Paint графикалық редакторында, үзінділермен орындалатын әрекеттер бойынша суреттер салу

37

Сабақтың тақырыбы:  Paint графикалық редакторында, үзінділермен       орындалатын әрекеттер бойынша суреттер салу

Сабақтың мақсаты:     

  1. Білімділік: Оқушыларға Paint графикалық редакторының мәнін,

                            оның жүктелуі және элементтері туралы түсінік беру,

оларды біліми белсенділікке, техникалық шеберлік пен

ұқыптылыққа баулу.

  1. Дамытушылық: Өз бетінше жұмыс істеуге дағдысын қалыптастыра

отырып, логикалық ойлау қабілетін дамыту, компьютерді пайдалана отырып сурет салуға үйрету.

  1. Тәрбиелік: Оқушылардың компьютерге деген қызығушылықтарын

арттыру, еңбекке тәрбиелеу, халықтық тағылымдарды сурет арқылы  бейнелеуге тәрбиелеу.

 

Сабақ типі: Қорытынды сабақ

 

Сабақ көрнекілігі: Компьютер, Paint графикалық редакторының терезесі,

дидактикалық материалдар, тест, тосын сый.

 

Пәнаралық байланыс: Сурет, бейнелеу

 

Сабақ жоспары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. (Оқушыларды түгендеу)
  2. Сабақ барысы:

 

Бүгінгі Paint графикалық редакторында үзінділермен  орындалатын әрекеттер  бойынша суреттер салу қорытынды сабағымыз келесі турлардан тұрады:

1 – тур. Компьютерлік тест

2 – тур. Сұрақ жауап

3 – тур. Суреттер сайысы

4 – тур. ВЕНН диаграммасы

 

1 – тур     Оқушылар алдын ала компюьтерде дайындалған 10 сұрақтан тұратын тест тапсырады. Мұнда тестің дұрыстығын компюьтер тексеріп оқушыларды бағалайды. (Берілетін уақыт 10 минут)

 

2 – тур Оқушылар сұрақтар жасырылған тапсырмалар беріліп,  қойылған сұрақтарға толық жауап сұралады.

  1. Paint қандай оператор?
  2. Paint операторын қалай іске қосамыз?
  3. Paint операторының жұмыс аланы неше бөлімнен тұрады?
  4. Құрал саймандар тақтасында қанша әрекет орындауға болады?
  5. Түстер палитрасы көмегімен қанша түсті тандауға болады?
  6. Үзінділермен қандай әрекеттер орындауға болады?
  7. Суреттің үстіне мәтін қосу үшін, қандай әрекеттер орындаймыз?
  8. Суреттерді қалай сақтаймыз?
  9. Сақталған суреттерді қалай ашамыз?

 

3 – тур Оқушылар таңдап алынған тапсырмалар бойынша Paint графикалық редактор терезесінде, жұмыс столында орналасқан «Тосын сый» қапшығынан қажетті үзіндіні таңдап алып,  үзінділермен  орындалатын әрекеттер  ретімен  суреттер салуға кіріседі.

 

 

№ 1 тапсырма

 

Жұмыс столында орналасқан «Тосын сый» қапшығынан қажетті үзіндіні таңдап алып, үзінділермен  орындалатын әрекеттер  бойынша «Аквариум» тақырыбында  бірнеше және әр  түрлі  балықтардың суретін  кескіндеп, суретті қағазға басып шығар.

 

 

№ 2 тапсырма

 

Жұмыс столында орналасқан «Тосын сый» қапшығынан қажетті үзіндіні таңдап алып, үзінділермен  орындалатын әрекеттер  бойынша «Аққалалар» тақырыбында  бірнеше аққаланың суретін  кескіндеп, суретті қағазға басып шығар.

 

№ 3 тапсырма

 

Жұмыс столында орналасқан «Тосын сый» қапшығынан қажетті үзіндіні таңдап алып, үзінділермен  орындалатын әрекеттер  бойынша «Жаңа Жыл шыршасы» тақырыбында  шырша суретін  кескіндеп, жаңа жылдық ойыншықтармен безендіріп, суретті қағазға басып шығар.

 

 

 

№ 4 тапсырма

 

Жұмыс столында орналасқан «Тосын сый» қапшығынан қажетті үзіндіні таңдап алып, үзінділермен  орындалатын әрекеттер  бойынша «Көбелектер» тақырыбында  бірнеше көбелектің суретін  кескіндеп, суретті қағазға басып шығар.

 

 

№ 5 тапсырма

 

Жұмыс столында орналасқан «Тосын сый» қапшығынан қажетті үзіндіні таңдап алып, үзінділермен  орындалатын әрекеттер  бойынша «Қазақтың ою — өрнектері» тақырыбында  ою — өрнектер суретін  кескіндеп, суретті қағазға басып шығар.

 

 

4 – тур Оқушылар ВЕНН диаграммасы бойынша бүгінгі сабақты қорытындылай отырып, сурет сабағы мен Paint графикалық редакторының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын талдап көрсетеді.

 

 

ВЕНН диаграммасы

 

 

  1. Сабақты қорытындылау. (Оқушыларды бағалау)
  2. Үйге тапсырма. «Жаңа жыл» тақырыбына сурет

                                                 әзірлеп келу.