Циклдық алгоритмді программалау тақырыбына жаттығу жұмыстары.

78

 

Сабақтың тақырыбы:  Циклдық алгоритмді программалау тақырыбына жаттығу жұмыстары.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Циклдық операторлық командаларын программада дұрыс

қолданылуын үйрету.

Дамыту:   Оқушылардың логикалық ой-өрісін дамыту, компьютерлік

                   сауаттылығын, сабаққа қызығушылығын, тапқырлығын,

біліктілігін арттыру.

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тазалыққа, жылдамдылыққа, шыдамдылыққа,

компьютерді өз мақсатында дұрыс қолдану мәдениетіне

тәрбиелеу.

Болжамдап    отырған    нәтиже:    Лекцияда   өтілген   тақырыптарды  толық  меңгеріп,   оларды есепте дұрыс қолдана білуі керек.

Сабақтың типі: Пысықтау сабағы.

Сабақтың түрі:  Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі:  Компьютермен жұмыс, тест, сұрақ-жауап, ойын, ДТ.

Көрнекі құралжабдықтар:   Интерактивті тақта, бағалау кестесі.

Сабақтың жоспары:

  1. I. Ұйымдастыру. (2 мин)
  2. Ойын «Өзен».
  3. Үйге берілген тапсырманы тексеру. (6 мин)
  4. «Портрет» атты ойын жарысы.

Қорытындылау.

III.  Өткен сабақты пысықтау. (12 мин)

  1. Компьютермен, тақтамен және дәптермен жұмыс (есептер шығару).

Қорытындылау.

  1. IV. Көзге жаттығу жасау. (2 мин)
  2. V. Өзіндік жұмыс (деңгейлік тапсырмалар). (20 мин)

1-деңгей. Тестпен жұмыс.

2-деңгей. Есептің программасын кұру.

3-деңгей. 2-деңгейде берілген есептің блок-схемасын құрып,  нәтижесін

компьютерде көрсету.

 

Қорытындылау.

 

  1. Қорытындылау, бағалау. (2 мин)

 

  • Үйге тапсырма. (1 мин)

 

 

 

 

Сабақтың барысы:  Ұйымдастыру.

  1. Оқушылардың назарын сабаққа аудару, сабактың тақырыбын айту.
  2. Сабақтың барысымен таныстыру.

«Өзен» атты ойын жарысының шарты.

Бірінші отырған оқушы информатикаға байланысты бір сөз айтады, келесі оқушы сол сөз қай әріппен аяқталса, сол әріптен басталатын информатикаға байланысты сөз айтады. Осылайша судың ағыны сияқты топтың әр қайсысы сөз айтып шығады.

  1. II. Үйге берілген тапсырманы тексеру:

«Портрет» атты ойын жарысы. Тақтада сызылған блок-схема бөліктерге

бөлінеді. Әр бөлікке сұрақ жазылады. Сұрақтарға дұрыс жауап берілсе, тиісті

орынға қойылады. Әр оқушы бір-бір сұраққа жауап береді. Жауап 2 ұпаймен

бағаланады.

Есеп. Төменде п! факториалын есептейтін блок-схеманы құрастыру керек.

          Бұл есеп үш түрлі циклмен есептелген.

 

While..do

Repeat..until

For..do

 

 

 

 

 

 

 

 

Блок-схеманы құрастыру үшін төмендегі сұрақтарға жауап беру керек.

  1. Сұрақ: Алгоритм құрылымына қарай қаншага бөлінеді?

Жауап: Алгоритм құрылымына қарай үшке бөлінеді: сызықтық, тармақтық, циклдық болып.

  1. Сұрақ: Цикл дегеніміз не?

Жауап: Қайталау (цикл) операторлары белгілі бір операторларды немесе операторлар тобын бірнеше рет орындау мүмкіндігін ұйымдастыруға қолданылады.

 

  1. Сұрақ: Циклдіц денесі деп нені айтамыз?

Жауап: Қайталанатын операторлар тобы циклдің денесін құрайды.

  1. Сұрақ: Қайталау параметрі деген не?

Жауап: Қайталау санын көрсететін, әр кайталау сайын 1-ге артып отыратын натурал типті шама.

  1. Сұрақ: Шарт деген не?

Жауап: Жауабы «иә» немесе «жоқ» болатын ұйғарым

  1. Сұрақ: Серия деген не?

Жауап: Паскаль опреторларының тізбегі.

  1. Сұрақ: While..Do  циклініц программада жазылуын көрсетіңіз?

Жауап: while шарт

begin      серия/операторлар;

end;

  1. Сұрақ: Repeat..Until  циклінің  блок-схемасын көрсетіңіз.
    Жауап:                                                 repeat
  2. Сұрақ: 6! факториалы неге тең?
    Жауап: 720-ға.
  3. Сұрақ: For-Downto операторыныц программада жазылуын көрсет:
    Жауап: Ғог <параметр>:=<соңғы мән>  downto <алғашқы мән> do

 begin

       серия ;

end;

Қорытындылау. Жалпы қысқаша цикл туралы айту, бағалау кестесін толтыру.

 

III.  Есептер шығару.

Компьютермен, тақтамен және дәптермен жұмыс (есептер шығару). Жоғарыда берілген блок-схемалардың кез-келгеніне программа құрып, нәтижесін компьютерде көрсету.

Программа мәтіні:

 

program faktorial;

var n, i, f: integer;

begin                                           

readln (n);                                  

f:=1; і:=1;                                   

while і<=n do

begin                                          

f:=f*і; і:=і+1;

end;                                           

write (‘f=’,f);                              

end.

program faktorial;

var n, i, f: integer;

begin                                      

readln (n);                             

f:=1; і:=1;                              

repeat                                    

f:=f*і; і:=і+1;

until i>n;                                  

write (‘f=’,f);                         

end.

program faktorial;

var n, i, f: integer;

begin                                          

readln (n);                                 

f:=1;                                           

for i:=1 to n do

begin                                         

f:=f*і;                                                                                       

write (‘f=’,f);                             

end.

Қорытындылау.

  1. Көзге жаттығу жасату.

Оқушылар ортаға шығып бір оқушының айтуымен жаттығу жасайды.

  1. Өзіндік жұмыс (деңгейлік тапсырмалар). (20 мин)

1-деңгей. Тестпен жұмыс.

Тест сұрақтары

  1. 1. Паскальда бағдарлама қандай кызметші сөзбен басталады ?

1) begin               2) var                           3) program*

  1. Өрнектің мәнін табыңыз: х=3 болған жағдайда sqr(sqr(х))=…

1)  9                      2)  81*                         3)  27

  1. Бөлінді қалдығын табу үшін қандай функция қолданылады?

1)  div                    2)  mod*                                 3)  abs

  1. Паскаль бағдарламасында айнымалыларды сипаттау бөлігі қандай қызметші
    сөзбен басталады?

1)  Begin                2) Var*                                   3) Program

  1. Турбо Паскаль бағдарламасында циклдың қанша түрі бар?

     1)  1                         2)  2                             3)  3*

  1. Өрнектің мәні неге тең 19 div 4?

1)  3*         2)  4                     3)19

  1. Бүтін типті айнымалылар … дейінгі аралықтағы мәндерді қабылдай алады

1) -32 768-ден 32 767-ге*

  • 0-ден 32768-ге
  • -2 147 483 648-ден 2 147 483 647-ге
  1. Блок-схемада ромб нені білдіреді?
  2. мәліметтерді өңдейді
  3. нәтижені шығарады
  4. шарт беріледі*
  5. Қай операторда циклден шығу шарты шарт ақиқат болғанда орындалады?

1)  While                               2)  Repeat*                             3) Fог

  1. Программаның мына бөлігі нені есептеп тұр? Мәні қандай?
  • -2 -ден 5-ке дейінгі сандардың көбейтіндісін, мәні 15
  • -2 -ден 5-ке дейінгі сандардың қосындысын, мәні 15
  • -2 -ден 5-ке дейінгі сандардың қосындысын, мәні 12

2-деңгей. Берілген есептің блок-схемасын құру.

Ежелгі ұзындық салмақ өлшемдерін қазіргі өлшемдерге ауыстыратын блок-схема құрыңдар. (цикл санаушының мәні 1-ден 10-ға дейін өзгереді):

I нұсқа. Фунтты киллограмға (1 фунт = 0,40951 кг)

 

II нұсқа

Аршынды метрге (1 аршын = 0,7112 м)

3-деңгей.   2-деңгейде   берілген   есептің   программасын   кұрып,   нәтижесін компьютерде көрсету.

Қорытындылау.

  1. VI. Қорытындылау, бағалау.

VII.   Үйге тапсырма.

 

Қорытындылау.

VІІ. Бағалау.

Жұмыстарын тексеріп, бағалау кестесіне енгізіп санап шығу, оқушыларды  бағалау.

 

VІІІ. Қорытындылау.

  1. Үйге тапсырма

Оқулықтағы 89-беттердегі №9 есеп.

Білім рейтингісі:

  1. «Портрет» ойыны 1 тапсырма х 2 ұпайдан = 2 ұпай
  2. Есеп шығару 1 тапсырма х 5 ұпай = 5 ұпай
  3. Өзіндік жұмыс:

I деңгей.    Тест 10 тапсырма х 1 ұпай = 10 ұпай.

  • деңгей. Берілген есептің блок-схемасын және программасын құру

                    2 тапсырма х 3 ұпай = 6 ұпай.

  • деңгей. 1 тапсырма х 10 ұпай = 10 ұпай.

Баға мониторингі:

28-33  ұпай — «5»

22-27  ұпай — «4»

16-21  ұпай — «3»