Microsoft Word мәтіндік процессорының графикалық мүмкіндіктері

112

Сабақтың тақырыбы: «Microsoft Word мәтіндік процессорының графикалық мүмкіндіктері»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:         Оқушылар  MS Word мәтіндік процессорымен жұмыс істеуді, графикалық мүмкіндіктерін, яғни сурет кірістірудің бірнеше мүмкіндіктерімен танысады, үйренеді;                              

Дамытушылық:  Оқушылардың WORD редакторымен жұмыс істеу дағдысы

қалыптасады,  пәнге деген қызығушылығы, шығармашылығы артады;

Тәрбиелік:          Оқушылар ізденімпаздыққа, жауапкершілікке және компьютерлік сауаттылыққа тәрбиеленеді.

Сабақтың түрі:   Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі:   СТО технология

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың көрнекілігі: компьютер, слайдтар, сыни тұрғысынан ойлау технологиясының стратегиялары, таратпа тапсырмалар;

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері Мұғалім іс – әрекеті Оқушы іc — әрекеті
Қызығушылықты ояту Амандасады, сыныпты түгендейді.

Тәуелсіздікке арналған слайд, Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған 20 игі іс туралы айтады.

Кезекші оқушыларды түгендейді.

Оқушылар Тәуелсіздік туралы білгендерін айтады.

Мағынаны ажырату Жаңа тақырып слайдтар көрсетеді, практикалық компьютерде тапсырмалар таратады. Жаңа тақырыппен танысып, практикалық тапсырмаларды орындайды.
Ой – толғаныс Әр оқушы жасаған жобаларын, яғни Тәуелсіздікке арнап шығарған газеттерін қорғайды.

 

Бағалау: Жасаған жобаларына сәйкес бағалау.

Үйге тапсырма: 7 тарауды қайталап оқу, тақырып соңындағы практикумдарды орындау.