Компьютердегі кестелік есептеулер

58

Сабақтың тақырыбы: Компьютердегі кестелік есептеулер

Сабақтың мақсаты:

                Білімділігі: Оқушыларға компьютердегі кестелік есептеулерді, деректерді кестелік түрде ұсыну. Деректердің типтері. Формула жазу ережелерімен таныстыра отырып, оларды қолдана білу технологиясын үйрету.

                  Тәрбиелігі:  Оқушылардың білімін кеңейтіп, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, ептілікке баулу.

      Дамытушылығы: Компьютерде кестелік есептеулерді өңдеу технологиясын меңгерте отырып, оқушылардың ой- өрісін дамыту.

 

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, оқулық, интерактивті тақта.

Сабақтың жүру барысы:

 

                     І. Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Оқушылармен амандасу;
  2. Оқушыларды түгендеу;
  3. Оқушылардың назарларын жаңа сабаққа аудару;

 

                            ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау.

Тест сұрақтары.

  1. Қағаздағы кескінді түсіріп алып, экранға шығаратын құрылғы.

А) принтер;               Б) монитор;              В) Сканер;

  1. Ақпараттарды зерттейтін құрылғы.

А) процессор;              Б) Информатика;        В) Информация;

  1. Кесте құру үшін қандай командаларды орындаймыз?

А) Таблица/ Вставить таблицу / Формат;

Б) Таблица/ Вставить таблицу;

В) Таблица/ Вставить/ Рисунок;

  1. Жол санын көбейту үшін, қандай команданы орындаймыз?

А) Файл/Печать

Б) Таблица/  Объяденить ячейки

В) Таблица/ Добавить строки

  1. Жолдар мен бағандар қиылысып нені құрайд

А) Қапшық;             Б) Кесте;                  В) Ұяшық;

  1. Беттерді нөмірлеу үшін, қандай әрекетті орындаймыз?

А) Вставка/Номера страниц

Б) Вставка/ Отменить;

В) Формат/ Номера страниц

  1. Мәтіндік құжатқа графикалық кескіндерді кірістіру үшін, қай әрекетті орындаймыз?

А) Вставка/ Рисунок;

Б) Формат/ Рисунок / Картинки;

В) Вставка / Рисунок/ Картинки;

  1. Ұяшықтарды біріктіргенде нәтижесі өздеріңе ұнамаса, онда қандай команда орындаймыз?

А) Таблица / Удалить строки;

Б) Таблица/ Удалить столбцы;

В) Правка/ Отменить объединение ячеек.

  1. Мәзір орысша қалай аталады?

А) папка;              Б) Меню;          В) Документы;

  1. Құжатты сақтау үшін, қандай әрекет орындаймыз.

А) Файл/ Сохранить как;

Б) Файл/ Открыть/ Сохранить;

В) Файл/ Сохранить;

 

                               ІІІ. Жаңа сабақ.

Жоспар: Деректерді кестелік түрде ұсыну.

Электрондық кестелер.

Деректердің типтері.

Формула жазу ережесі.

Кестелік есептеуді компьютерде өңдеу технологиясы.

 

Кәсіби жұмыста мәліметтерді кесте түрінде беру қажеттілігі жиі кездеседі. Мыс: Еңбекақыны есептеу тізімдемесі, смета құру, сатылған өнім туралы есеп беру және т.б.

Кестелік есептеу үшін олар бойынша есептеу жүргізілетін қарапайым формула мен есептеуге қатысты бастапқы деректері болуы тән.

Мынандай мысал келтірейік. Оқу жылының аяғында мектептеріңде жөндеу жұмысын жүргізуде қаржы табу мақсатымен жәрменке өткізу туралы шешім қабылдаңдар, оны ұйымдастырудың дайындығына кірістіңдер және бұл жұмыстан 10 мың тенге табыс табуды жоспарлаңдар.

Жәрмеңкеде оқушылардың еңбек сабағында жасаған тағамдары мен бұйымдары сатылатын болды.

Тәтті тоқаштың біреуі-10 тг

Самсаның бдіреуі-10 тг

Шырынның бір стаканы-10 тг

Ет,нан турайтын тақтайша-50 тг

Еден жуғыштың біреуі-100 тг

Орындықтың біреуі-200 тг                                бағаланды.

 

Нәтижесінде мынандай кесте құрылады.

Жәрмеңкеден түскен түсімдер.

       Тауар    Саны Бағасы Жалпы сомасы
Тәтті тоқаш 130 10 1300
Самса 130 10 1300
Шырын 140 10 1400
Тақтайша 50 50 2500
Еден жуғыш 15 100 1500
Орындық 10 200 2000
Барлығы: 10.000

 

Кестеде тек бір ғана жол болуы да мүмкін, мұгндай кестені сызықтық кесте деп атайды.

Бірнеше жолдардан тұратын кестені Тіктөртбұрышты кесте деп атаймыз.

   Кесте- ақпараттық жолдар мен бағандарда реттеліп берілуі.

   Жол- көршілес ұяшықтардың көлденең бірлестігі.

   Баған- көршілес ұяшықтардың тік бірлестігі.

Бағандар мен жолдар қиылысып ұяшықтар түзеді.

Ұяшық- дерек салатын орын.

 

Электрондық кестелер.

Қазіргі компьютерлерде Microsoft Excel кестелік процессоры кеңінен таралған.

Электрондық кесте (ЭК) –ұяшықтарында деректер (мәтіндер, сандар, формулалар) жазылған кәдімгі кестенің компьютерлік бейнесі.

   Кестенің электрондық бейнесі- Графалар(бағандар) алфавит әріптерімен белгіленеді және бағандар деп аталады, ал жолджар  сандармен белгіленеді. Көптеген ЭК-де бағандары «А»-дан «Z»-ке дейінгі латын әріптерімен белгіленеді.

                    

                                   Деректердің типтері.

ЭК мәндер мынандай типтерде: Мәтіндік, сандық, формулалар, датасын және уақытын көрсететін болуы мүмкін. Кейбір кестелік процессорларда үтірдің басталуы орнына нүкте қойылады (978.326)

Қазіргі кестелік процессорларда  дата мен уақыт жұмыс істей алады. Дата мен уақытты бір ұяшыққа көрсетуге болады, онда оларды бос орынмен бөлу керек.

13/11/04                 15:23

Электрондық кесте ұяшықтарына деректерді ғана емес, құрамдас функцияларды және формулаларды де енгізуге болады.

Формулаларды математикалық және салыстыру операторларын қолдануға болады. 1 математикалық операторлар

2 салыстыру операторлар

 

Формула жазу ережесі.

 

    Электрондық кестедегі формула деп есептеу үшін, қолданылатын кәдімгі математикалық өрнектерді айтамыз. Д2/Д7 блогын есептеу үшін, ұяшықтар блогын қосқан кезде мысалы: Д2+Д3+Д4+Д5+Д6+Д7 формуласының орнына =СУММ (Д2/Д7) енгізуге болады.

Формула, математикалық, статистикалық қаржылық, логикалық және басқа болып бөлінеді.

Бірнеше статиститкалық СРЗНАЧ, МИН, МАКС және СУММ  функцияларын қарастырайық.

СРЗНАЧ функциясы бірқатар мәндердің арифметикалық ортасын есептейді. Ол үшін мына түрде жазылады.

= СРЗНАЧ (1-мән, 2-мән, 3-мән…. соңғы мән) Мыс: =СРЗНАЧ (1300; 1300;1400; 2500; 1500; 2000) өрнегі  1666,6667 деген нәтиже береді. Сол сияқты  = СРЗНАЧ (Д2; Д7) өрнегі Д2;Д7 ұяшықтарында сақталған сандардың орта мәнін есептейді.

 

Кестелік есептеуді компьютерде өңдеу технологиясы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

IV.Сабақты қорытындылау.

  1. Кесте, жол, баған, ұяшық сөздеріне түсінік бер.
  2. Қандай кесте төртбұрышты деп аталады?
  3. Электрондық кесте дегеніміз не?
  4. Электрондық кестені қандай мақсаттарда қолдануға болады?
  5. Электрондық кестедегі формула деп нені атаймыз?

 

 

 

  1. V. Үйге тапсырма

Компьютердегі электрондық кестелерді есептеу тақырыбын оқып келу.

  1. VI. Бағалау, мадақтау.