

  1. Кіріспе.

«Компьютерлік  графика»  тақырыбы  жайлы  қысқаша  шолу, тапсырмалар  беру. Сабақ барысы слайдтар арқылы басқарылып отырылады.

 

  1. Модульдер бойынша  тақырыпты  қорғау

1 — модуль:  Растрлық кескін.

 

2-модуль:  Векторлық  кескін.

 

3-модуль:  Графиктік  редакторлар Paint, сканерді  қолдану.

 

4 — модуль: MSWord  редакторында  графиктік  мүмкіндіктер, фотоаппаратты  қолдану.

 

 

 

Екі  топ  2 — тапсырма  бойынша  жұмыстарын  қорғайды.

 

Түсініктеме  беріп, екінші  оқушы  практикалық  түрде  көріністерімен  көрсетіп орындайды.

 

 

  1. Практикалық  жұмыстар: Болашақ дизайнерлер

Әр  компьютерде  8 — наурыз  мерекесіне  арнап  Paint  редакторында,     MS Word редакторында  құттықтау  беттерін  жасайды.

  1. Дамыту бөлімі.
  • Adobe Photoshop  редакторының  мүмкіндіктерін  көрсету.

Фотоаппаратпен  фотоға  түсіріп, оны   Photoshop — та  монтаждау.

  • Мультимедиа мүмкіндігі  Видеофильм  фрагментін  көрсету

«Тарбағатай  таңғажайыптары».

 

 

 

  1. Бағалау, қорытындылау үйге  тапсырма.