А.Құнанбайұлы. “Ескендір”дастаны

62

Шығыс Қазақстан облысы

Курчатов қаласы

«№ 1 жалпы білім беретін орта мектеп» ММ

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Кульбекова Айгуль Аблаевна

 

 

Тақырыбы: А.Құнанбайұлы.        “Ескендір”дастаны

 

Білімділік мақсаты: Оқушыларға Абай шығармаларының ішінде поэмаларының алатын орны және олардың тақырыптары жайлы білімдерін   толықтыру. «Ескендір» поэмасын оқыта отырып, басты кейіпкердің тарихи тұлға екендігіне  көз жеткізу. Поэмадағы Ескендір  — Александр Македонский өз заманында қанішер қатыгездігімен аты шыққан тұлға болғанын тарихи деректер арқылы түсіндіру.

Дамытушылық мақсаты: Оқушыларды өз ойын сауатты жеткізе білу дағдыларын жетілдіру. Кейіпкерлердің әрекеттері арқылы жақсылық пен жамандықты айыра білуге, олардың әрекеттеріне баға беріп, талдау  дағдыларын дамыту. Білімділік танымдарын, жалпы дүниетанымдарын дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды Абай поэзиясының идеясын түсіндіре отырып, адамгершілікке, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.  Өз халқының мәдени және тарихи мұрасын құрметтеуге, сақтауға және сол арқылы патриоттық сезімдерін жетілдіруге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа  сабақ

Сабақтың әдісі: топпен жұмыс,сұрақ-жауап,іздену,салыстыру.

Пәнаралық байланыс: тарих,этнография,музыка.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру.

II.Үй тапсырмасын тексеру.

Экраннан слайдтар арқылы ұлы ақынның өміріне, шығармашылығына шолу.

I топ  “Ақыл”

II топ “Қайрат”

III топ“Жүрек”

Әр топқа жеке-жеке тапсырма беріліп,  оқушылардың білімін бағалау.

Тапсырмалар:

І.Абайдың өлеңдерінен үзінділерді мәнерлеп жатқа оқу.

 

ІІ.Берілген үзінділер ақынның қай шығармаларынан алынған?

1.Жоқ,болмаса, не қылып өткізгеніңді өзің білмей қалыпсың?

2.Естілердің  айтқан сөздерін ескеріп, кісі өзі де есті болады.

3.Тегінде адам баласы

Жақынын жалға міндейді.

Ол-арсыздық белгісі.

4.Бұл сөзді тасыр ұқпас, талапты ұғар. Адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрсемен озады.

5.Өзін-өзі күндейді,

Көңілімнің көзі ашық,сергек үшін.

  1. Оқалы тон тола ма

Ар-ұятын сақтағанға?!

7.Қайнайды қаның,

Ашиды жаның,

Мінездерін көргенде.

  1. Өткірдің жүзі,

Кестенің  бізі.

Өрнегін сендей сала алмас.

  1. Естілген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі көкірегі байлаулы берік болмақ керек;

Жауаптары:

  1. Он бесінші қара сөзі.
  2. Он тоғызыншы қара сөзі
  3. Он сегізінші қара сөзі
  4. Сабырсыз,арсыз,еріншек.
  5. Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін
  6. Мәз болады болысың
  7. Сегіз аяқ
  8. Сегіз аяқ
  9. Отыз бірінші сөз

III. Жаңа сабақты түсіндіру.

  • Мұғалімнің кіріспе сөзі. “Ескендір”дастаны туралы түсіндірмесі

Поэмадағы Ескендір тарихта болған атақты Александр Македонский патша екенін білеміз. Ол — өз заманында бүкіл әлемді жаулап алуды мақсат еткен қанішер патшалардың бірі. Абай Александр Македонский туралы орыс әдебиетін оқу  арқылы танысып, оны қазақшалап отырып, дастан жазады. Ұлы Абай  поэмада  Ескендірдің    зұлымдығын, қатыгездігін айта келе, оны тоқтатын  бір күш іздейді. Ол күш  — ұлы ғұлама Аристотель.

  • Поэманы оқып талдау. Сұрақ-жауап әдісі.

А).Поэманы талдау. Оқулықтан  ақын  оқырманды Ескендірмен таныстыруын оқып, талдау.

(Бір оқушы оқиды).

Ә).Поэмада Ескендірдің қандай әрекеттері суреттеледі? (Топтар Ескендірдің жағымсыз әрекеттері туралы айтады).

Б). Ескендір қандай қақпаға келді және ол неге ашылмайды?

В) Қақпаға  кіре алмаған Ескендір не сұрайды?

Г). Ескендір сұраған сыйына не алды?

Д)  Ескендірдің  Аристотельмен кездесуі (оқулықтан іздеп, оқып, түсіндіру,

Аристотельдің ақылы).

IY .Ұжымдық жұмыс

1) Ескендір қандай адам? —  Ескендір  портретін жасау.

Мақтаншақ

тойымсыз
  1. Топтастыру стратегиясы. қатыгез

 

 

 

 

 

 

 

 

байлыққұмар

 

 

YI.Сабақты бекіту. Венн  диаграммасы.

 

Ескендір                         ортақ                               Аристотель

 

Тойымсыз

Қатыгез

Мақтаншақ

Патша

 

 

 

 

 

 

 

екеуі де атақты  тұлғалар

кемеңгер

Білімді

Ғалым

Кемеңгер

 

YII. Сахналық көрініс:

Кейіпкерлер:  Автор –Еренғайып Диана

Ескендір- Рахметолла Батыл

Аристотель –Тлеулинов Дидар

Күзетші- Ахметқанафия Аргынбеков

YIII. Сабақты қорытындылау.

 

  1. Үйге тапсырма: “Ескендір ”дастанынан Аристотельдің сөзін жаттау.

X.Бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сәлеметсіздер ме?

Мен сіздердің редакцияларыңызға хабарласқанмын. Сіздерге  қазақ әдебиеті пәнінен 9-сыныпта  «Ескендір» дастаны тақырыбы  бойынша өткізген ашық сабақтың  үлгі-жоспарын  жолдап отырмын.

Менің мекен-жайым:

ШҚО Курчатов қаласы

Алексеенко көшесі  2 үй 2 пәтер

Ү.т. 8722512360 ұялы тел. 87777932692

Күлбекова Айгүл  Аблайқызы