Әбдірахман Асылбеков «Үйрену»

92

Сабақтың тақырыбы:Әбдірахман Асылбеков «Үйрену»

Сабақтың мақсаты: А) Өлеңдегі негізгі ойды тауып ашу,өз сөзімен жеткізе біліуге үйрету.Оқушыларды байланыстырып,сөйлей білуге баулу.

Ә) Әртүрлі тапсырмалар орындай отырып оқушылырдың ой-өрістерін дамыту, шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Б) Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі:СТО технологиясының элементтері

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың көрнекілігі: суреттер слайд,

Формасы: топтық

Пәнаралық байланыс:музыка,қазақ тілі, бейнелеу.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру бөлімі: 1.Психологиялық дайындық

2.Сабақтың мақсатын айту.(Оқушылардың көңілдерін сабаққа аударып, сабаққа қажетті заттарды даярлау.)

Қайталау- оқу анасы

*Үй тапсырмасын сұрау

  1. Қызығушылығын ояту «Бәйге» сұрақтары

*Қазақ тілінде неше септік бар, ата?

* Есім сөздер дегеніміз не?

*Қазақ тілінде неше жалғау бар? Ата

*Сөз құрамы неден тұрады?

*Мәтіннің қандай түрлерін білесіңдер?

*Наурыз сөзіне фонетикалық талдау жаса

Жаңа сабақ

  1. «Үйрену» тақырыбына байланысты ертегі әңгіме

Ерте, ерте, ертеде

Әлде одан ерте ме

Ежелгі адамадар өмір сүрген заман еді. Адамдардың өмірі жануарлардың өміріне ұқсас өмір сүрген екен. Бірақ, бірте-бірте адам өмірі жақсара түседі: олар отты қолдануды үйренеді, бір-бірімен тілдесіп, сөйлеседі, жабайы аңдарды қолға үйретеді. Қоршаған ортаны сезім мүшелері арқылы таниды. (кішкентай баламен салыстыру). Көру, есту, иіс сезу, дәм сезу, сипап сезу… Бірақ адамдар  жануарлардың адамға қарағанда сезім мүшелерінің жақсы дамығанын байқайды да осы артықшылықтарын қолданады. Мысалы: қабан, шошқалардың азу тістері өткір екенін байқап, өздеріне осындай жасап алуды шешеді. Пышақ, найза т.б. осындай қарулар ойлап табады. Осындай тапқыш адамдардың бақылау байқағыш қасиеттері жақсы дамығандықтан табиғат құбылыстарына да әуес болған. Тастың, оттың жанында көп тұрса, онда ол — .. не болады?

  • Дұрыс айтасыңдар, қатты қызады және жылуды көпке дейін сақтап тұрады. Осыған қарап тапқыштар, үңгірге ошақ дайындаған, жан-жағына тастар қойып от жаққан. Қазіргі пеш-каминдер осылай шыққан.

Тікенекті өсімдіктердің тікендері бататынынан барлығымыз білеміз, осыған қарап садақ, найза, ине, балық аулайтын ілгектер тапқан.

  • Ендеше, Әбдірахман Асылбековтың «Үйрену» өлеңімен танысамыз

2.Мағынаны тану

Автор туралы мәлімет (слайд бойынша қысқаша тоқталу)

 

1938 жылы туған. Ақын, аудармашы

Оқулықпен жұмыс

  • Мұғалімнің өлеңді мәнерлеп оқуы
  • Оқушылардың оқулары: іштей, дауыстап, тізбектей

«Бізде, кәне, кім тапқыр»

 

1-топ                                           2-топ                                      3-топ

Инелік, аққұман                 Балық, паравоз                      Керік, қырау

Дәптермен жұмыс: — (Түртіп алу)

Неге қарап нені жасаған?

Ойын: «Ізден, тап»

-Құстарға қарап не ойлап тапқан? (Ұшақ)

— Бақбақ гүлін барлығымыз білеміз. Осы гүл неліктен балаларға ұнайды? Оны үргенді ұнатамыз. Егер ақ бақбақ гүлін үрсе не болады? (Жан-жаққа ұшады)

Осыған қарап не ойлап тапқан? (Парашют)

  • Мыны гүлге ьқарап не ойлап тапқан? (қоңырау)
  • Құмырсқа илеуіне қарап не ойлап тапқан? (көп қабатты үйлер)
  • Балық қабыршағына қарап не ойлап тапқан? (үй шатыры)
  • Жаңбыр жауғанда не ойлап тапқан? (қол шатыр)

Қорытындылау:

  1. Өзің не ойлап тапқың келеді? Ойланып, қиялдап көр
  2. Әбдірахман Асылбековтың «Үйрену» өлеңінің негізгі ойы не?
  3. Осының бәрі адамның байқағыштық, бақылау, салыстыру қасиеттерінің арқасында арман-қиялдарынан туған туындылар

– Осындай адамдарды қалай атауға болады? (өнерлі, шебер, он саусақ т.б)

  • Ойын: «Арман , тілек жазайық»
  • Оқушылар армандарын қағаз бетіне жазып, плакатқа ілу

Ой түйін. «Балық қаңқасы»

Үйге тапсырма беру:

  • «Үйрену» өлеңін жаттап алу.
  • Өзің не ойлап тапқың келеді?
  • Эссе жазу

Бағалау. Оқушыларды бағалап өту

 

 

 

 

 

 

 

№ 3 орта мектеп

 

 

 

 

 

 

 

 

Ашық сабақ:

«Үйрену»

Ә.Асылбеков.

 

 

 

 

 

Өткізген: бастауыш сынып мұғалімі

Г.Ұ.Дәуітова

 

 

 

 

2013-2014 оқу жылы