Иса Байзақов «Құралай сұлу» поэмасы 7 сынып

232

Тақырыбы:    Иса Байзақов  «Құралай сұлу»  поэмасы  7 сынып

Пән мұғалімі:      Г. Б. Шалдыбаева — І санатты қазақ тілі мен

әдебиеті пәні   мұғалімі

  Сабақтың міндеттері:

—  шығарманың идеялық-тақырыптық мәнін

меңгерту және рухани-мәдени құндылықтар жөнінде пікір алмасуға үйрету;

— оқушылардың әдеби-теориялық білімдерін тереңдетіп, шығарманың

мазмұндық, жанрлық, стильдік ерекшеліктерін таныту;

— шығарманың тақырыптық-идеялық мәнін және көркемдік-бейнелілік

құрылымын талдай білуге үйрету;

— оқушыларды бейнелі ойлау мен шығармашылық қиялдауды, оқырмандық

мәдениет пен авторлық ұстанымды түсінуге баулу;

— көркем шығарманың мазмұнын анықтай алуын, ауызша және жазбаша

түрде өз түсініктерін жеткізе біліп, қазақ әдеби тілін, сөздік қор мен сөз

байлығын сауатты пайдалануға баулу;

—  білім мен іскерлік дағдыларды меңгерту,

өздігінен жұмыс істеуге бағытталған шығармашылық қабілетін жетілдіру,

оларды тәжірибеде қолдана білуге үйрету;

— өнердің басқа түрлерінің ішіндегі әдебиеттің өзіндік ерекшеліктері

туралы түсініктерін тереңдету.

                 Сабақтың жалпы жоспары:

1.Ұйымдастыру кезеңі  4 минут

  1. Ой қозғау кезеңі 6 минут
  2. Мағынаны тану 25 минут
  3. Ой толғаныс кезеңі 5 минут
  4. Бағалау кезеңі 5 минут

 

Сыныбы: 7

 

 

Пәні: Қазақ әдебиеті Күні: 14.03.2014
Сабақтың тақырыбы

 

 

Иса Байзақов  «Құралай сұлу»  поэмасы

Сабақтың мақсаты Поэма  тақырыбына байланысты проблемалық жағдайлар туғыза отырып, оқушылардың тақырыпты өзі ашатындай бағыт беру. Оқушылардың ойлау, тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастыру. Бұрыннан бар ұғымдарын топтастырып, кеңейту, нақтылау, тереңдете түсу. Ой қорытындысын жасай білуге жаттықтыру.
Күтілетін нәтиже 1. Поэманың мазмұнын меңгереді.

2 .Кейіпкерлеріне мінездеме береді.

3.Композициялық жоспар жасайды.

4.Поэманың тақырыбы, идеясы, тілі туралы өзіндік пікір қалыптастырады.

5.Шығарманы бағалай  алады.

 

Түйінді идея Сұрақтардыдұрысқұрастырабілу–оқушылардытереңойлауғажетелейді.

 

Сілтеме Презентация .Электрондыоқулық.Бағалаупарағы. Оқулық.

 

Бірлескен

жұмысқа

негізделгентәсіл

Мұғалімніңіс-әрекеттері Оқушыныңіс-әрекеттері Уақыт

 

Сергіту

сәті

    Жағымды психологиялық ахуал тудыру мақсатында жаттығу жасату.

 

Қозғалыс 2 м
Топқабөлу Суреттерарқылыбөлінеді Топболыпотырады 2 м
Тапсырма 1

 

ІІ. «Ой қозғау»

Ақын өмірі мен шығармашылығы туралы толық мәлімет алдық па?

Поэма дегеніміз не?

Қандай поэмаларды білеміз?

Ақынның шығармасы несімен ерекшеленеді деп ойлайсыздар?

 

Оқулықтағы  тақырыпты  оқып  шығу. Проблеманы тұжырымдау  керек. Топ болып талқылайды. Бір-біріне сұрақтар қояды. Ізденіс жұмыстарын талдайды.

 

6 м
Тапсырма 2 ІІІ. Мағынаны тану.

«Рольдегі оқушылар» әдісі

Баяндаушы топ

І топ: Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы ой қозғайды, постер жасап , қорғайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Талдаушы топ

ІІ топ: «Құралай сұлу» поэмасының тақырыбы, идеясы, ерекшелігі туралы ой қозғап, шығармаға композициялық жоспар жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сипаттаушы топ

ІІІ топ: Кейіпкерлеріне тоқталу, мінездеме беру, іс-әрекеттеріне талдау жасау.

 

 

 

 

 

 

 

 

Жас әдебиетшілер  тобы

IV топ: Шығарманың ерекшелігі, өздеріне ұнаған тұстары туралы әңгімелеу. Өздері ақынның орнында болған жағдайда шығарманы қалай аяқтауға болатыны туралы ой қозғау.

Топ болып жұмыс жасайды. Әр оқушының пікірін, идеясын тыңдайды, қажет деп шешкендерін жазады. Әр оқушы өзінің  не істегендерін айтып шығады.

І топ: Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы ой қозғайды, постер жасап , қорғайды.

Иса Байзақов 1900 жылы  3- қазанда Павлодар облысы  Ертіс ауданы Үлгілі ауылында дүниеге келген.  Исаның әкесі  Байзақ та, анасы  Ғазиза да әнші, сауықшыл, өнерге жақын адамдар болған.

9 жасында шешесі қайтыс болып, әжесі Жанбаланың бауырында өседі. Нағашы  ағасы  Рахмет оған домбыра тартып, ән салуды үйретеді.Ол кішкентайынан «Домбырашы бала», «Әнші Иса » атанады.

1924 жылы алғашқы өлеңдері жарияланған.  1926 жылы  Қызылордада  тұңғыш ұлттық театр ашылғанда Ә.Қашаубаев,Қ.Қуанышбаев, Қ.Жандарбеков, С.Қожамқұлов,Е.Өмірзақов,т.б. әртістермен  бірге жаңа театрдың негізін қалаушылардың  бірі  болды.  Алғаш М.Әуезовтің «Еңлік-Кебегі»мен «Бәйбіше-тоқалында» басты  рөлдерде ойнаған.

«Біржан-Сарада» Біржан  рөлінде ойнап, ақындық, әншілік, домбырашылық өнерімен жұртты  ерекше сүйсіндірген.

Атақты «Гәкку» әні әншінің орындауымен ешбір өңдеусіз «Қыз Жібек «операсына енді.  Радиода, филормонияда, Жазушылар Одағында қызмет етті.

Иса әйгілі «Құралай сұлу» дастанын  шығарған.

Ұлы Отан соғысы жылдарында Оңтүстік Қазақстан облыстарында ел аралап,үгітшілік қызмет атқарған. Әкесі — Байзақ, әжесі — Жанбала, анасы — Ғазиза.                                                               Әнші

Ақын

Актер

Күйші                                                                                    Домбырашы

Сазгер

ІІ топ: 

Басқа туындыларына шашырамай-ақ, тек осы «Құралай сұлу» поэмасын сүзіп шыққанның өзінде-ақ өлі сөзге жан бітіре сөйлету мен тілдің өзін тірі тіршілікпен астастыра, ұластыра жырлаудың асқан үлгілерін көреміз.

Ел жайлап отырған Шу өзенінің екі жақ алабы мен көл маңының көркін айна-қатесіз көз алдыңызға келтіріп, сөзбен сурет салады.

Өзеннің екі жағы қамысты көл,

Жайылып екі тарап болады  сел.

Шаңқанда шағалалы құстар ұшып,

Шуылдап сұқсыр қонған суға түсіп.

Қызғыш-қызық, шәуілдек жағын безеп,

Аққу, қаз сұңқылдайды үнін қосып.

Ғажап емес пе, тіпті ешқандай талдама, түсініктемесіз-ақ әрі қарай оқи бергің келеді.

     Шығарманың композициялық құрылысы

   Шығарма композициясы    Дәлелдеме
1 Оқиғаның басталуы Эпилог. Монтай бидің бір перзентке зар болуы.
2 Оқиғаның байланысы Армансыз адам туралы ойлану , оны көруге

деген құштарлығы, іздеп баруы.

3 Оқиғаның дамуы Армансыз Келден байға жолығуы.
4 Оқиғаның шиеленісуі  Келден байдың да арманы болуы. ішкі күйініші.

Оның әңгімесі.

5 Оқиғаның шарықтау шегі Құралай сұлу трагедиясы
6  Оқиғаның шешілуі  Монтай би мен Келден байдың түсінісуі.

Армансыз адамның өмірде болмайтынын

Монтай бидің түсінуі.

 

  ІІІ топ:  

Негізгі кейіпкерлері:

Монтай би.

Келден бай.

Құралай сұлу.

Құралай сұлудың анасы.

Қалмақтардың ханы  Сейқын.

Сейқынның үлкен ұлы Дауыл батыр.

И.Байзақов портрет жасауда да қазақ сөзінің қаймағын тергіштеп  қана  қоймай, оны әсемдік пен әдемілік әлемінің  жиһаздарындай  етіп  құлпыртып, құбылтып жібереді. Құралайдың  сұлулығын  «Жерде туып, көкте күнге нұрын қосқан»  ғажайып құбылыс іспетті толғайды.

Екі бет уылжып тұр қаны тамып,

Ақ жүзінде өмірдің шамы жанып,

Жас баланың аузындай кішкене аузын,

Қызыл ерні сүйіп тұр құмарланып.

Жұп-жұмыр үлбіреген алма мойын,

Ақылдан орнатқандай өлшеу алып.

Білегі аппақ арай, ақ жамбыдай,

Сұлулық есі кетіп тұр, таң қалып.

IV топ:

Шығарманың ерекшелігі, өздеріне ұнаған тұстары туралы әңгімелеу. Өздері ақынның орнында болған жағдайда шығарманы қалай аяқтауға болатыны туралы ой қозғау.

Топта талқылап, өз ойларын ортаға салады.

 

 

25

мин

Тапсырма 3  Формативті бағалау Өздері бағалайды. Белгілер арқылы 1 м
Тапсырма 4 Ой толғаныс

Топтық тапсырма

Тақырып бойынша тұжырым жасау.

Бес жолды өлең

 

 

 

Әр топ басшысы қорғайды

5

м

Бағалау Бағалаукритерийі

1.Мазмұнын біледі.

2. Шығарманың идеясын түсінеді түсінеді.

3.Кейіпкерлеріне іс-әрекетіне қарай талдау жасай алады.

4. Өзіндік ой қорыта алады.

5.Бүгінгі өмірмен байланыстыра алады.

 

 Мен өзімді қалай бағалаймын?   5

м