Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя»романының үзіндісіндегі ұлттық тәрбие, өнеге халық даналығы.

Күні :15.02.2013

Сыныбы:8 «г»

Пәні:Қазақ әдебиеті

Мұғалімі:Сабырова Ж

Сабақтың тақырыбы: Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя»романының

үзіндісіндегі ұлттық тәрбие, өнеге халық   дана-

лығы.

Сабақтың мақсаты:  а) білімділік: Бауыржан Момышұлы ұлылығын

терең сезіну, қайталанбас азамат тұлғасынан

үлгі алу,Бауыржан шыншылдығының дәрежесінің

адамгершілік  кемелдігіне  тоқталу.

ә)дамытушылық:Топпен жұмыс негізінде

оқушының ойлау қабілетін дамыту, өз ойын

тұжырымдауға және басқалардың пікірін

сыйлауға үйрету.

б)тәрбиелік: Ұлттық тәлім-тәрбие ,өнеге, салт-

дәстүрді , отанды сүйетін ұлтжанды,парасатты,

сезімтал ұрпақ тәрбиелеу.

Типі:Білім мен дағды, іскерлікті қолдану.

Әдісі: «Әдеби үйірмелер», «Автор орындығы», РАФТ стратегиясы,

«Эссе» суретпен жұмыс,әңгімелеу, талдау

Көрнекілігі:Портрет, слайдтар, сурет,қанатты сөздер.

Пәнаралық байланыс: сурет, әдеп, тарих.

Сабақтың жүру барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды түгендеу

2.Үйге берілген тапсырманы сұрап ,бекіту

А) Бауыржан Момышұлы өмірі , шығармашылығы «Ұшқан ұя» романының  жалпы мазмұны, кейіпкерлері туралы ізденіп мәліметтер дайындау жұмыстары берілген болатын.

Жаңа сабақ

Қызығушылықты ояту

Бейнеклип « Қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері»

Мұғалім сөзі:

Кіріспе: Оқушылар мына бейнеклипте  нені тамашаладық?

Қазақтың  аулы. Ата-әжелер жиналып , шілдехана тойын тойлап жатыр.Ауыл ақсақалдары  бата беріп жатыр…

Ендеше, бүгінгі сабағымыздың мақсаты,  өткен сабақтағы  танысқан  Б.Момышұлының  «Ұшқан ұя»үзіндісіндегі  ұлттық тәрбие, Бауыржан өткен  даналық мектебі  туралы сөз етеміз.

Мұғалім: Көзінің тірісінде -ақ   аты аңызға айналған  Бауыржан Момышұлы   туралы не білеміз?

Рас , жау жүрек  батыр, даңқты қолбасшы, қарымды  қаламгер.

Әрине ,қазақ топырағында  батыр да, қолбасшы да, қаламгер де аз болмаған.бірақ  олардың  ешбірінің  даңқы  алты алашты  әріге асып көрген емес. Ал, Бауыржан атамызды  төрткүл   дүние  халқы  түгел таныды, оның  қаһармандық қайсар тұлғасы мен адамзат  баласында  сирек кездесетін  озық ақыл-ойы , қарағайға  қарсы біткен  бұтақтай алабөтен  ірі мінезі естіген  жұртты  тегіс тәнті етті.

Ендеше, «Бауыржанды Бауыржан» еткен өмір мектебі  несімен  ерекше?

Бұл сауалдарға жауапты рөлдік ойын арқылы көрсетейік.

РАФТ стратегиясы

Мысалы:

Р-Момыш

А- ХХ! Ғасыр ұрпағына

Ф-өсиет

Т-Отан сүйгіш ұл бол!

Сіздерге алдын –ала үйге өткен сабағымыздағы тақырыптар бойынша  тереңдеп зерттеу тапсырмалары берілген болатын , соған орай келесі сөзді  баяндау үшін   «Автор орындығына» шақырамыз.

Баяндау:

1 Қаһарман батыр- Бауыржан(өмірі туралы)

2.Жазушының  шығармалары, еңбектері

  1. «Ұшқан ұя» Үзіндісі туралы

Зерттеушілер:   Бауыржан қандай тұлға?

Батырдың тегі туралы білеміз бе?

Ұрпақтары кімдер?

 

Сұрақтар   құрастырушылар: 5 сұрақ беріледі.

5 жауап беріледі.

Сілтемелер табушы: «Ұшқан ұядағы» рухани байлық : мақал-

мәтелдер, бата сөздер, ұлттық салт-дәстүрлер,

ұлттық тәлім-тәрбие туралы ой қозғау.

Бейнелеуші- суреттеуші: «Менің қиялымдағы- Бауыржан»

Сурет салу, суретпен жұмыс

Дәнекер- жазушы     Эссе  « Ел болам десең ,бесігіңді түзе»

Мұғалімнің  қорытынды сөзі:

«Ақ жүрек болып жолдасың,

адалдық сені қолдасын.

Жақсылық үшін тіресең,

жаныңды арың қорғасын.

 

Арынды болсын шабысың,

алымды болсын табысың,

Найзадай  болсын намысың,

Ер жігітке  бәрі сын

Қиындық көрсең, мұқалма,

ауырлық көрсең, жұқарма.

Қамқоршы бол кішіге,

үлкенді үлгі тұт алға!»-деп айтқан бабалар сөзін болашақ өмірімізге өнеге тұтып жүретін еліміздің отансүйгіш

азаматтары сендерсіңдер , жас ұрпақ !

Бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                         Қ.И.Сәтбаев орта мектебі

 

 

 

 

                                              

           Ашық сабақ

 

Тақырыбы:Бауыржан Момышұлы    

       «Ұшқан ұя» романынан үзінді

.

 

 

 

 

 

Қазақ тілі мен әдебиет пәні

мұғалімі: Сабырова.Ж.

Сыныбы: 12 жылдық білім беретін

мектептің байқау сыныбы 8 «г»

Пәні: Қазақ әдебиеті

 

 

 

Атырау-2012ж